І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


 Қосарларды Байтұрсыновша таптастыру неге дұрыс емес?



Pdf көрінісі
бет177/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
2. Қосарларды Байтұрсыновша таптастыру неге дұрыс емес? 
 
Онан кейін, жаңа грамматиканың бұрынғы грамматикалардан бір өзгешелігі 
– қосар сөздерді жіктеуі, таптастыруында. Бұрын қосар сөзді екі-ақ түрлі деуші еді: 
бірінші, жалпылағыш қос сөздер (
аяқ-табақ, төсек-орын
сияқты); екінші, 
жалқылағыш қос сөздер (
белбеу, беторамал
сияқты).
Қосар сөздерді былайша таптастыру, бірінші, жеткіліксіз; екінші, дұрыс емес. 
Жеткіліксіздігі сол: қосар сөздердің беретін мағынасы жалғыз-ақ жалпылау я 
жалқылау емес. Екінші, сол жалпылағыш деп атап отырған қосар сөздердің өзінің 
құрылыс жағынан түрлері көп. Мысалы, анау, 
аяқ-табақ

төсек-орын
сияқтылар, 
біріне-бірі мағынасы жақын екі сөзден құралған түрлер; 
бала-шаға, қыз-қырқын
сияқтылар бірі түсінікті, бірі түсініксіз екі сөзден құралған түрлер; 
үлкен-кіші, 
алыс-жақын
сияқтылар біріне-бірі қарсы мәнді екі сөзден құралған түрлер т.т. 
Сөздің қосарланып айтылатынын баяндап тұрып, қандай элементтерден 
қосарланатынын айтпасақ, онда қосар сөзді әңгіме қылудың да қажеті жоқ. 
Грамматиканың мақсаты жалғыз-ақ сөздің қандай мағыналары болатындығын 
баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай мағыналар сәйкес келетінін баяндап, 
дұрысы, қандай мағына шығу үшін сөзді қалайша құрастыру керек екендігін 
баяндау. Сондықтан, құрастыру, құрылыс жағын елемейтін грамматика грамматика 
да болмақ емес. «Тіл құрал» қосар сөздерді баяндауда тек мағына жағын алды да, 
жалпылау мағынасы мен жалқылау мағынасын айырып берумен қанағаттанады. 
Ал, қалайша құрағанда жалпылау мағынасы шығады, қалай құрағанда жалқылау 
мағынасы шығады – ол жағын айтпайды.
Міне, осынысы жеткіліксіз. 
3. Қосар сөз бен кіріккен сөз 
 
Онан кейін, «Тіл құралдың» қосар сөздерді баяндауда бұрыс кеткен жері сол – 
қосар сөздер мен кіріккен сөздерді айырмайды. Кіріккен сөздер дегеніміз – бірімен-
бірі біте қайнап қосылып, ажырамастық күйге түскен қосарлар. Олар тек бірқатар 
сөздерде болады да, басқа сөздерден олардың қалпына салып жасай беруге 
болмайды. Мысалы, 
белбеу
деген кіріккен сөзде 
бау 
деген сөз 
беу 
формасына 
көшкен екен. Осы сияқтандырып, 
бау
сөзін 
беу
формасына салып, 
жел 
деген сөзге 
қосарлап, 
желбеу
деуге болмайды. Мұнда 
желбау
болады. 
Бел 
сөзіне 
қосақталғанда жарайтын форма дәл сол сияқты екінші сөзге
жел
сөзіне, 
қосақталғанда жарамай қалады. Немесе, 
кіші
деген сөз бен 
ғана 
деген қосалқы 
кірігіп барып 
кішкене
формасына түскен екен; енді осы сияқтандырып 
ғана
-ны 
үлкен 
деген сөзге қосақтап, 
кене
формасына саламыз десек, бұл оған көнбейді: 
үлкен кене
болмайды, 
ғана
қосалқысының 
кене
формасы 
кіші
деген сөзге 
жалғағанда жарайды да, 
үлкен
деген сөзге жарамайды. Олай болатын болса, 
кіріккен сөздердің құралысу амалы жалпы заңға айналған амал емес. Тек бірқатар 
сөздерге, кейде бір ғана сөзге жарайтын амал болып шығады. 


Грамматика жалпы амал болып, жалпы заң болып кеткен құбылыстарды 
қарайтын ғылым. Сондықтан, формалардың қайсысы жалпы заңға айналғанын, 
қайсысы тек белгілі орындарда ғана іске асатынын айыру грамматика үшін өте 
маңызды. Бұрын мұны ескермей, кіріккен сөз, қосар сөздердің бәрін бір қораға 
қамап, қос сөз деп атаған. Сондықтан, бұл мәселені баяндау да дұрыс шықпай, 
бұрыс шыққан. 
«Тіл құралын» жалқылағыш қос сөз деп отырғаны – тіпті, қос сөз емес. 
Бет 
орамал
деген екі сөзді қос дейтін болсақ, 
темір күрек, ағаш қасық, тас үй
деген 
сөздерді де қос сөз деп санау керек. Олай болғанда екі зат есім тіркесіп келіп, оның 
алдыңғысы соңғысына анықтауыш болып тұрса, оның бәрін қос сөз деу керек 
болады. Онда анықтауыш дегенді алып тастап, басқа бір сөзді анықтап тұрған сөзді 
синтаксисте өз алдына сөйлем мүшесі деп санамай, екеуін қосып бір сөз – қос сөз 
деп санау керек болып шығар еді. 
Тегінде, Байтұрсынов тілдегі синтаксис қарайтын нәрселер мен морфология 
қарайтын нәрселердің шегарасын аша алмаған. 
Бет орамал, темір күрек
сияқты 
бірі анықтауыш, бірі анықталушы болып тіркескен сөздерді синтаксис қарайды. 
Үйткені, бұларда бір сөз емес, бірнеше сөз болады. Әр сөз өз алдына сөйлем 
мүшесі бола алады. 
Бет
деген сөз сөйлемнің бір мүшесі – анықтауыш, 
орамал
деген сөйлемнің екінші мүшесі – анықтаушысы болады. Ал, 
белуар, ашудас, 
белбеу, қолғап
сияқты сөздердегі кірігіп кеткен жеке сөздер анадағыдай, өз алдына 
сөйлем мүшесі бола алмайды. 
Белбеу
деген қосынды, түгелімен тұрып, сөйлемде 
бір-ақ мүше бола алады. 
Белуар
дегендегі 
бел
бір мүше де, 
уар (буар)
бір мүше 
емес, екеуі қосылып барып, бір-ақ мүше бола алады. Сондықтан, мұндай, кіріккен 
сөздерді синтаксис қарамай, морфология қарайтын болады. 
Бұлар алғашқы әзірде синтаксис қарайтын тіркестер болып жүрген: 
қолғап
дегеннің 
қол
-ы бір мүше болып, 
ғап
-ы екінші мүше болып ұсталған. Бірақ, келе-
келе екеуі бірігіп, бір ғана нәрсенің аты болып кеткендіктен, 
қол
бір сөз, 
ғап
бір сөз 
болып саналудан қалып, екеуі бір сөз болып, бір сөз орнына жүріп кеткен. Сонан 
бері бұл 
белбеу, қолғап, белуар
сияқты сөздер синтаксис қарауынан шығып, 
морфология қарайтын тарауға түскен. Сондықтан, бұларды – 
қолғап
пен 
бет 
орамалды
, біріне-бірі қаншама ұқсас бола тұрса да, бірінен-бірін айыру керек 
болды. Жаңа грамматикада кіріккен сөздер, анау, темір күрек, тас үй деген сияқты 
тіркестерден де, мынау қосар сөздерден де ажыратылып, бөлек көрсетілген. 
Дұрысы да осы. 
Ал, қосар сөздерге келсек, бұлар да бір сөздер емес, бірнеше сөзден 
құралатын, сөйте тұрып-ақ бір сөз орнына жүретін сөздер. Сондықтан бұлар 
темір 
күрек, тас үй
сияқты, синтаксис қарайтын тіркестерден гөрі 
белуар, ашудас
сияқты 
кіріккен сөздерге жақынырақ. Үйткені, бұлардың екеуі де морфология қарайтын 
түрлер. Үйткені, бұлардың екеуі де, екі сөзден құрала тұрса да, бір сөз орнына 
жұмсалатын түрлер. Сөйте тұрып, бұл екеуінің арасында айырма да жоқ емес: 
кіріккен сөздер дегеніміз – заңды түрде кірікпей, әлдеқалай арасының жігі бітіп 
қалған қосындылар да, қосар сөздер дегеніміз – қолдан қосып, қолдан айыруға 
келетін, қосақталу түрі белгілі заңда негізделген формалар. 
Азды-көпті
деген – кіріккен сөз емес, қосар сөз. Үйткені, мұның екеуінің 
қосақталу негізі тек осы қосардың өз басында ғана емес, басқа, осыларға ұқсас 
сөздердің, екінші сөзбен айтқанда, сын есімнің бәріне жарайтын заң болып кеткен. 


Біріне-бірі қайшы мағыналы, не көрші мағыналы болып келетін екі сын есімді осы, 
азды-көптінің
формасына салып, 
ұзынды-қысқалы

қызылды-жасылды
сияқты 
қосақтай беруге болады. 
Азды-көпті
дегенде бар -
ды, -лы, -ты
қосымшаларын 
қосып, қайшы мәнді я көрші мәнді сын есімдердің бәрінен осындай қосар сөз 
жасай аламыз. Олай болса, бұлардың қосақталу негізіде белгілі бір заң бар. 
Ал, кіріккен сөздер олай емес, 
ашу
деген сөз бен 
тас
деген сөз қосылып, бір 
кіріккен сөз болып, мұнда 
тас
деген сөздің басындағы үнсіз дыбыс үндіге 
айналып, 
дас
түріне көшіпті. Осы ретпен басқа да кіріккен сөздер жасамақ болсақ, 
мысалы, 
ащы су, ащы шөп
деген мағынада 
ашу-зу, ашу-шөп
демек болсақ, оған 
келмейді. 
Белбеу
деген сөздің орнына салып, 
желбеу
дейміз десек, оған келмейді. 
Сонымен, кіріккен сөз дегеніміз – екі сөзден, не үш сөзден кірігіп барып, бір сөз 
орнына жүретін, бірақ қосақталу амалы заңды күйге түспеген қосындылар болып 
шығады да, қосар сөз дегеніміз – екі сөзден, не үш сөзден қосақталып барып, бір 
сөз орнына жүретін, оның үстіне, қосақталу амалы белгілі бір заңға негізделген 
қосындылар болып шығады. Сөйтіп, кіріккен сөздер дегеніміз – заңсыз қосынды, 
қосар сөздер дегеніміз – заңды қосынды болып шығады. Сондықтан, кіріккен 
сөздер өлі форма болып шығады да, қосар сөздер тірі форма, жанды форма болып 
шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет