Өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі
Облыс аумағында Казакстандағы топырақ түрлерінің барлығы дерлік кездеседі. Олардың негізгі түрлері тау жене тау бөктеріндегі жазық топырақтар типіне жатады. Облыстың басым бөлігі таулы өңірде орналасқандыктан, оның топырағы биіктің зоналыққа белiнген. Мысалы, Іле Алатауының орталық жоталарының сөлтүстік беткейінің топырақ жамылғысы 3 зонааралық белдеуге бөлінеді. Біріншісі нивальді-жерасты зона. Ол теңіз деңгейінен 3200-4000 м биіктікте орналаскан. Мұнда топырақ жамылғысы жоқ деуге де болады. Бұл биіктік зонасының шаруашылыққа пайдасы шамалы. Екінші зонааралык белдеу - биік таулы шалғынды және шалғынды-далалы зона. Ол 2400 м-ден 3400 м-ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл топырақ өсімдік жамылғысына қарай альпілік, субальпілік зонаға бөлінеді. Олар негізінен биік таулы дала, шалғынды-дала болып келеді. Топырақ құрамында гумус қабаты бар болғанымен, механикалық құрамы мен құрылысы күрделі келеді. Үшіншісі - таудың орманды шалғынды дала зонасы. Ол 1200 м-ден 2500 метрге дейінгі биіктікті қамтыған. Мұнда таулы-орманды қызғылт қоңыр түсті және таудың шалғынды, орманды-шалғынды қоңыр сұр топырағы, таулы орманның қара топырағы қалыптасқан. Зонаның орта тұсында сілтісізделген таудың қара топырағы дамыған, зонаның төменгі бөлігінде термоксерорфты (жотаның - онтүстік беткейінде) топырақ кездеседі. Тау бөктерлері мен аласа таутардағы топырақ жамы 750 метрден жоғары биіктікті қамзиды Мұнда таудың қара топырағы мен бірге тауалдының кәдімгі қара топырағы қалыптасқан.
Жоталардың оңтүстік беткейлерінде қызғылт қоңыр және қоңыр топырақ дамыған. Тауалдының шөлейтті зонасында (теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте) қоңыр, карбонатты қоңыр топырағы қалыптасқан. 450-650 м биіктік аралығында орналасқан шөлейт және шөлді жартылай саванна тәрізді зонада тауалдының сұр топырағы, шалғынды-сұр топырағы және инзоналды топырақтар дамыған. Жалпы, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы ғана емес, бүкіл Тянь-Шань тауының топырақ жамылғысы тау жоталарының беткей экспозициясына өте тәуелді. Балқаштың көлінің Солтүстігіндегі Сарыесік- атырау күнді алқабы оңтүстік-батысында Іле аңғарларын, шығысында Қаратал өзен аралығын алып жатыр. Облыстың осы және т. б. аумағындағы өңірлерінде құм, кұмайт, кейбір жерлерінде сор мен сортаң тақыр тәріздес топырақ жамылғысы қалыптасқан. Ipiндердің аңғары мен көл жағалауларында алювийлі- батпақты, алювийлі-шалғын топырақтар дамытан.
Облыстың жануарлар - дүниесі Қазақстанның басқа аймақтарына карағанда бай. Себебі, облыс аумағында шөл зонадан бастап аса биік тау белдеулері орын алған. Шөл зонасы тіршілік үшін өте қолайсыз болғандықтан, бұған жануарлардың кейбір түрлері ғана бейімделген. Әсіресе, қиыршық тасты (жусан саранда) шөлде фауна турлері аз. Сүт қоректілерден: қосаяқтар (секіргіш қосаяқ, кіші қосаяқ, жуан құйрық қосаяқ, Житков қосаяғы) мекен- дейді. Жыртқыштардан: қасқыр, түлкі, күзен; тұяқтылардан: қарақұйрық, ақбөкен кездеседі. Сазды шөлде құстардан: бозторғай түрлері, даланың ұзын тырнақ торғайы, шөп шақшақайы және биші шақшақай, қара бауыр және ақ бауыр бұлдырықтар қара-қүйрық, жорға дуадақ, ақбас тырна кездеседі. Құмды шөлдерде сүтқоректілерден: туралы жертесері, жіңішке башайлы саршұнақ сәскелік құмтышқаны башпайлы, лихтенштейн, майқұйрықты ергежейлі қосаяқтар) бар. Құмда кірпі, сұр қоян, ала күзен кеп таралған, қасқыр мен түлкі кездеседі. Құстардан: ақ Сары шеп қарғасы, бұлдырық және торғай тұқымдасына жататын үсак құстар ұялайды. Таулы аймақтар фаунасы Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс сынып биік таулы өңіріне келеді. Тау ландшафтысы үнемі өзгеріп отырады. Жануарлар жапырақты орман (алма, өрік, долана, т.б.) белдеуін көбірек мекендеген. Бұл белдеуге Тянь- Шань тышқаншасы, орман қарақас тышқаны, қарғыма кептер, сауысқан. сарыторғай тән. Шырша ормандарында сілеусін, марал, елік, доңыз жиі кездеседі. Ашық жерлерде сұр суыр (Жетісу Алатауында - ұзынқұйрық, сарышұнақ) тіршілік егеді. Құстардан: құр, ақсары, түктіаяқ байғыз, үш башпайлы тоқылдақ, самырсын құс, қайшыауыз, т. б. таралған. Аршалы белдеуде ементұмсық, қызылбас торғай, қызылқұйрық, т б. ұялайды. Альпілік шаттындарда арқар, таутеке және барыс, тау сұртышқаны, қызыл тоқылдақ кездеседі. Мұнда құмай мен салты ұялайды. Ұлар, тау карғасы көп. Тау өзендері аңғарларын орақ тұмсық балықты мен сусылқараның екі түрі мекендейді. Іле Алатауын мекендей бастағанына көп болмаған тәртайдың ерекше бір түрі - көк құс таудың кішкене өзендері маңында тіршілік етеді. Сүтқоректілерден кәмшат бар. Тау беткейлері мен қорымдарда шақылдақ, ақкіс, ақтас сусар, кекілік, ұзын көкбастың екі түрі, талма балық, балық бұғасы ұшырасады. Үш тұрыптай, салпыерін алабұға Балқаш-Алакөл алабының эндимектері, Балқаш көліне көксерке, пілмай, тұқы, ақамур жерсіндірілген.
Флора мен фауна
Фаунаның құрамында: Іле өзенінің аңғарында — арқар, қарақұйрық, кекілік, қырғауыл; тауларда — марал, елік, қоңыр аю, сілеусін, қар барысы, Қара торғай, Тау шоқысы, сақалды кекілік, гималай ұлары, Көк құс, арша емен ағашы, ағаш кесуші, балқарағай.
Қорықта өсімдіктердің 1300-ден астам түрі, соның ішінде ағаштар мен бұталардың 112 түрі өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |