Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
Отбасындағы ақау тәрбие;
Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
Жұмыссыздық;
Баланың бос уақытының шамадан тыс көп болуы;
Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
Мінез-құлқының ауытқушылығы;
Рухани құлазуы
Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі – сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді.
Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер
Себептердің бірі – балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады
Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу
Үшінші себеп – кей жағдайларда ұл балаға жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді