І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет47/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
амеба
және 
инфузория
құбылыстарын еске алу керек. 
Осыған орай белгілі бір заттың товар болуы үшін әрі тұтыну құны, әрі айырбас 
құны болуы керектігі сияқты жоғарыда аталған құбылыстар бір сөздің басындағы 
екі міндетін түсіну үшін жақсы мысал бола алады.
«
Тайға таңба басқандай
» сияқты тіркестер 
идиом
деп аталады. 
(Идиоматология дегеніміз идиоматиканы қарайтын ілім). Идиомаға мысалдар: 
баратын, ашудас, су ағар т. б. Мұнда лексика тенденциясын синтагма тенденциясы 
басып кеткен. 
«Сегіз көз», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұр» 
деген 
мысалдардың құрылысы синтаксистік болғанымен өздері тіркес күйінде 
лексикалық құрылыстағы идиома.
Одағайлар сөз табы ретінде өз орнында толық айтылады. Біз бұл жерде 
әңгімелеп отырған тақырыбымызға одағайларды байланыстыра ғана сөз айтамыз. 
Ескі тіл ілімі одағайларды «алғашқы тілдің қалдығы, сөз содан жасалған
одағайлар адамның сезімін білдіреді» деген. Олар бұл жөнінде көптеген пікірлер 
айтты, бірақ одағайлардың табиғатын аша алмады. Сондықтан олардың 
тұжырымдары дұрыс емес еді.
Әңгіме мынада: сөз заттың ісін, өзін, сынын айыра атайтын болса, 
одағайларда ол жоқ. Ол тұтас күйде тұрып, кейде бір сөзді немесе бір сөйлемді 
білдіруі мүмкін. Мысалы, бір нәрсені «
жақсы істеген екенсің
» десек те, «
жаман 
істеген екенсің
» десек те 
бәрекелде
! деуге болады. Оның қай мағынада 
айтылғандығын сөйлемдегі тұрған орнына қарап және дауыс ырғағына қарап 
айырамыз. Өйткені одағай жіктелмеген, дифференцияланбаған сөз табы. Мысалы, 
Әй! – сен бері қара!
Одағай сезім үшін айтылмайды, оны әлдекім қуанған боп 
айтып, ішінен жылап тұруы мүмкін. Одағай әрі зат атауына, әрі іс-қимыл (етістік) 
атауына жақын – cараланбаған сөз (Малдың қай түлік екендігіне қарап айтылатын 
арнаулы одағайлар бар). Осылайша қатыстылық жағынан айырылғаннан кейін 
көс-
көс, кәус-кәус
(түйеге), 
шәуім-шәуім
(сиырға) деген одағайларды зат есімге жақын 
дейміз. Сөйте тұра олардың шақыру мағынасы да болғандықтан (
мұнда кел

етістікке жақындығын да ескереміз. Сөйтіп бұл одағай екі сөз табына да қатысты 


болып шығады. 
Пай-пай
деген одағайды хабар беру үшін де пайдалануға болады. 
Біреу түшкірсе, оның еріксіз дыбыс шығарғандығын (түшкіргендігін) білеміз.
– Әй! мә!
– деген одағайлардың кімге айтылғандығы, кімді шақыратыны 
белгісіз. 
Қап, әттеген-ай!
– дегендер нағыз одағай. Бұларды басқалардан бұрын 
жасалған деу қате. 
Ә деген-ай! Атта
дегендегі 
тт
екі дыбыс емес, созылған бір 
дыбыс. Айтуға оңай болу үшін бір дыбысты екіге бөліп (таштид) буындаймыз. 
«
Әттеген-ай
» дегендегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет