І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


да » – парсыша  бала .  Бүтіннің мағынасының бөлшекке көшуі



Pdf көрінісі
бет44/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
да
» – парсыша 
бала

Бүтіннің мағынасының бөлшекке көшуі 


Қол
– иықтан бастап саусақ басына дейінгі адам мүшесінің аты. 
Шынтақ, 
білек, қар, саусақ
бұрын 
қол
болған. Монғол тілінде осы күнге шейін 
қол
дегенді 
қар
дейді (
қош=қой, қар=еркек; қошқар=еркек қой
; бұрын 
қошқар, қозы
сөздері 
қой
мағынасында болған). 
Түрікпенде қойды 
қож
дейді 
ж=и

жоқ=йоқ; қож=қар


өзгеріп, 

дыбысына айналуы – ассимиляция заңы; 
қошақан=қоша+қан
(
қан
– кішірейту); 
қоша=қозы
. Қой шаруашылығының өсуі қой атын көбейткен. Өгіз=
өк

әукім
=менің 
өгізім. 
Мошка
– мысық; маңыз=
мағыз
; мән=
мағына
; (
ң=қ, ң=ғ
). 
Өкімет
– власть; 
үкімет
– правительство. 
Бөлшектің мағынасы бүтінге көшеді 
Силхи
= «
жал
»; бұл шуваштың сөзі (
жилхи
). Мүйіз бен сиыр деген бір сөз; 
үш тұяқ
= үш мал; 
бес бас
= бес адам («
жал
» бұрын жылқы деген сөз, қазір «
жал
» 
шуваш тілінде жылқы). 
Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі 
Сөйлеу – хабар беру, коллективтік көрініс. Бұған ең азы екі адам қатысуы 
керек. Ұжым болып қатынасудың (хабарласудың) басқа да амалдары бар. 
Тіліміздің олардан айырмасы не? Хабар қалайша, қай жолмен беріледі? – мәселенің 
түйінді жері міне осы екеуі. 
Біздің жоғарыда «басқа да амалдар бар» дегеніміздің мәнісі мынау: сүгрет 
арқылы да көп оқиғаны білдіруге болады; операның алдындағы увертюрасы да сол 
операда не болатындығын білдіреді; белгілі бір сюжетті музыкамен сүйемелдеу 
арқылы да, үлкен ғимараттардың, мәселен кеңестер сарайының, Мысырдағы 
мұнаралардың (пирамида) әшекейлері де сол құрылыстардың не екендігінен хабар 
береді. Өйткені ұлы ғимараттар мен пирамидалар – құр үйінді тас емес, мақсат-
тілекке қарай салынған нәрселер. Әр алуан дабылдар да (сигнал) мезгілді, келе 
жатқан жақсылық, жамандық (жаугершілік) жайларынан жұртты хабардар етеді. 
Сонау Аристотельден бастап, көпке аян болған, осы күнге дейін буржуазия 
ғалымдары қайталап айтып келе жатқан қисын бойынша тіл дегеніміз шартты 
таңба ғана болып табылады. Олай болса, біз айтып отырған табиғи тілден басқа 
хабарласу амалдарының бәрін де тіл ретінде тануымыз керек болмай ма?!
Біз сөз етіп отырған қарым-қатынастың алдыңғы (бірінші) түрі мен соңғы 
(екінші) түрінің арасында хабарласу амалынан басқа ұқсастық бар ма? Иә, бар: 1) 
екеуінде де психологиялық қиялдаудан туған жорамал бар; біреудің өзін көрмей 
тұрып, бөркінен тану сықылды, енді ғана сөйлей бастаған адамға: –
Білдім-білдім, 
қоя ғой!
– десек, әңгіме түгел айтылмай тоқтап қалады, бірақ осы түгелсіздіктен 
қызықтаушылық туады. Оның қызық болатындығы ізденуді қажет ететіндіктен. 
Бұл фактор мәселенің дұрыс-бұрысын, қайшылығын ашуға себеп болады. Оның 
нәтиежелері, яғни хабардың екі жақты мазмұны достың да, дұшпанның да кәдесіне 
жарауы әбден ықтимал. ҚазПИ деген маңдайшадағы жазу «
осы алдыңда тұрған үй 
– ҚазПИ-дің үйі
» дегенді білдіреді. Демек, бұндағы сөз зат арқылы айғақталып тұр. 
Кітап аттары да солай. Сөйтіп тілде де (оны жұмсауда) шалалық болады. Ол – 


әңгіменің мазмұнын түгел айтпай, шала айту. Мұның аты – берілуге тиісті 
хабардың керегін ғана айтып, керек емесін ішке бүгіп қалу. Осы шала айтылған 
формалар да айтушының негізгі ойымен, мақсатымен астарлас. 2) Хабарласудың 
осы екі амалында да образдылық бар. Cол тәсіл ұқсастығының өзі хабарласудың 
екі жақты қасиетінің арасындағы ұқсастық болып табылады (шошқа тұмсығын 
тығып көрсінші....). 
Сөйте тұра, бұл екі амалдың бірқатары санғатқа (басқаша оқылмады) жақын 
жағы болса, бірқатары – сөзге жақын жағы болмақ.
Бір замандарда сөз бен ым қатар жүрген кезі де болған. Есіктен қарап тұрып, 
біреудің атын атап алып ымдап шақырамыз ғой. Мұның заттық жағы – сөз, етістік 
жағы – ым, – дейді Марр. Демек, сөз+ым=сөйлем. Сөйлем болудың шарты – сөйлеу 
(речь) емес. Адам сөйлегенде біртүрлі айтып, негізгі ойы басқа болуы да мүмкін. 
Ақылсыз адамды да «
осы кісі ақылды!
» дейтініміз де содан; үндемей сөйлесетін 
тәсіл де бар. Тілдің осындай табиғаты болмаса, буржуазияшыл оқымыстылар сөзді 
біртүрлі сөйлеп, істі екінші түрлі істей алмас еді (сталиндік конституция жөнінде 
шет мемлекеттердің үндемей қалуы – сынаудың бір түрі).
Сонымен тіл арқылы хабарласудың екі түрінің арасында қандай 
айырмашылық бар? Алдыңғы тәсіл бойынша хабарды тұтас күйінде емес, бөлшек 
күйінде білдіреді, ал соңғы жол мен хабарды бөлшек күйінде емес, тұтас күйінде 
білдіреді. Тілдің тыңдаушыны адастыру амалы осы бөлшектеу табиғатына 
қатысты. Л. Фейербах: «
Құдайлар сын есімдердің жинағы
» – деген.
Біз хабарласудың екі амалының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет