И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет138/167
Дата25.02.2022
өлшемі10,59 Mb.
#133346
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   167
Байланысты:
И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде

Көрмесем 
де, 
көрсем 
де, Көңілім се- 
нен айрылмас (Абай). 
Қысым көрсеңдер
осында келіндер 
(С. Сейфуллин). Бұл тойға Ақан 
келсе
шығар үн де сонікі 
(Ғ. Мүсірепов). Сен болыс 
болмасаң, 
Базаралы келер ме еді? 
(М. Әуезов). Егер он бес мыңдай кісі 
жиналса, 
бірінші кезектің 
жер қазу жұмысын осы екі айда бітіріп кетуі мүмкін (С. 
Мұқанов). Бұл мысалдардағы 1-жақта (мен) десем, көрмесем, 
көрсем, 2-жақта (сен) болыс болмасаң, (сендер) қысым көрсеңдер,
137


3-жақта (ол) келсе, жиналса деген шартты рай тұлғалы етістіктер 
сөйлемнің (бағыныңқы сөйлемнің) баяндауышы болып, 
жіктеліп келсе де, тиянақсыз, аяқталмаған форма болып тұр. 
Осының өзінен шартты рай тұлғасы мен- көсемше тұлғасының
тиянақсыздық, оаяндауыш қызметінде аяқталмағандық сипа- 
ты бірдей, біркелкі емес екенін байқаймыз, көсемше тұлғасы 
жіктелсе, тиянақты сипатқа ие болады. Ал есімше тұлғасы - 
жеке тұрғанның өзінде-ақ тиянақты форма. Сондықтан есімше 
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарғанда, 
тиянақсыз формада (жатыс, көмектес, дықтан, т. б.) немесе шы- 
лау сөздермен тіркесіп жұмсалады.
Көсемше тұлғасының осындай ерекшелік қасиеті оның басқа 
да кейбір қолданыстарынан, әсіресе, бірыңғай мүшелердің,
көбінебірыңғайбаяндауыштардың,қолдануларынанбайқалады, 
яғни көсемше формалы етістік түрленбей-ақ (көбіне жіктелмей- 
ақ) етістіктің басқа тұлғаларымен, мысалы, есімше, жедел 
өткен шақ тұлғалы сөздермен бірыңғай мүше болып сөйлем 
ішінде қолданыла береді. Балтабек пен Асқар 
киініп, 
шығып 
кетті (С. Мұқанов). Ауыл жігіттері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет