І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет40/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
ТІЛ ДЕГЕН НЕ? 
Зат пен құбылысқа тағылған аттардың қалай пайда болуы мен
олардың мағыналарының өршуі 
Грек пәлсәпәшыларының арасында тілдің шығу жөнінен түрлі ағымдар 
болған:
1) Бір зат пен сол затты атайтын сөз арасында байланыс бар (қарқылдаған 
құсты «қарға» деп атаған) дегендей алжастықтар туған (Руссо). Былайша тілді 
жаратылыс құбылысы деп түсіну қате болатын (сатыр-сұтыр, жылжу...). Ал ағаш 
біз бір түрлі, немісте екінші түрлі емес қой, жоғарыдағы қисынның қателігі де осы. 
Сөз (атау) еліктеуден туған десек, адам пассив болады, бұл – бір; еліктеу ерте 
дәуірде адамдардың қолынан келмеген, бұл – екі. 
2) Кейбір философтардың айтуынша, әр затқа шартты түрде ат қойған. 
Мысалы, «
мынаны ағаш дейік!
» деп, өзара ағаш атына келіскен (Аристотель). 
Мұны кейін Руссо мен Мейер де қуаттады (Мұның қателігін көрсету үшін қызық 
бір мысал – «Тоқал қатынның (ешкінің) тойы»). 
Алайда, алдыңғы топтағы пәлсәпәшылар бұған келіспейді. Бұл дұрыс болса 
қоңырау, сурет, музыкалар да тіл болар еді ғой; сиырдың атын өзгертіп қоя берер 
едік қой, – дейді. Ал соңғы топтағылар: – Бір заттың атын жеке адам қоймайды
группа (топ) болып қояды; бір қойылып қалған соң ол атты өзгертпейді, – деп 
дәлелдейді. Бұл орайда құдайдан мүйіз сұрап, құлағынан айырылған ешкінің 
әңгімесін ескерген жөн. Қазіргі кезде буржуазия ғалымдары осы Аристотель 
жолында. 
Дұрысы – ауызекі тілге қарағанда жазуда шарттылық бар. Біздің әріптерімізді 
өзгертуіміз де содан. Бұл аз ұшыраса да болмай тұрмайтын шара. 
* * * 
Бұл мәселені білу үшін тарихи шолу керек. 
Құбылыс – көп, сөз – аз. 
Орыста 
қой
сөзінің баламасы жоқ. Олардың 
овца
дегені саулық, 
баран
дегені 
қошқар. Орысша 
корова
– сауын сиыр; 
рогатый скот
– мүйізді мал; 
толстый
дегені бірде – жуан, бірде – қалың; 
лошадь
– жылқы; бірақ 
ат, байтал, айғыр
емес. 
Ал біздің 
ісек, тұсақ, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін
деген сөздеріміз 
басқаларда жоқ. Қазақ 
синий, голубой, зеленый
деген түстердің бәрін 
көк
дейді. 
Адайларда, арабтарда түйе түлігінің аттары көп; Еділ, Каспий (Атырау) бойының 
қазақтары балық түрлерінің аттарын көп біледі. Демек, қолданылмаған затқа ат 
жоқ. 
Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын 
аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі 
тұрмысқа байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет