2. Бесінші топтың катиондарын тұндыру. Пробиркаға 20 тамшы зерттелетін ерітіндіні енгізеді оған сілтілік реакцияға дейін 10% NaOH ерітіндісін және тағы 5 тамшы артық мөлшерін, 5-6 тамшы сутек пероксидін қосып араластырады. Газ бөлінуі тоқтағанша қайнаған су моншасында қыздырады. Центрифуга көмегімен тұнбаны ерітіндіден бөліп алады. Центрифугатты төгіп тастайды. Құрамында темір, марганец, магний және висмут болатын тұнба түріндегі Fe(OH)3, MnO(OH)2, Mn(OH)2 ,Bi (OH)3 қосылыстарды аммоний нитраты ерітіндісінің бірнеше тамшысы қосылған ыстық сумен жуады.