І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


қосымшалар сияқты, екі тарау болады екен.  Қосымшалар



Pdf көрінісі
бет175/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
қосымшалар
сияқты, екі тарау болады екен. 
Қосымшалар
сияқты болғанда да, мұның 
тараулары дәл қосымшаның тарауларындай болады. Мұның да бірқатары өзі ерген 


түбірлі сөзіне тек мағына үстеу үшін ғана қосақталады екен де, енді бірқатары, 
оның үстіне өзін ерткен түбірлі сөзін басқа бір сөзбен байланыстыру, жалғастыру 
үшін жұмсалады екен. Сөйтіп, 
қосалқының 
атқаратын қызметі де дәл 
қосымшаның
қызметіндей болады екен. Сондықтан, мұның екі тарауына ат 
қойғанда да, мұндағы қосымшаның екі тарауына қойған атпен ұқсас ат қою керек 
болды. Үйткені, 
қосалқының
бірқатары атқаратын қызметтеріне қарай 
қосымшаның жалғаулары сияқты болады екен де, енді бірқатары қосымшаның 
үстеулері сияқты болады екен. Осы ұқсастық, осы жақындықты бұл категорияға 
қойылған аттардың – терминдердің де көрсетіп тұруы керек болды.
Біріне-бірі ұқсас категорияларды ұқсас аттармен атасақ, терминіміздің өзі тек 
өзінің нендей қызмет атқаратынын ғана көрсетіп қоймай, басқа категорияларға да 
қандай жақындығы, қандай алыстығы барын көрсете кететін болады. Сондықтан, 
қосалқының
жалғауға ұқсап, өзін ерткен сөзді басқа бір сөзбен жалғастыру үшін 
жұмсалатындарын, 
жалғауыш
деп, қосымшадағы үстеуге ұқсас, өзін ерткен сөзге 
тек мағына үстеп қана қоятындарын 
үстеуіш
деп атадық. 
Үстеуіш
пен 
жалғауыштың 
екеуі бір категорияның негіздері екендігін осы сөздердің өзінің 
формасы – аяғындағы 
уіш
деген буыны көрсетеді де, жалғауыштың жалғауға
үстеуіштің үстеуге жақын екендігін 
жалға, үсте
деген түбірлері көрсетеді. Егер біз 
жұрнақ
деген терминді өзгертпеген болсақ, бұл мүмкіншіліктердің бірі де болмас 
еді. Онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет