І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырмалар



бет35/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org
2.УМКД Иннов. басқару іскерлік коммуникация
Студенттерге берілетін тапсырмалар.
  1. Сауат ашудың мақсаты.


  2. Сауат ашудың даму тарихы.


  3. Сауат ашудың міндеттері.




ІІ. Стеденттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.
  1. Жоспар бойынша студенттердің пікірін тыңдалып, талданады.


  2. Сауат ашу жұмысының даму тарихына үлесін қосқан педагог- ғалымдардың еңбектерін талдау.




ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
  • «Балбөбек», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша сауат ашу бөліміне талдау.


  • «Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау» бағдарламасын талдау.




7.2.  Сауат ашу жұмысының кезеңдері.
Мақсаты: Сауат ашудың кезеңдері мен әдістері туралы меңгерту. Әр кезең бойынша әдістерді басшылыққа ала отырып, технологиялық карта құруға үйрету, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар
  1. Сауат ашудың әдістері.


  2. Сауат ашудың кезеңдері.


а) әліппеге дейінгі дайындық;


ә) әліппе;
б) әліппеден кейінгі ;
  1. Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар.


Балабақшадағы сауат ашу жұмысында буынға бөліп оқыту тәсілі, жеке сөздерді оқыту тәсілі, әріптерді теріп оқыту тәсілі және дыбыстық талдау, жинақтау әдісі қолданылды. Қазіргі кезеңде осы әдіс-тәсілдердің ішінен талдау-жинақтау әдісі балалардың сауатын ашуда тиімді әдіс екендігін байқатты. Бұл әдістің негізі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау кезеңдерінде балалар сөйлемдерді жеке сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдап үйренеді. Ал жинақтау әдісі бұған керісінше жеке дыбыстардан буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Кейде бұл әдісті аналитикалық, синтетикалық әдіс деп атайды.


Сауат ашу кезеңі негізінен 3 /үш/ кезеңге бөлінеді:


  1. Дайындық кезең. Балалардың тілін дамытуға байланысты зерттеу жүргізген Сағира Рахметова осы кезеңде төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керектігін айтқан.

— балаларға сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыру;


— балалардың сөйлеу мәнеріне көңіл аудару, олардың тіл кемістігін түзету;
  • тәрбиешінің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру;




  1. Әліппе кезеңі. Бұл кезеңде дыбыс пен әріпті таныстыру, үйрету дауысты дыбыстардан басталады. Өйткені дауысты дыбыстар созып айтуға келеді. Мысалы: Әліппенің алғашқы төрт сабағында балалар А, О сияқты жуан, ашық дауыстылармен танысады. Сондай-ақ дауыссыз “Л” дыбысын, бірде дауысты бірде дауыссыз “У” дыбысын, қысқа “Й” дыбысын оқып танысады.

Сөйтіп әріп үйрету кезеңдерінің алғашқы он сабақтарында балалар сөз ішінен бөліп алуға жеңіл дыбыстарды меңгереді. Егер балалар сөзді буын жігімен оқи білуге төселсе, олардың сөйлемдерді құрастыруы да жеңіл болады. Әліппе кезеңдеріңдегі қиындық келтіретін жұмыс балаларға жіңішке буынды сөздерді үйрету. Өйткені жіңішке дауыстылар өздерінің қасындағы басқа дыбыстарды жіңішкертіп жібереді. Сондықтан жіңішке буынды сөздерді буындарға бұрыннан таныс жуан буынды сөздермен салыстырып оқыту керек. Мысалы, бір буынды сөздер өр-ор, сан-сән, тор-төр т.б.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет