І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет180/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
сармай
деген кіріккен сөз болып шығады. 
Біздің 
сым темір
деген сөзімізді татар тілінде 
тимір шыбық
дейді. Әрине, 
әуелде мұндағы 
тимір (темір)
деген сөз 
шыбықтың
ағаш шыбық емес, темірден 
жасалған екендігін көрсету үшін қосылған. Бірақ, бүгінде татардың 
тимір шыбық
дегендегі 
тимір
деген сөзі темір мағынасында емес. Өйткені, сымның қандай 
металдан жасалған екендігін ашып айтқысы келсе, татарлар: 
«бұсы бақыр тимір 
шыбық, бұсы тимір тимір шыбық»
деп айырады. 
Тимір шыбық
дегендегі темір өз 
мағынасында тұрған болса, бақырдан жасалған сымды бақыр шыбық дер еді де 
қояр еді. 
Тимір шыбық
деген сөзге бақыр деген сөзді әкеліп анықтауыш қоймас еді. 
Өйткені, бұл нәрсе әрі темір, әрі бақыр болуы мүмкін емес қой. 
Таяқты
не 
ағаш 
таяқ
деп, не 
темір таяқ
деп қана айта аламыз ғой, 
«бұл таяқ – ағаш темір таяқ»
деп айта аламыз ба? Оның үстіне, темір деген сөздің өзін екі қайтара айтып, 
темір 
темір шыбық
демес еді. 
Темір
деген сөзді мұндай екі қайтара айтып отырғаны екі 
темірдің біреуі темір мағынасынан айырылып қалғандықтан.
Осылай болып, екі сөзден, немесе үш сөзден құралған тіркестегі бір сөздің, 
не барлық сөздің мағынасы өзгеріп, бұрынғы мағынасынан шығысқан болса, ондай 
тіркестің бәрі жиналып, бір мағынаны көрсетеді де, бір-ақ сөз болады. Сондықтан, 
сөйлемде де бәрі жиналып барып бір-ақ мүше болады.
Үшінші, кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не екеуінің де 
формасы жай қалпындағыдан өзгеріп, басқа түрге түседі. Мысалы, 
ашудас

белбеу
т.т. 
Қолғап 
деген кіріккен сөздегі 
қап
деген сөздің басындағы 
қ
дыбысы алдыңғы 
сөздің соңғы сонар дыбысымен өзгеріп, үнденіп 
ғ
дыбысына айналған да 
ғап
түріне 
көшкен. Бірақ бұл – 
қап
сөзінің түрі өзгергендігінен емес. Қазақ тілінде 
қ, к, п
дыбыстарынан басталатын сөз өзінен бұрын келген сөздің соңғы дыбысының 
ықпалымен өзгеріп, басындағы 
қ
дыбысы 
ғ 
дыбысына, 
к
дыбысы 
г
дыбысына, 
п
дыбысы 
б
дыбысына немесе, мұның керісінше, 
б
дыбысы 
п
дыбысына айнала 
береді. Жазуда елемегенмен, айтуда біз 
алағап, қарагөл

ақпалық
деп сөйлейміз. 
Әрине, бұлар кіріккен сөздер емес. 
Қолғап
дегенде де 
қап
сөзіндегі 
қ
дыбысының 
ғ
-
ға айналып, 
ғап
болуы кіріккен сөз болғандығынан емес. Бұл кіріккен сөздерде де, 
кірікпеген сөздерде де бола беретін жалпы заң.
Ал, мына 
ашудас, белбеу
сияқты сөздерде 
тас
деген сөздің басындағы 
т 
дыбысы үнденіп, 
д
дыбысына айналушылығы немесе белбеу дегендегі бау дегеннің 


а
дыбысы 
е
дыбысына айналушылығы, бұл – қазақ тілінде бар заңдар емес, тек осы 
сөздерде ғана кездесіп қалатын заңсыз өзгеріс. 
Алатау
дегендегі, бұ да кіріккен сөз 
бола тұрса да, аладау демейміз, 
көне бау
деген кірікпеген сөз тіркесін 
көнебау
демейміз. Үйткені, қазақ тілінде бір сөздің дыбыстарының екінші сөздің 
дыбыстарына тигізетін ықпалы арнаулы мөлшерде ғана болады. 
Т, С, Ш
дыбыстарынан басталатын сөздің бас дыбысы немесе осылармен аяқталатын сөздің 
аяқ дыбысы қатарындағы сөздің ықпалымен еш уақытта да өзгермейді. Осы 
сияқты, бір сөздің ішіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет