І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет15/16
Дата15.09.2017
өлшемі3,39 Mb.
#33247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тестің кілті

Сұрақ №

ДМ

ҚМ

ДДМ

1

a

b

c

2

a

b

c

3

a

b

c

4

a

b

c

5

a

b

c


Тест нәтижесін өңдеу:

Тест нәтижесін өңдеуде респондент жауаптарының мәдениет типтеріне қарай орташа пайыздық көрсеткішін шығару қажет. Алынған нәтиже бойынша топ мүшелерінің қай мәдениет типіне жатқызу керектігін анықтауға болады.



Тест интерпретациясы:

Бірінші тип – дәстүрлі мәдениет (ДМ) – адамдардың тарихқа, мәдени-тарихи мұраларға, салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке деген жоғары қызығушылық деңгейімен сипатталады. Мәдениеттің осы типіне жататын адамдар табиғатттың тылсым күштеріне, құбылыстарына өызығады, дегенмен оларды шешуге ұмтылыстары жоқ деп айтуға болады. Отбасын, діни наным-сенімдерін жоғары қояды. Мұндай мәдениет типінде адамдардың ішкі жан дүниесінің бостандығына жол берілмейді, өйткені адамдар теріс қылыққа бармау үшін, оғат қылық жасамауы үшін өз қоғамдастарының қатаң бақылауында болуы тиіс деп санайды. Шешімді қауым болып табады, ал шешімнің нәтижесі аға ұрпаққа байланысты болады.

Екінші тип – қазіргі мәдениет (ҚМ) – заман ағымына қарай өзгеріске ұшырауға бейім. Табиғатпен үйлесімде өмір сүруге, табиғат заңдылықтарын сақтауға тырысады. Бұл мәдениет типінде басты фактор – адам және оның құқтары, тұлға ретінде дамуы, өмірлік орнын табуы. Адамдар арасындағы өзара қатынастар әлеуметтік жүйедегі ролі мен статусына байланысты қалыптасады. Достық қатынастар өте баяу дамығанымен, уақыт өткен сайын терең мағынаға ие болады. Мұндай қоғамда адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін адамгершілік, этикалық нормалар мен ережелер арқылы реттеп отырады. Тұлғааралық қатынаста өздерін ұстай біледі, ролдік және әлеуметтік қашықтық сақтауға тырысады. Қандай да жеке шешімдерді қабылдау барысында топтардың, отбасының, еңбек ұжымы мүшелерінің қызығушылығы, жоспары, қажеттіліктері, келісімдері ескеріледі. Өз жұмыс нәтижесіне материалдық емес, моралдық марапат (атақ-даңқ, мойындау, табысқа жету) алуға тырысады.

Үшінші тип – динамикалық дамушы мәдениет (ДДМ) – адамдардың болашаққа көзқарастарын, нәтижеге жылдам жетуді көрсетеді. Өз жоспарларын қысқа және тез шешімге жетуге болатындай етіп жоспарлауға тырысады. Бұл типтегі адамдар үшін «уақыт, ол - ақша». Табиғатқа «жұмбақ», тылсым дүние ретінде қарамайды, керісінше табиғат адамға бағынуы қажет деп есептейді. Еркіндікті жоғары қояды, тәуелсіздікті, жеке даралықты, дербестікті маңызды деп түсінеді. Жұмыс нәтижесін материалдық тұрғыда бғалау қажет деп есептейді. Көбіне өзін саналы түрде табысқа жету жолында, материалдық құндылықтардың жолында құрбандыққа шалуға дайын.



Тіл табысқыштық деңгейін бағалау

(В.Ф.Ряховский тесті б/ша)
Нұсқау: Тест адамның қарым-қатынас құзыреттілігін анықтауға көмектеседі. Берілген сұрақтарға «иә», «кейде» немесе «жоқ» деп жауап қайтару қажет.

Тест сұрақтары


  1. Қандай да кездесуді күткен кезде шыдамдылық шегінен шығатын сәттерініз болады ма?

  2. Жиналыстарда, кеңестерде немесе басқа да іс-шараларда баяндамамен топ алдына шығу сізде үрей не ұялшақтық сезімдері туындайды ма?

  3. Дәрігерге бару қажеттілігін соңғы сәттерге дейін созып жүре бермейсіз бе?

  4. Сізді жұмыс бабымен өзіңіз бұрын-соңды болмаған қалаға жібермекші болды. Осы сапарға бармау үшін әрекет жасайсыз ба?

  5. Өзіңізді мазалап жүрген ойлармен әлдекімдермен бөлісесіз бе?

  6. Көшеде бейтаныс адам қандай да бір сұрақпен (сағат сұрап, көше сұрап не т.б.) сізден көмек сұрағанға ашуланасыз ба?

  7. Әр буын өкілдері бір-бірін түсінбейді, бұл өмір бақи шешілмейтін мәселелердің бірі дегенге сенесіз бе?

  8. Бірнеше ай бұрын қарызға ақша алған таныс адамнан менің ақшамды бер деп сұрауға ұяласыз ба?

  9. Мейрамхана немесе асханада сізге сапасыз тағам ұсынды. Осы жағдайда ыдысты ашулана итеріп, үндемей қоя саласыз ба?

  10. Бейтаныс адаммен бетпе-бет келіп, үндемей отырдыңыз. Ол әңгімені бірінші болып бастады дейік, осы жағдай сізді қынжылдыра ма?

  11. Ұзыннан-ұзақ кезекте тұруға (дүкенде, театрда, кассада, кітапханада) шыдамдылығыңыз жетпейді. Мұндайды көргенде кезекке тұру туралы ойыңызды өзгертесіз бе, жоқ кезектің аяғын күтуге тырысасыз ба?

  12. Конфликтік ситуацияларды шешуге байланысты коммисия жұмыстарына қатысудан қорқасыз ба?

  13. Әдебиет, мәдениет, өнер туындыларын бағалауда өз көрсеткіштеріңізден басқа ешкімнің пікірін тыңдамайсыз, осыған келісесіз бе?

  14. Өзінің жақсы білетін мәселе төңірегінде болып жатқан жаңсақ пікірталасты құлағыңыз шалып қалды. Пікірталасқа араласпай, үндемей қала аласыз ба?

  15. Әлдебіреудің қызмет бабында айтқан өтінішіне ашуланып, қынжылу сезімі болады ма?

  16. Ауызша формаға қарағанда өз ой-пікіріңізді жазбаша білдіруге тырыспайсыз ба?


Қарым-қатынаста өзіндік бағалауды анықтау тесті

(М.Снайдер бойынша)

Нұсқау: төменде берілген 10 сөйлеммен жақсылып танысып, жауап беріңіз. Әр сұрақты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп белгілеп шығыңыз. Дұрыс деп тапсаңыз «Д» әріпін, ал керісінше болса, «Б» әріпін әр сұраққа қойыңыз.


Тест сұрақтары:


              1. Басқа адамдарға ұқсауға тырысу мен үшін өте қиын.

              2. Жанымдағы адамдардың көңілін аулау немесе назарын өзіме аудару үшін әжуа болуға да бармын.

              3. Менен жақсы актер шығар еді.

              4. Басқалар мені не нәрсе болса да жүрекке жақын қабылдайды деп ойлайды, ал шындығында олай емес.

              5. Көпшілік назарының ортасында жиі бола бермеймін.

              6. Түрлі жағдайларда және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді әрқилы ұстаймын.

              7. Өзім шын мәнінде сенімді ғана нәрсені жақтаймын.

              8. Іс-әрекет және түрлі адамдармен қатынасқа түсу барысында жетістікке жету үшін, олардың көңілінен шығуға тырысамын.

              9. Кейбір адамдар өзіме ұнамаса да, олармен достық қарым-қатынаста болуға тырысамын.

              10. Мен үнемі басқалар ойлағандай бола бермеймін.

Нәтижесін өңдеу:

1, 5 және 7 сұрақтарға «Б» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан, ал қалған 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10 сұрақтарға «Д» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан беріледі. Алынған нәтиже көрсеткіштерінің ортақ қосындысы есептелінеді.
Тест классификаторы:0 – 3 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі төмен. Мінез-құлқы бірқалыпты және жағдайға қарай өзін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынаста шынайы ұстайды. Мұндай адамдардың тікбақайлығына қарай көп адамдар ұната бермейді.
4 – 6 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі орташа. Шынайы болуға тырысқанмен, эмоциясын игере алмайды. Айналасындағы адамдармен санаса біледі.
7 – 10 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары. Кез-келген ролге оңай кіріп, жағдайдың өзгеруіне қарай бейімділіп отырады. Кез-келген ортада өзін жақсы сезінеді және ортаның өзі туралы ой-пікірін алдын-ала білуге мүмкіндігі жетеді.
Коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті
1 нұсқасы
Нұсқау: өз көңіліңіз толмайтын және кез-келген адаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ашуландыратын жағдайлардың тұсына белгі қойып шығыңыз.
Нәтижесін өңдеу: белгі қойылған жағдайлардың пайыздық көрсеткішін шығару қажет.
Тест классификаторы
70 – 100 % - коомуникативтілік іскерлігі төмен. Өзгелерді тыңдауға және өзіңізді ұстай білуді үйрену қажет.

40 – 69 % - қандай да кемшіліктер кездеседі. Айтылған сындарды найзаның ұшымен қабылдайды. Жақсы әңгімелесуші болу үшін әлі де біраз іскерліктерді меңгеру қажет. Асығыс шешім қабылдауға бейім.

10 – 39 % - жақсы әңгімелесуші болғанмен, кейде өзгелерді тыңдауға шыдамы жетпейді. Ойды аяғына дейін, толық тыңдауға дағдылану қажет.

0 – 9 % - өте жақсы серіктес бола алады. Өзгелерді тыңдай біледі. Мұндай адамдардың қарым-қатынас стиліне өзгелер үнемі қызығушылықпен қарайды.



Жағдаяттар нұсқалары

Сіздің көңіліңіз толмайтын жағдаяттар

1. Айтатын ойымды айтуға қарым-қатынасқа түсуші серігім мүмкіндік бермейді




2. Әңгіменің ортасынан бөліп жібере береді.




3. Әңгімелесу барысында серігім көзіме тіке қарап отырмаса, ол мені тыңдамай отыр деген сенімсіздік болады




4. Көңілім толмайтын адаммен әңгіме айту мен үшін уақытты босқа кетіру




5. Менің сөзіме қарағанда, ол үшін қарындаш пен қағаз маңыздырақ сияқты




6. Әңгімелесуші адам мүлде күлмесе, менде мазасыздық күйі пайда болады




7. Сұрақтар мен сындарын айтып үнемі зейінімді бөле береді




8. Мен не айтсам да, ол менің әсерімді су сепкендей басып тастайды




9. Маған үнемі қарсы пікір айтып отырады




10. Менің сөзімнің мағынасын өзгертіп, үнемі өзінің ойын айтып отырады




11. Менің сұрақтарыма қарсы сұрақ қойып отырады




12. Естімеген адам сияқты бір сұрағанын қайталап сұрай береді




13. Сөздің аяғына дейін тыңдамастан бөліп тастап, бірақ соңында өзі келіседі




14. Әңгіме барысында мені тыңдамай басқа іс-әрекет жасап отырса, ол бар зейінімен тыңдап отырғанына сене алмаймын




15. Мен үшін шешім шығарып үлгереді




16. Менің сөзімнің арасына сөз қыстырып үлгереді




17. Кірпігін қақпастан, үнемі менен көзін алмастан қарап отырады




18. Мені бағалап отырғанын сезсем, ол мені қатты мазалайды




19. Менің ұсынған жаңа ойыма, ол да дәл солай ойлағанын айтса ашуым келеді




20. Әңгіме барысында жестті көп пайдаланғаны (басын изей беруі, мақұлдай беруі, шамадан тыс таңдану) мені мазалайды




21. Мен шындық әңгіме айтып отырған жағдайда, үнемі қалжыңға айналдырып жібереді




22. Әңгіме айтып отырып, үнемі сағатына қарай береді




23. Қызмет бөлмесіне мен кірген кезде, бар жұмысын тастап, маған қарайды




24. Серіктесім мен оған кедергі жасап отырған секілді үнемі сыңай танытады




25. Өз ойымен менің де келісуімді талап етеді






Вербалсіз коммуникацияны бағалаудың эксперттік әдістемесі

(А.М.Кузнецова Бойынша)

Нәтижесін өңдеу:



              1. Көзқарастың жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіштері – 1, 5, 8, 12, 15, 17 сұрақтар.

Жалпы ұпай саны +9 –дан -9 –ға дейін болуы мүмкін.

              1. Басқа адамның вербалсіз әрекетіне деген сензитивтілік пен сезімталдық көрсеткіштері – 2, 4, 7, 11, 14, 18, 20 сұрақтар.

Жалпы ұпай саны 28 –ден 7 –ге дейін болуы мүмкін.

              1. Қарым-қатынас жағдайына байланысты өз вербалсіз әрекетін басқара алу көрсеткіштері – 3, 6, 9, 10, 13, 16, 19 сұрақтар.

Жалпы ұпай саны 23 –тен 2-ге дейін болуы мүмкін.

Әр берілген параметрлер бойынша респиенттің жеке-жеке нәтижелері есептеліп, 5, 8, 12, 19 сұрақтардың ұпайлары өз параметрлерінің жалпы көрсеткіштерінен алынып тасталынады.

Әдістеме нәтижесі әр респиентті үш тұрғыдан және перцептивті-коммуникативтік даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда жалпы ұпай саны 0 –ден 60 –қа дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттелушінің вербалсіз коммуникациясы құрылымының сапалық талдауын жасауға болады.

Нұсқау: Сізбен қарым-қатынасқа түскен адамның іс-әрекетіне сәйкес әр сұраққа жауап бланкіндегі берілген 4 нұсқасының біреуін таңдаңыз.


Әдістеме сұрақтары:

              1. Сіздің ойыңызша, ол өз сөзінің мазмұнын тілдік емес құралдармен (жест, мимика, қимыл-қозғалыс және т.б.) жақсы толықтыра ала ма?

              2. Сіздің эмоцияңызды бет-әлпетіңізге қарап, түсіне ала ма?

              3. Басқа адамдарға деген қатынасын және сезімдерін жеткізу үшін тиісті дауыс ырғағын қолдана ала ма?

              4. Сіздің ойыңызша, ол көзқарастан барлық жағдайды (ұнатуды, көңіл білдіруді, қобалжуды және т.с.с.) түсіне ала ма?

              5. Өз сезімін білдіру кезінде вербалсіз коммуникация құралдарын көп пайдаланады деген ой сізде туындамайды ма?

              6. Ол өзінің жағымсыз эмоциясын меңгере ала ма?

              7. Қалай ойлайсыз ол сіздің дауысыңыздың өзгергенін дер кезінде байқайды ма?

              8. Әңгіме барысында оның сөзі мен вербалсыз коммуникация құралдарының арасында байланыс болмайтын кездер жиі бола ма?

              9. Сіздің ойыңызша, ол басқа адамдарға деген көңілін көзқарасы арқылы ғана білдіре ала ма?

              10. Сіз қалай ойлайсыз, қақтығыс сәттерінде ол өз мимикасын меңгере ала ма?

              11. Оның мимикасын үйлесімді, мәнерлі деп айта аласыз ба?

              12. Сіздің ойыңызша, оның бойында жағымсыз мимикалары бар ма?

              13. Басқалардың қысымын баса алатын, өзіне икемдей алатын жұмсақ интонацияларды пайдалана ала ма?

              14. Сіздің қимыл-қозғалысыңыздың, жүріс-тұрысыңыздың өзгеруіне қарай, ол сіздің көңіл-көйіңіздің, өзіңізді сезіну жағдайыңыздың өзгергенін түсіне ала ма?

              15. Өз жағымсыз көңіл-күйін вербалсыз коммуникация құралдары арқылы жеткізе ала ма?

              16. Өзгелерге деген сыйластық қатынасын өз мимикасы арқылы түсінікті жеткізе ала ма?

              17. Өте мәнерлі болуға тырысқанымен, оның айналасындағы адамдарға деген шынайы қарым-қатынасын оңай түсіне алуға бола ма?

              18. Сіз кейде арнайы жасанды қылық көрсетіп отырсаңыз да, сіздің шынайы қатынасыңызды түсіне ала ма?

              19. Таныс емес ортаға түскенде өзін ыңғайсыз сезінетін сәттері жиі байқалады ма?

              20. Ол сіздің қарым-қатынасқа түсуге ниетіңіздің болмай тұрғанын түсінуге бейімділігі бар ма?

Вербалсіз коммуникацияны бағалаудың эксперттік әдістемесі
Жауап бланкі
Мерзімі _______________________________

Аты-жөні ______________________________




Сұрақтар

А

«үнемі»

Б

«жиі»

В

«кейде»

Г

«ешқашан»

1

А

Б

В

Г

2

А

Б

В

Г

3

А

Б

В

Г

4

А

Б

В

Г

5

А

Б

В

Г

6

А

Б

В

Г

7

А

Б

В

Г

8

А

Б

В

Г

9

А

Б

В

Г

10

А

Б

В

Г

11

А

Б

В

Г

12

А

Б

В

Г

13

А

Б

В

Г

14

А

Б

В

Г

15

А

Б

В

Г

16

А

Б

В

Г

17

А

Б

В

Г

18

А

Б

В

Г

19

А

Б

В

Г

20

А

Б

В

Г



«Курс тыңдаушыларының

дәрісханаларда әдеп сақтау ережелері» тест-фреймі
Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-», келіссеңіз «+» таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.



    1. Курсқа қатысушы жақсы тыңдаушы бола білуі тиіс және сонымен қатар, өз ойын еркін жеткізуден ұялмауы қажет. «Тыңдамаған сөз жетім...» екенін санаңызда ұстаңыз.

    2. Пікірталас жағдайларында дәйекпен сөйлеуі және басқа әріптестеріне шыдамдылық таныта білуі тиіс. «Сабыр түбі – сары алтын» екенін естен шығармаңыз.

    3. Дәріс берушілерді және басқа әріптестеріңізді шынайы көңіл қойып тыңдау және инквизиторлық сипаттағы сұрақтарды қоюдан аулақ болу. «Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің» деген сөзді білесіз бе?

    4. Қарым-қатынасқа түсуші топ мүшелерінің әрқайсысымен вербалсыз қатынасқа түсе алу. «Ымды түсінбеген дымды да түсінбейді» деген сөзді қалай түсінесіз?

    5. Сыпайы сөйлеуге тырысыңыз. «Жылы-жылы сөйлесеңіз, жылан інінен шығады» демеп пе еді?

    6. Әріптесіңіздің әлсіз тұстарын басып айтудан көрі керісінше, оны қолдап, көмек көрсете біліңіз. «Жығылып жатып сүрінгенге күлме» деген бар.

    7. Жалған бейне жасаудан, жалған сөйлеуден аулақ болыңыз. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» емес пе?

    8. Дәріс соңындағы ой-талқыларға белсенді қатысып, осы күндерде үйренген, көрген, білген білімдеріңізді көрсетіп отырыңыз. «Баяғы жартас, сол жартас...»

    9. Асығыс шешімдер жасаудан аулақ болыңыз. Айтатын ойыңызды әбден ойланып, пісіріп барып айтуға тырысыңыз, себебі сіз бұл курста бір үлкен білім мекемесінің өкілі екеніңізді ұмытпаңыз. «Асыққан сайтанның ісі» немесе «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген сөз маржандарын ұмытпаңыз.

    10. Өзіңізді топтың басқа мүшелерінен артық көру, жоғары санау -өте ұят іс. «Бөлінгенді бөрі жейді» деген сөз тағы бар.

Ескерту: өз жауаптарыңыздағы «+» таңбасымен белгіленген сұрақ жауаптарын санап, шыққан нәтижені есептеңіз.


Жауап бергеніңізге көп рақмет!
Тест нәтижесін шығару:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет