І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет31/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

Ba2+ катионның реакциялары



  1. Жалынның боялу рекциясы. Барийдің ұшқыш тұздары шамның жалынын сарғыш – жасыл түске бояйды.

  2. Сұйылтылған күкірт қышқылы және ерігіш сульфаттар барий сульфаты тұнбасын өте сұйылтылған ерітінділерінен бөледі:

BaCl2 + H2SO4 = BaSO4 + 2HCl


Тұнба қышқылдармен сілтілерде ерімейді. Реякция фармакопеялық болып табылады.



  1. Амоний карбонаты (NH4)2CO3 немесе басқа ерігіш карбонат барий тұздарымен барий карбонатының ақ тұнбасын береді:

BaCl2 + (NH4)2CO3 = BaCO3↓ + 2NH4Cl


Тұнба сұйылтылған минерал қышқылдары мен сірке қышқылында ериді. Тұндыруды әлсіз сілтілік ортада жүргізу керек.



  1. Калий K2CrO4 немесе натрий Na2CrO4 хроматы бейтарап немесе сіркеқышқылды барийдің тұздары ертінділерінен барий хроматының сары түсті тұнбасы түзіледі:

BaCl2 + K2CrO4 = BaСrO4↓ + 2KCl





  1. Калий дихроматы K2Cr2O7 барий ерітінділерінен барий хроматының сары тұнбасын тұндырады:

BaCl2 + K2Cr2O7 + H2O = BaСrO4↓ + 2 KCl + 2HCl


Тұнба күшті қышқылдарда ерігендіктен реакция соңына дейін толық жүрмейді, өйткені НСl күшті қышқыл осы реакцияның нәтижесінде түзіледі.



  1. Аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 барий тұздарымен хлорсутек пен азот қышқылдарында, ал сірке қышқылында тек қайнату кезінде еритін ақ түсті кристалды береді:

BaCl2 + (NH4)2C2O4 = BaC2O4 + 2 NH4Cl




Ca2+ катионның реакциялары



  1. Жалынның боялу реакциясы. Кальцийдің ұшқыш тұздары түссіз жалынды қызыл-кірпіш түске бояйды. Реакция фармакопеялық болып табылады.

  2. Сұйылтылған күкірт қышқылы кальций иондарымен кальций сульфатының ақ тұнбасын түзеді:

СаCl2 + H2SO4 = СаSO4↓+ 2HCl


Тұндыруды кальций тұздарының концентрациялы ерітіндісімен жүргізу керек.



  1. Аммоний карбонаты (NH4)2CO3 кальций карбонатын ақ тұнба түрінде тұндырады:

СаCl2 + (NH4)2CO3 = СаСО3 + NH4Сl


Кальцийді толық тұндыру үшін тұндырғыштың артық мөлшерін алу қажет.





  1. Амоний оксалаты (NH4)2C2O4 суық және бейтарап немесе әлсіз сілті ерітінділерінде кальций оксалатының ақ түсті ұсақ кристалды тұнбасын береді:

СаCl2 + (NH4)2C2O4 = СаC2O4↓+ 2 NH4Cl


Тұнба сірке қышқылында ерімейді, бірақ минералды қышқылдарда жеңіл ериді. Реакцияны барий тұздары болған жағдайда жүргізуге болмайды. Бұл кальций ионына өте маңызды фармакопеялық реакция болып табылады.



  1. Калий гексацианоферраты (II) кальций тұздарымен әлсіз қышқылды ортада, сірке қышқылында ерімейтін ақ түсті кристалды тұнба түзеді:

СаCI2 + K4[Fe(CN)6] + NH4Сl = СаКNH4[Fe(CN)6]2 ↓ + 3KCl


6. Микрокристаллоскопиялық реакция. Сұйылтылған күкірт қышқылы тұздарымен ине тәрізді CaSO4 кристалдарды құрайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет