І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-синтезі



бет16/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

2.6. Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-синтезі.
Дене жаттығуларын оқытудың ең басында шұғылданушы үлгілі сипатына (құрылымы бойынша) барынша жақын қимылды орындауы үшін тырысуы қажет. Бұл үшін екі әдісті қолдану керек: бірінші-жағдайда жеңілдету, қимыл қарқынын төмендету; екіншісі-спорт жаттығуларын жеке қимылдар мен амалдарға қимыл құрылымдары бойынша барынша қарапайым жаттығуларға бөлу. Оқытудың бірінші әдісі бүтін деп, екіншісі-бөлшектеу деп аталады. Олардың бірігіуін кешенді әдіс деп атайды.

Ең бір дұрыс әдіс ретінде кешенді әдісті тануға болады. Бөлшектеу немесе бүтін әдістің күрделі қимылдарды оқытуда өзіндік мәні жоқ. Алайда, «кешенді әдіс» деген түсініктің өзі оның мазмұнын аша алмайды. Бұнда қимылдың анализ-синтезі түсінігін қолдану дұрыс.Қимылдың талдау-жинақтауы дене тәрбиесі мен спорттың педагогогикалық ұстанымдарының бірі ретінде көрінеді. Бұл ұстаным, бұның алдында айтылғандай күрделі идеяларды, құбылыстар мен әрекеттерді барынша қарапайым ұғымдарға түсінуі, меңгеруі және дамытуы жақтарынан жеңіл ұғымдарға бөлшектеу қажет заңдылығына негізделеді. Дене жаттығуларын оқытуда талдау-жинақтауды іске асырудың міндетті талаптары бөлшектенген жүйе бүтін жаттығуларда өзінің органикалық бірлігін жоғарылатпаудан тұрады. Бөлінген бөліктер фазалар мен элементтер күрделі үйлесімге біріктірілгенге дейін барынша жақсы бекуі тиіс. алайда жекелеген бөлшектерде ұзақ жаттығулар күрделі дене жаттығуларын бүтіндей орындауда қимыл үйлесімі бұзылады. Сондықтан спорт жаттығуының бірнеше бөліктері, фазалары мен элементтерін бір-біріне кезеңдеп ауысып, бір мезгілде шұғылдану қажет.Талдау деңгейі шұғылданушының бөлшектенген жүйе қимылын дұрыс орындау қабілетіне байланысты болады. Әр шұғылданушы үшін әрбір спорт жаттығуын да ол дұрыс, әрі спорт жекпе-жегінің шынайы жағдайында түгелдей орындай алатын аталған спорт жаттығуларының топтарына тән күш жұмсап жасай алатын бөліктер мен фазаларды табу қажет.Дене жаттығуларын меңгерудегі табыс оның топтарын үйрену бірізділігіне тәуелді. Әрбір күрделі дене жаттығуларында бөліктер, фазалар мен элементтер болады, олардың дұрыс орындалуынан көп деңгейде қимыл тиімділігі байланысты болады. Спорт жаттығуларының негізін бүтіндей-негізгі бөлім, спорт жаттығулары бөлімінің негізін-негізгі фаза; спорт жаттығуының негізгі фазаларын-негізгі элемент деп бөледі. Мысалы, биіктікке, секірудің төрт бөлімінің (жүгіріп келу тебілу, кедергіден өту, қону) негізгі бөлімі тебілу; тебілудегі негізгі фаза тебілу аяғын және соған лайық, дене қалпын қою; фазада тебілу үшін негізгі элементтер бел мен иықтың қимылы болып табылады.Спорт жаттығуларының негізін белгілеуді ішінара жасаған жақсы, өйткені оқытуды соның өзінен бастау керек. Түрлі спорт жаттығуларында, сол сияқты олардың жеке бөліктері мен фазаларында қимыл негізгі басында, ортасында және соңында болады.

Егер біз үйренетін күрделі құрылысты дене жаттығуларын Н әрпімен, ортасын С әрпімен, соңын К әрпімен белгілесек, онда сызбада күрделі дене жаттығуын үйренуінің бірізді дұрыс үш нұсқасын келтіруге болады.Бірінші нұсқада күрделі дене жаттығуының негізгі бөлімі басында тұр. Ол бірінші меңгеріледі. Одан кейін қимылдың ортаңғы бөлімінің тәсілі үйретіледі. Оған енді меңгерілген бастапқы бөлімі қосылады. Бұның соңынан жаттығудың қорытынды бөлімінің тәсілі үйретіледі. Оған меңгерілген ортаңғы бөлім қосылады. Соңында спорт жаттығуының тәсілі бүтіндей меңгеріліп, бекітіледі. Екінші нұсқада спорт жаттығуының негізгі бөлімі ортасында, ал үшінші нұсқада соңында болады.

Сонымен, күрделі дене жаттығуларының тәсілі үнемі қарапайымнан күрделіге немесе басынан соңына қарай, яғни әрекеттің жүру ретімен орындалмайды. Бірінші кезеңдерінде негізгі бөлім, фаза немесе элементтерді үйреніп, сосын оған басқаларын қосу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет