І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет57/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

4. Калий K2[Sn(OH)4] немесе натрий Na2[Sn(OH)4] станниттері
сілтілік ортада Bi3+ ионын металл висмутқа дейін қара түсті тұнба түзіп тотықсыздандырады:

2Bi(OH)3 + 3Na2[Sn(OH)4] ↔ 2Bi↓ + 3Na2[Sn(OH)6]


Қара түсті металл висмуты тұнады.


5. Na2S натрий сульфиді висмут тұздарымен висмут сульфидінің қоңыр тұнбасын түзеді:

2Bi(NO3)3 + 3Na2S = Bi2S3↓ + 6NaNO3


Тұнба концентрацияланған хлорсутек қышқылында және қайнату барысында азот қышқылында ериді.


3.11 Бесінші аналитикалық топ катиондары қоспасының анализ барысы




1. Алдын-ала сынамалы зерттеу. Fe2+ және Fe3+ катиондарын ашуға бесінші топ катиондары кедергі болмағандықтан, бұл иондардың қатысын бөлуге дейінгі қоспадан тексеріледі.
Темір (ІІ) қатысын тексеру. Пробиркаға 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 1 тамшы қызыл қан тұзы K3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосады. Көк түсті тұнбаның түзілуі темір (ІІ) иондарының қатысын дәлелдейді.
Темір (ІІІ) қатысын тексеру. Пробиркаға 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 1 тамшы сары қан тұзы K4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосады. Қоңыр-көк түсті тұнбаның түзілуі Fe3+ иондарының қатысын көрсетеді.
Сынамалы тексеру. 2 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2 тамшы калий роданидін қосады. Қызыл түстің пайда болуы темір (ІІІ) тұздарының қатысын растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет