И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет155/167
Дата25.02.2022
өлшемі10,59 Mb.
#133346
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   167
Байланысты:
И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде

-қан), 
ортақ етісті 
(-с), 
болымсыздық (-ме), 
шарттылық 
(-се), 
3-жақтық (келді дегенде нольдік форма),
2-жақтық 
(-сың), 
1-жақтық (-м) мағынаны білдіріп тұр, соны- 
мен бірге түбір білдіретін қимылдық мағына жойылып кетпей 
сақталған. Егер түбір түлға білдіретін грамматикалық мағына 
ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға 
я сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз 
табын жасайтын сөз тудырушы көрсеткіші болғаны, сөйтіп, ол 
сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір 
тұлғасына ондай ғрамматикалық мағына тән болмағаны болып 
табылады. Ал, бұл жерде етістіктің шақтық, болымсыздық, 
шарттылық, жақтық, т. б. мағыналарды білдіретін тұлғалары 
түбір түлға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы 
көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін 
мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі 
арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, 
қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен 
қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі 
болғанмен, әр түрлі лексика-грамматикалық қаснеттері арқылы 
бір-бірінен 
ерекшеленетіні 
сияқты 
олар 
білдіретін 
грамматикалық мағына да, яғни, түбірде жалпы грамматикалық 
мағына да, қосымшада жеке грамматикалық мағына да, бір- 
бірінен ерекшелінеді. Түбір тұлға білдіретін мағына негізгі 
лексикалық мағынасынан туындап, жалпылануы арқылы сол 
сөзтабыныңсөзтабы ретінде қалыптасқаннан кейінгі орныққан, 
тұрақталған грамматикалық мағынасы, сондықтан ол мағына 
сөздің жеке тұрғандағы басынан байқала берсе, сөз табының 
тұлғалық мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа 
сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын 
және белгілі грамматикалық формалар арқылы берілетін 
мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалық 
көрсеткіштер арқылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму бары-
155


сында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып қалыптасқан 
я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым- 
қатынасының тұрақталуы нәтижесінде пайда болатын арнайы 
грамматикалық мағынаның көрсеткіші ретінде қалыптасқан 
формасыз (нольдік) форма болуы мүмкін. Сондықтан нольдік 
форманың мән-мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес, 
білдіретін мағынасы арқылы өзі енетін грамматикалық 
категорияның я парадигманың басқа түрлерімен салыстырыла, 
жіктеле қарастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы: 
атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын, түбір 
тұлғамен бір деп анықтау дұрыс емес екендігі жоғарыда айтыл- 
ды, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та 
еді, септік категориясының бір түрі болып есептелмес те еді. 
Атау септіктің арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, 
бір жағынан, оны түбір тұлғадан бөлек етіп танытатын, екінші 
жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде 
бірлікте түрып, іштей олардан саралануға негіз болатын 
субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақтық 
жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъект сияқты 
атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау 
септіктің бүл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде 
атау 
түлғада 
тұрып, 
бастауыш 
қызметін 
атқарып, 
субстантивтенуінен айқын көрінеді. Дәл осы сияқты ол - инже- 
нер не ол оқиды дегендегі 3-жақ жіктік жалғауды, ол қатардағы
1-2-жақтар тұлғалары және мағыналарымен салыстыра қарап, 
сен оқы, сен сөйле дегендегі 2-жақ бұйрық рай түлғасын осы 
қатардағы 1 және 3-жақ тұлғалары және мағыналарымен, 
сондай-ақ сен деген сөзбен байланысқа түсуімен салыстыра 
қараудың нәтижесінде бұл түлғаны бұйрық райдың, жіктік 
жалғаудың нольдік формалары деп айта аламыз. Ойымыздың 
дұрыстығын көрсететін тілімізде тағы мынандай факт бар. Егер 
түбір түлға мен сөйлеу процесінде пайда болатын формасыз 
түлғаның арақатынасын, сондай-ақ грамматикалық форма мен
156


мағынаның сәйкестігін сыртқы түр ұқсастығы неғізінде ғана 
формальді түрде ғана айқындайтын болсақ, әрбір үқсас 
түлғалардың мағына ерекшеліктері мен қызметі өзгешелі ктері н 
ескермесек, олардың табиғатын дүрыс түсініп, сырын ашу 
мүмкін болмас та еді. Осыған орай етістік түбір мен 2-жақ 
бұйрық рай тұлғаларының сырт сәйкес келуін бір деп қарайтын 
болсақ, етістіктіңшақ, басқарай,т. б. түлғалардакездеспегенімен, 
болымсыз етістік, етіс, күшейткіш етістік түлғаларында 
кездесетін 2-жақбүйрықтүріменсәйкестіктікті қалайтүсіндірер 
едік? Яғни, кел, бар деген түбірлерге бүйрықтық 2:жақтық 
жекешелік мағына тән дейтін болсақ, ондай мағыналар кел-ме, 
бар-ма деғен болымсыз етістік түріне де, кел-тір, кел-гіз, бар- 
ғыз, кел-іс, бар-ыл, т. б. сияқты етістіктің етіс түріне де, кел- 
іңкіре, бар-ыңқыра тәрізді күшейтпелі етістік түріне де тән деп 
мойындауымыз керек, өйткені бүлар - етістіктің түбір түлғасы 
емес екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бүлардың барлығында 
да бізді адастырып жүрген жайт, біріншіден, етістік түбірі де, 
етістіктің етіс күшейтпелі етістік, болымсыз етістік түлғалары 
да, сырт жағынан бүйрық рай формасымен сәйкес келуі, соның 
нәтижесінде, екіншіден, етістік осы тұлғаларда айтылғанда, 
еріксіз ойымызда сен деген сөздің онымен байланысып тұруы 
болып тұр. Яғни кел, бар, келме, барғыз, т. б. сөздер айтылғанда, 
олар бірден ойымызда сен кел, сен бар, сен келме, сен барғыз 
конструкңиясы түрінде үғынылады да, түбіртұлғаның қасиетіне 
өзінде жоқ грамматикалық мағына үстелетін сияқты болып 
көрінеді. Ал бүл етістік түлғаларының сен деген сөзбен 
конструкциялық үлгіде келуі — ол сөздердің тек қана сөйлеу
процесіне түсу нәтижесі.
Сондай-ақ етістік түбірдің грамматикаларда көрсетіліп
жүрген бір ерекшелігі - олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бүйрық 
райдың 2-жағы -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет