2. Қорғасын иондарын бөлу. Тұнбаға 10%-тік NaOH ерітіндісін қосады, араластырады және 10-15 мин су моншасында қыздырады. Осы кезде қорғасын сульфаты ерітіндіге өтеді. Тұнбаны ерітіндіден бөліп алады. Құрамында [Pb(OH)4]2-бар центрифугатты, СН3СООН ерітіндісімен қышқылдық реакцияға дейін қышқылдайды.
Рb2+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. 2-3 тамшы қышқылданған центрифугатқа 2-3 тамшы калий хроматын қосады. Сары түсті тұнбаның түзілуі қорғасының қатысын дәлелдейді. Егер қорғасын байқалса, NaOH ерітіндісімен сульфаттардың тұнбасын өңдеу, тұнбаның бетіндегі ерітіндіде калий хроматы ерітіндісінің қорғасын ионына оң реакция беруін тоқтатқанша қайталанады.