І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет28/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
ашшы

қоңыр
+
қоңыр

ашшы
+қоңыр; 
ашшы+ашшы
болып 
келеді. Біз «
ал
» деген сөзді сыбырлап айтсақ та, дауыстап айтсақ та бәрібір бір 
мағынада қолданамыз. Африкада Боcпен (Бушмен) деген халықта составы 
(құрамы) дыбыстарының тәртібі де бірдей бір лебізді сыбырлап айтса, бір мағына 
білдіреді; дауыстап айтса, екінші мағына береді. Демек, біз бұдан әр тілдің әнді 
пайдалануы да түрліше болатынын аңғарамыз. 
Тілдің музыкалық «оформлениесі» (әуені) ортақ. Сондықтан басқа халықтың 
тіліне түсінбесек те, сөз әуенінің қайғылылығын, не қуаныштылығын сезінеміз. 
Тіл-тілге ортақ ән де бар, әр тілдің өзіне меншікті басыбайлы әні де болады. Бір 
нәрсе сұрағанда дауыс 5 тон көтеріледі. Қабат ноқат (қос нүкте) интонациясы мен 
жай ноқат интонациясы бір емес; сұрау (өтіну), бұйыру, қайғыру, таңдану – бәрі де 
ән арқылы білінеді. Айқындауыш пен айқындалғыштың жапсарын жаба айтамыз; 
баяндауыш есім болғанда бастауышпен екеуінің жапсарын аша айтамыз. 
Анықтауыш пен анықталғыш қатар тұрғанда басым екпін анықтауышта болады. 
Мысалы, 
ақ қар, көк мұз
(Абай).
Демек, сөз музыкасын халық сөйлеу синтаксисіне де пайдаланады. Мәселен, 
қар төсеніп, мұз жастанып
дегенде де екпін 
қар, мұз
сөздеріне түсіп тұр. 
Дауыстылар – әнші дыбыстар. Оларда мелодия жағы жақын. Халық буын ішінде 
әннің барлығын пайдаланған сияқты оның тіл құрамында жоқтығын да 
пайдаланады. Мысалы, 
бала-ақ; бала ақ
.
Біз сөз мағынасын түрлендіргенде де ырғақты пайдаланамыз. Сөздің сөз 
екендігін ғана түсініп қоймаймыз, оның әні арқылы басқа мүмкіндіктерін 


түсінеміз. Мәселен жеку үшін. Бұл соңғы мағына нышанын морфология тәсілімен 
білдіру мүмкін емес. Сондықтан қырғыз, түрікпен, якут, араб жұрттары дыбыстың 
ұзақ не қысқа айтылуын тіл заңына сәйкес мағына нышанын білдіру үшін 
қолданады. Біз бұл ретте тек біріндеген сөздерді ғана кәдеге жаратамыз. Мысалы, 
бала-ақ > бала/қ

Бала
мен 
бала-/қ
– осы екі сөз балаға көңілі тынғанда айтылады. Бірақ 
соңғысының (ұзынының) мағынасы басқашарақ, оны біз лексикадан да, 
морфологиядан да айыра алмаймыз, тек сөздің музыкасынан ғана айырамыз. 
Бұндай мағына нышандары (әндер) графикадан көріне бермейді. Дауыстылар – ән. 
Бұлар өзгергіш. Бұрынғы кездегі ролі белгілі. Төмендегі тіркестен түрліше мағына 
шығуы әнге ғана байланысты, яғни түрлілігінен. Мысалы, 
дауысты 
к + е + л + м + а + ғ + а + м + б + е + т
дауысты дыбысты дауысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет