3. Калий (II) гексацианоферраты K4[Fe(CN)6] темір (ІІІ) тұздарының бейтарап немесе қышқыл ерітінділерінен қоңыр-көк түсті берлин лазурі тұнбасын тұндырады:
4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3↓ + 12KCl
Сілтілер берлин лазурін ыдыратады. Реагенттің артық мөлшері пайда болған комплексті тұзды қайта ерітіп жібереді. Реакция өте сезімтал, сондықтан әдетте зерттелетін ерітінділерде Fе3+ иондарын анықтау мақсатында қоланылады.
4. Аммоний сульфидін (NH4)2S темір (ІІІ) тұздары ерітіндісіне қосқанда қара түсті темір (ІІІ) сульфиді тұнбасын береді:
2FeCl3 + 3(NH4)2S = Fe2S3↓ + 6NH4Cl
Бұл тұнба қышқылдарда ериді.
5. Калий немесе натрий иодиді қышқылдық ортада темір (ІІІ) тұздарымен бос иодқа дейін тотығады:
2FeCl3 + 2KI = 2FeCl2 + 2КСl + I2
Бір тамшы крахмалды қосқан кезде дақ көк түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |