І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


шон түбірі  оқшантай дегендегі «шон».  Натуралды шаруашылық кезінде  көнек, талыс



Pdf көрінісі
бет51/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
шон
түбірі 
оқшантай
дегендегі «шон». 
Натуралды шаруашылық кезінде 
көнек, талыс
сияқты теріден жасалатын 
ыдыстардың бір түрі 
шон
деп аталған. 
Бұқар жыраудың: 
 
Сен бұзау терісі – шөншіксің, 
Мен өгіз терісі – талыспын
, – 
деуі бұған дәлел (шөншік – кішкене дорба, кішкене қап, XVIII ғ. әдебиетінен). 
Ираннан кездеме алып 
дорбаны
матадан жасайтын болғанда, олардың аты қазақта 
қалта
болып қабылданған. Сөйтіп, 
мес, саба, торсықтан
басқалары ыдыс 
мағынасын жойған. 
Оқшантай
оқ-дәрі салатын, қошқардың ұмасынан бітеу 
сойып алған тері қалта.
Бәтима-Бәтіш, 
Гүләйім-Күләш, 
Мағрипа-Мағыш
сияқты 
сөздердің 
әрқайсысы – өз алдына дербес жалқы есімдер. Жалқы есімдерде болатын мұндай 
қасиет жалпы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту формасы 
болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды, жасалса да сирек
онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы ескі заманнан өзгеше 
болғанда ғана жасалады. Мысалы: парсының қоразын «
кішкене ата
» деп 


танығандықтан, 
әтеш
деген сөз шыққан (татардан келген). Бұрын іші қуыс заттың 
бәрін 
күбі
деген, 
күпшек
пен 
келіншекті
олардың түбіріндегі сөздердің кішіреюі 
деп танымай басқаша таныған. Жалпы есімнің бұлай болуы әрі ұқсастығын, әрі 
айырмасын білдіру үшін қажет болған. Ал жалқы есімдерде олай емес, олардың 
кішірейген сыңарлары туынды сөз түрінде болады (
Мырза, Мырзаш
); мұндай ұқсас 
сөздердің басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан 
айқындалады.
Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық көріністері де бар. 
Оларды ұйқас аттар дейміз (
Опа-Сапа, Шамғали-Мұфтиғали
). Бұл түбірлестігін 
көргеннен емес, лексика жағының түбірін жақындату емес, ұйқастығын жақындату 
жолымен ғана жасалған (
Опа
– берік, 
Сапа
– қызық). Сондықтан жоғарыдағыларды 
ұқсас ету үшін аллитерация, ассонанстар шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет