І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет48/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
т
-да сол созудан келіп шыққан. «
Мә, саған
» дегенді 
одағай ретінде айтқанда 
мәссаған
деп бір «
с
»-ны бөліп, екі буынға жіберу де осы 
созым дегендіктен. 
Одағай еліктеуден шықты деушілердің пікірі де дұрыс емес. 
«Жалт-жұлт», 
«жылт-жылт»
дегендер құбылыстың тұрақты, тұрақсыздығын, бір қалыпта 
болатынын-болмайтынын білдіретін қолданыстар ғана. Одағайдың сурет сияқты 
бүтін күйде болуы тілде исскуство әдісін пайдаланып, түйдек көріністі білдіруге 
байланысты. Адам баласы аң болып жүріп те санғаттан (түсініксіз) пайдаланған 
ғой.
Біз одағайды қолдан жасаймыз, тіпті тұтас сөйлемнен де одағай жасап 
аламыз: 
– Өй, жүзің айдай болғыр!
Лексика мен синтаксистің байланысы 
Z – лексика, S – синтаксис; үстеу – жұрнақ; үстеуіш – демеулік; жалғауыш – 
демеулік. 
Сөз өзгешелігі мен оның қызметі 
(
Жақындық-аулақтық тенденциясы

Тіл өзгереді, бірақ барлық саласы бір қалыпта өзгермейді. Грамматика 
құрылысы өте шабан өзгереді. Тоқтамай калейдоскоп сияқты өзгерсе, грамматика 
да болмас еді. Демек, грамматика дегеніміз тілдің бір қалпының белгілі уақыт 
ішінде тұрақтауы, орнығуы. Осы арқылы ол дыбыс құрылысының өзгеруіне де 
кедергі болады. Сондықтан бір мағынадан өрбіген туынды мағыналар, бір сөзден 
өрбіген ұялас сөздер ұзақ замандар бойы дыбыс құрылысы жағынан бір-бірінен 
алыстап кетпейді. Бұдан олардың ұяластығы байқалады. 


Осыдан келіп бір құрылымның екі сөз болуы немесе екі құрылымның бір сөз 
болуы сияқты өзара қайшылықтар туады. Бұның өзі – тілдің дыбыс құрылысының 
сүйегіне біткен қайшылық. Негізінде сөздің дыбысы мағынасына қарай өзгеру 
керек: мағынасы бір болса, екі сөздің дыбысы да бір болып, мағыналары түрліше 
болса, дыбыстары да түрленіп немесе қосымшалары өзгеріп, екі сөз болып
егізделіп отыруы керек. Нәтижесінде осы екі сөздегі байланыс әлсіреп отыруы тиіс.
Өсу үшін тіл жаңа сөздер шығарады. Ол үшін бұрынғы ескі сөздерді 
пайдаланады. Бір сөз сол бір сөз күйінде қалмай, екі сөз болуы үшін олар бір-
бірінен барынша қашықтауы керек. Дыбыстарында айырмашылық болуы керек
әйтпесе сөз байлығы артпайды. Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет