Байланысты: И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде
§ 8. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІЖӘНЕ НОЛЬДІК ФОРМА Тілімізде белгілі бір грамматикалық (категориялық
грамматикалық) мағына белгілі бір грамматикалық форма —
түлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни грамматикалық мағына
мен грамматикалық форма (түлға) бір-бірімен тығыз байланы-
сты.
Сұрақ. Грамматикалық мағынаның грамматикалық фор-
мамен сәйкестігі дегенде әңгіме грамматикалық мағына
атаулының бәрі туралы бола ма, әлде оның бір түрі жайында
бола ма?
Жауап. Грамматикалық мағына мен грамматикалық
форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте категориялық
грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда
көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана ар-
найы грамматикалық форма арқылы беріледі.
Әрине, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма
бір-біріне сай келеді дегенде, сөздің құрамында ол екеуінің
саны да әрдайым бірдей болады деген қорытынды тумайды.
Кейде бір тұлғаның өзі бірнеше грамматикалық мағынаны
және керісінше бірнеше грамматикалық форма бір мағынаны
білдіріп те түрады. Мысалы,