әңгіменің мазмұнын түгел айтпай, шала айту. Мұның аты – берілуге тиісті
хабардың керегін ғана айтып, керек емесін ішке бүгіп қалу. Осы шала айтылған
формалар да айтушының негізгі ойымен, мақсатымен астарлас. 2) Хабарласудың
осы екі амалында да образдылық бар. Cол тәсіл ұқсастығының өзі хабарласудың
екі жақты қасиетінің арасындағы ұқсастық болып табылады (шошқа тұмсығын
тығып көрсінші....).
Сөйте тұра, бұл екі амалдың бірқатары санғатқа (басқаша оқылмады) жақын
жағы болса, бірқатары – сөзге жақын жағы болмақ.
Бір замандарда сөз бен ым қатар жүрген кезі де болған. Есіктен қарап тұрып,
біреудің атын атап алып ымдап шақырамыз ғой. Мұның заттық жағы – сөз, етістік
жағы – ым, – дейді Марр. Демек, сөз+ым=сөйлем. Сөйлем болудың шарты – сөйлеу
(речь) емес. Адам сөйлегенде біртүрлі айтып, негізгі ойы басқа болуы да мүмкін.
Ақылсыз адамды да «
осы кісі ақылды!
» дейтініміз де содан; үндемей сөйлесетін
тәсіл де бар. Тілдің осындай табиғаты болмаса, буржуазияшыл оқымыстылар сөзді
біртүрлі сөйлеп, істі екінші түрлі істей алмас еді (сталиндік конституция жөнінде
шет мемлекеттердің үндемей қалуы – сынаудың бір түрі).
Сонымен тіл арқылы хабарласудың екі түрінің арасында қандай
айырмашылық бар? Алдыңғы тәсіл бойынша хабарды тұтас күйінде емес, бөлшек
күйінде білдіреді, ал соңғы жол мен хабарды бөлшек күйінде емес, тұтас күйінде
білдіреді. Тілдің тыңдаушыны адастыру амалы осы бөлшектеу табиғатына
қатысты. Л. Фейербах: «
Құдайлар сын есімдердің жинағы
» – деген.
Біз хабарласудың екі амалының
Достарыңызбен бөлісу: