І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет27/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

Сынап (І) катионның (Hg22+) реакциялары


1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер сынап (І) тұздарының ерітінділерінен ақ түсті сынап (І) хлоридін немесе каломельді тұнбасын түзеді:

Hg2 (NO3)2 + 2HCl = Hg2Cl2↓ + 2HNO3


Аммиактың сулы ерітіндісі ақ тұнбаны қара түсті металл сынапқа айналуына септігін тигізеді:


Hg2Cl2 + 2NH3 = Hg(NH2)Cl↓ + Hg↓ + NH4Cl




2. KI калий иодиді сынап (І) иодидімен жасыл түсті тұнба түзеді:

Hg2 (NO3)2 + 2KI = Hg2I2↓ + 2KNO2


Тұнба сынап (ІІ) иодидіне және металды сынапқа оңай айырылады, бұл кезде тұнба түсі өзгереді:


Hg2I2 = HgI2↓ + Hg↓


3. K2CrO4 калий хроматы сынап (І) тұздарымен қыздырғанда қызыл-қоңыр түсті Hg2CrO4 тұнбасы түзіледі:

Hg2 (NO3)2 + K2CrO4 = Hg2CrO4 ↓+ KNO3


Тұнба сілтілерде және сұйылтылған сірке қышқылында ерімейді.


3.4 Екінші аналитикалық топ катиондар қоспасының анализі



  1. Екінші топ катиондарын тұндыру. Анализденетін 2 мл ерітіндіге тамшылатып НСІ (1: 3) ерітіндісін тұнба түсуі тоқтағанға дейін қосады және артық екі тамшы енгізіледі. Қосылған әр мөлшерден кейін ерітіндіні мұқият араластырады. Тұнбаның шөгуіне уақыт береді және ерітіндінің тұнбаға толық түскені бақыланады.

Центрифугаланған ерітіндіден тұнбаны бөледі. Центрифугатты шеттетеді. Тұнба құрамында күміс, қорғасын және сынап хлоридтері болады.

  1. Тұнбаны зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет