75. Одағайдың түрлерін көрсетіңіз, олардың мағыналық, интонациялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Негізгі және туынды одағайлардың жасалу жолдарына мысал келтіріңіз. Г. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» оқшау сөздерге «Сөйлемде сөйлем мүшелерінің ешбір грамматикалық байланысы жоқ тек сӛйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздер» деген анықтама беріп, оны іштей үш топқа бөлген: қыстырма, қаратпа, одағай. Осы оқулықта одағай сөздерге мынадай анықтама берген: «Оқшау сөздердің бірі – одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағай да сөйлем мүшесі бола алмайды
Қазақ тіл білімінде одағай терминін алғаш қолданған А. Байтұрсынов болатын. «Одағай дейміз одағайланып, оңашаланып айтылатын сөздерді», - деп ғалым анықтама береді. Кейінгі тілші ғалымдардың да, одағайды синтаксистік тұрғысынан зерттеуі А. Байтұрсынов тағылымынан аса алмағандығын кӛрсетеді. Мысалы «одағай дегеніміз кісінің сезімін, кӛңіл-күйін, еркін білдіретін дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер» - деп, М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында одағайға синткасис тұрғысынан анықтама берсе, Ә. Төлеуов «сөз таптарында» - «семантикалық ерекшелігі, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі жағынан өздеріне тән мәні бар сөз таптарының бірі - одағай» - деп, одағай сӛздердің мағынасын ашып бере алмаған.
Н. Оралбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында» - «Одағай – адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін білдіретін сөз табы» - десе. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде одағайдың лингвистикалық сӛздікте берілген өзіне тән ерекшеліктерін атап кеткен. Бірақ, одағайға нақты анықтама бермеген. Қазіргі қазақ тіл білімінде жас тілші ғалымдардың еңбектерінен одағайға анықтама іздеп көрер болсақ А. Салқынбайдың «Қазіргі қазақ тілін» алуға болады.
Ол одағайға былай деп анықтама береді: «Сөйлеу тілімізде, лебіз де одағайлардың прагматикалық қолданысы мен қызметі ерекше. Сөйлеушінің не тыңдаушының іс-әрекетке, болған не болатын жағдайға қатысты өзінің эмоциясын, қуанышы мен таңғалысын, сүйініші мен өкінішін білдіру мақсатында жұмсалатын тұлғалар одағайлар»,-деп, одағайдың грамматикалық, семантикалық, функционалды-семантикалық сипатын белгілейді.
Одағайлардың грамматикалық сипаты: 1. Сөйлемде эмотивтік, экпрессиялық мағынада жұмсалады; 2. Жеке тұрып сөйлем мүшесі қызметін атқармайды; 3. Сөз тіркесінің сыңары бола алмайды; 4. Ерекше номинативті мағына бермейді; 5. Белгілі сұраққа жауап бермейді; 6. Көмекші етістіктермен тіркесіп, кейде сөйлем мүшесі қызметін атқарады; 7. Сөйлемнен ерекшеленіп, одағайланып тұруына байланысты, одан үнемі үтір арқылы ажыратылады: егер сөйлемнің басында келсе, одан кейін, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе алдынан үтірмен ажыратады; Ал, семантикалық сипаты туралы былай дейді: 1. Лебізде сөйлеуші мен тыңдаушының әр түрлі көңіл-күйін анықтау үшін жұмсалады; 2. Одағайлардың мағыналық құрылымы мәтіндегі ой мен пікірдің ауанына байланысты өзгеріп, көп мағыналылыққа ие болады; 3. Одағай мағынасы сөйлемдегі интонацимен тікелей байланысты анықталады; 4. Көптеген одағайлардың ішкі терң мағыналық құрылымы халық тіршілігімен біте қайнасқан төрт түлік мал мен үй жануарларына қатысты қалыптасқан; 5. Одағайдың ерекше және арнайы семасы контекст арқылы көрініс табады; Одағайдың үшінші функционалды-семантикалық сипатын жетіге жіктейді:
1. Ішкі мағыналық құрылымына сай, одағайлар сӛйлемге белгілі интонациялық ырғақ береді;
2. Сөйлемнің ішкі мазмұны мен мәнін анықтап, оның бұйрықтық, лептік, сұраулық сипатын жасайды;
3. Кей одағайлар мәтінде зат есім тұлғаларын қабылдап, заттануы және етістік тұлғаларын қабылдап, етістіктенуі мүмкін;
4. Мәтінде жеке тұрғанымен, одан кейінгі келетін сөйлемнің мағыналық және мазмұндық сипатын айқындай алады; Айталық, «бәрекелді» одағайынан соң, риза болу, қуану, қштасу мағынасындағы сөйлем келеді т.б.
5. Одағайлардың дені түрленбейді, жеке қолданылады; Тек «ойбайым» (айғайымнан ойбайым тыныш), ой-пірім-ай, шырағым-ай түріндегі одағайлар түрленеді;
6. Одағайлардың мәтіндегі мазмұны арқылы өкіну, таңғалу, сүйіну, риза болу, ренжу, күйіну, сүйсіну мағыналары кӛрініс табатындықтан, әдетте сөйлемде осы мәндегі көңіл-күй етістіктері жұмсалмайды, оның орнына көңіл-күй одағайлары келіп ойды ұштайды; 7. Одағайлар, негізінен диалогтар түрінде кездеседі. Одағай – адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатында ғана емес, амандасу, қоштасу, басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру, үй хайуандарын шақыру мағынасында қолданылатын интонацияға бай сөздер.
Одағайдың мағыналық топтарын ажыратуда да зерттеушілер арасында бірізділік жоқ. Мысалы, тұңғыш ғалымымыз А. Байтұрсынов «Ілезік одағайы, елікту одағайы, шақырыс одағайы», Қ. Жұбанов «шаруашылық оджағайлары, қатынас одағайлары, кӛңіл одағайлары» деп бөлсе, кейінгі лингвистеріміздің бірі А. Ысқақов «көңіл-күй, ишарат одағайлары», Ш. Ш. Сарыбаев пен Ә. Төлеуов «Көңіл-күй одағайлары, императивтік одағайлар, тұрмыс-салт одағайлары», деп ажыратады. Ал, С. Исаев «Көңіл-күй, жекіру, шақыру» деп мектеп оқулықтары бойынша береді. Осыған байланысты әр жерде одағайдың да түрлері әр түрлі. Көріп отырғанымыздай, бірінішден, одағай сөздерді мағыналық топтарға ажыратуда зерттеушілер арасында бірізділік жоқ болса, екіншіден ғалымдардың одағайға жатқызуында бір ғана принципті, яғни синтаксистік принципті ғана басшылыққа алғандықтары байқалады. Яғни, бұдан оқшау сөз ретінде қолданылатын әр бір сөзді одағай деп танимыз деген тұжырым шығады. Ал, осы синтаксистік белгісі арқылы одағай сөз тобына жатқызылып отырған кейбір мағыналық топтар (көңіл-күй одағайларынан басқалары) әдебиеттерде одағайларға адамның көңіл-күйіне байланыстырыла берілетін жалпы анықтаманың аясына сыймайды. Осыдан келіп, пікір қайшылығы туады, бұның себебі ғалымдардың одағайға анықтама бергенде семантикалық тұрғыдан келгенімен (одағай сөздер адамның әрқилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді атаймыз) нақты одағай сөздерді басқа сөз таптарынан ажыратқанда бір ғана көңіл-күй одағайларына қатысты мағыналық белгіні ескеріп, басқа топтарына келгенде тек синтаксистік тұрғыдан ажыратқандарында болып отыр.
Одағайды осылайша морфология аясында сөз табы ретінде, синтаксис аясында синтаксистік категория ретінде екі жақты қарастыру қазақ тіл білімінде жалғасып келеді.
Сонымен одағай сөз табы. Жоғарыда айтылғандай одағай сөздерге берілген нақты анықтама жоқ. Одағайға анықтама берушілердің тек семантикалық тұрғыдан келуі, ал, оларды топтастыру кезінде синтаксистік принципке бағынуы түсінбеушілікке әкеліп отыр. Осы жағдайды ескере отырып біз одағай сөздерге мынадай анықтама беруді шештік: Түрліше кӛңіл-күйді білдіретін, адамға не жануарларға бұйыру, шақыру мақсатында айтылатын, сонымен бірге күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынас мақсатында жұмсалатын дәстүрімізге енген, өзгермейтін, әрдайым оқшау сөз ретінде қолданылатын сөз немесе сөз тіркесін одағай деп атаймыз. Одағайдың тіл білімін зерттеуші ғалымдардың кӛпшілігі келіскен мынадай үш түрі бар: 1. Көңіл-күй одағайы; 2. Императивтік одағай (адамға не жан-жануарларға бағышталған); 3. Тұрмыс-салт одағайлары (Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!, Құп», Ләббай! Дат! т.б.сөздер).
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайлар. Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды
Туынды одағайлар Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.
Ишарат одағайлар Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).
Жекіру одағайлары Адамға арнайы айтылатын одағайлар. Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні ) Ұсыну сөздері (мә, айда) Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт) Жануарға арнап айтылатын одағайлар Шақыру одағайлары.