а). Қорғасын иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. Хлоридтер тұнбасына 1мл қайнаған суды қосады, қоспаны шыны таяқшамен үйкейді және су моншасына қояды. Осы кезде қорғасын (ІІ) хлориді ерітіндіге ауысады.
Таза пробиркаларға бірнеше тамшыдан алады. Бірінші пробиркаға 2 тамшы калий иодиді ерітіндісін, екіншісіне екі тамшы калий хроматының ерітіндісін қосады. Екі пробиркада тұнбаның түзілуі қорғасын иондарының барын дәлелдейді. Егер қорғасын ионы байқалса, оны тұнбадан бөліп алу қажет. Ол үшін 1,5-2 мл ыстық суды қосады, араластырып және қайнаған су моншасында 2 мин қыздырады. Ыстық ерітіндіні бөліп алады. Бұл операцияны қорғасын ионына калий хроматының ерітіндісімен оң реакция беруін тоқтағанға дейін қайталайды.