І. Бастауыш сыныптарда сауат ашуды оқытудың Әдіс-тәсілдері



бет5/6
Дата16.01.2022
өлшемі33,34 Kb.
#112355
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
курстык жумыс педагогика

Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндеттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорытынды

Өмірдің бүгінгі таңдағы талабы қазақ тілін жас ұрпаққа үйретудің тиімді әдістемесі жасалуын қажет етіп отырғаны белгілі. Өйкені таяу жылдарда қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастардың барлық салаларында: саудада, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде, кеңсе ісінде, т.б. жерлердің барлығында да қолдану аясының кеңи түсуін қамтамасыз ету міндеті қойылуда. Осыған орай, жас ұрпаққа білім беру, оларды қажетті дағды мен іскерліккі төселдіру, өз пікірлерін білдіріп, қорытынды жасай алуға баулу, бұл мәселелерде балалардың жеке ерекшеліктері мен жалпы даму деңгейін ескеру, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған басты міндеттердің біріне айналуда. Бұл міндеттер, әсіресе, бастауыш сыныптарда балаларды ауызша, жазбаша тілін дамыту жұмысын күн тәртібіне бірінші мәселе етіп қойып отыр.

Мектептердегі тіл дамыту – бір сыпыра ғылым өкілдерінің бірігіп шешуін талап ететін психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық проблема.

Мектепте балалардың теориялық білімдерін тереңдедіп, нығайта түсетін, оларды қажетті дағдылар мен іскерліктерге төселдіретін тіл дамыту жұмысының мазмұны мен жүйесін анықтап, әдістемесін жасау. Бұл үшін орыс және шетел мектептеріндегі мұғалімдер қолданып жүрген жұмыс-тардың мазмұны мен жүйесі зерттеліп, олардың ішіндегі біздің ұлттық ерекшеліктеріміз бен ана тіліміздің оқытылу дәрежесіне сай келктін үлгілері іріктеліп алынды және оларды ұйымдастыру жолдары іздестірілді. Сөйтіп, өз жұмысымыздың мазмұнын байытып, оны қандай жүйемен, қалай жүргізу керектігі байқау арқылы анықталды. Мұнда жұмыс ең алдымен балалардың ұлттық салт – сана, дәстүр мен әдет – ғұрыптан алыстамай, туған тілдің нәрінен бастау алуына негізделді.



Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту граммактика мен оқу сабақтарындағы жұмыстармен шектелмейді. Бұл барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі оқу тәрбие жұмысының өн бойында үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс. Сондықтан мұндай күрделі мәселелердің барлық проблемаларын бір жолғы зерттеу жұмысында жан жақты талдап шығу мүмкін де емес. Сыныптағы тіл дамытуды баллық пәндерді ұштастыра жүргізу құралы ретінде жеке жеке зерттеу объектісіне айналдыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет