Отбасы
Қоршаған орта
Мектеп
Ата-ана
Қоршаған орта
Жағдаят №1
Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.
Сұрақтары:
Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
Класс жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?
Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
Жағдаят №2
Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештеңе жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.
Сұрақтары:
Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?
Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |