2.4. Спорт тактикасы
Спорттағы тактика – бұл спорт жарыстарында жақсы табысқа жету мақсатында туындаған ситуациялар мен жағдайларға байланысты спортшының немесе спорт командасының мінез – құлқының, қимыл-әрекетінің жоспарлы өзгеруі.Спорттың командалық түрлерінде жеке тұлғалық, топтық және командалық тактика түрлері бар. Өз саны жағынан тактикалық нұсқалар спорт тәсілінің бар түрлерінен көп.Жарысқа қатысуға дайындықты көзмейтін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында спорт тактикасы болмайды.
Спорт тактикасының өзгеруіне көптеген жағдайлар әсер етеді. оның біріншісі ретінде спорт түрінің ерекшелігін атауға болды. Тактикалық ерекшелігіне қарай спорттың барлық түрлері негізгі алты топқа бөлінеді.Бірінші топқа алыс қашықтыққа, ұзақ және орта қашықтыққа жарыстыратын айналымдық спорт түрлері жатады. Тактикалық тұрғыдан спорттың бұл түрлері өзінде қарсыластар арасында (жүзуден басқа) қатынас болатынымен ерекшеленеді, ал командалық есептегі жарыстарда әріптестер арасында өзара әрекет болуы мүмкін. Бұл спорт түрлерінің топтарында тактикалық бейнелеулер жарыс міндеттері мен метеорологиялық жағдайлар, қарсыластар құрамы және өз жағдайы есебімен қашықтық бөлігін басып өту кестесін (жылдамдық) алдын-ала құруға көмектеседі. Қажет орында қарсыластың оңтайлы қимылын пайдаланып, қарсыластан басып озу немесе соның артынан жүру т.б. жағдайда жылдамдықты өзгерту нұсқалары анықталады. Бұнда спортшының өзіне қолайлы күш жұмсау жолдарын ғана емес, сол сияқты қарсыласқа қолайсыз жағдай тудыру керек.Екінші топқа қысқа қашықтыққа жүгіруді қарастыратын айналымдық спорт түрлері кіреді. Тактикалық тұрғыдан оларда әріптестер арасындағы қарым-қатынас тек эстафеталық жарыстарда ғана мүмкін болады. Қарсыластар арасында қатынас болмайды, өйткені олардың жолдары бөлек. Тактика сөредегі мінез-құлықты анықтауға, алдын-ала және мәрелік жарыстарда күшті тиімді жұмсауға арналған.
Спорттың үшінші тобына жеңіл-атлетикалық лақтыру, секіру және ауыр атлетика жатады. Оларда спортшылар бір-бірінен бөлек, бірізбен, жеребе тастап анықтап өнер көрсетеді. Спортшылардың тактикалық ойлауы жаттығуды жетілген тәсілмен орындауға тырысу, қимыл фазасын немесе белгілі бір бөлігін қарқынды орындық немесе жай жоғары нәтижеге жетумен жасалады. Қарсыластар бір-біріне тек жанама әсер береді. Өзара ықпал құралы ретінде спорт жекпе-жегі барысында көрсеткен нәтижелер ең бастысы бола алады (мысалы, лақтырушының немесе ұзындыққа секірушінің бірінші әрекеттен жақсы нәтиже көрсетуі немесе жарысты үлкен салмақтан бастап, ендігі өз қарсыласынан тактикасын біршама асырған штангашы).Спорттың төртінші тобына спорт гимнастикасы, көркем гимнастика, акробатика, коньки тебу, батутке секіру, суға секіру жатады. Онда қарсыласпен байланыс жоқ. Спорт қимылдары өтетін талап тұрақты. Бұндай спорттағы тактика тәсілдік әдістердің, спорт жаттығулары элементтерінің, оларды біріктіру, қимылды барынша мәнерлеу құралдарын табудың өзгеруін қарастырады. Бесінші топқа бірсайыс және спорт ойындары кіреді. Ондағы қарсылас үшін күтпеген және жақсы ойластырылған тактика көп жағдайда жоғары маманданған, тәсілдік және дене жағынан жақсы дайындалған спортшыны немесе иықты команданы да жеңіп шығуға көмектеседі. Спортшының мінез-құлқы, оның қолданған тәсілдік амалдары әсіресе қарсыласына көп байланысты. Спорттың бұл түрінде тактикада шабуыл және қорғаныс тактикасы болып бөлінеді. Шабуылдың басы, дамуы және аяқталуы болады. Шабуыл қимылдарына барлау, маневр жасау, түрлі арбау қимылдары (финттер) жатады.Спорттың алтыншы түрі көпсайыс болып табылады. Ондағы тактикалық, белдесу аталған көпсайысқа ендірілген спорт түрлеріне тән тактика есебінен құрылады. Сонымен бірге спортшы тактикасы да жарыс барысында оның және оның қарсыласының көпсайыстың жеке түрлерінен жеткен нәтижелеріне байланысты өзгеріп отырады.Тактикаға әсері ететін тағы да басқа жағдайларға жарыс ережесі жатады. Оның өзгеруі спорт жаттығуын орындау әдістеріне, спорт жекпе-жегінің мерзімін шектеп жүргізу талаптарына әсер етуі мүмкін. Тактиканың бұлай өзгеруіне мысал ретінде волейболдағы шабуыл соққысында қорғаныс уақытында торға қолмен салуға рұқсат берілуімен байланыстылығын немесе еркін және классикалық күресте белдесуді 20-дан 10-минутқа дейін ұзақтығын қысқартуын келтіруге болады.Спорт тактикасын өзгертетін үшінші жағдайларға жарыс туралы ережелерден шыққан міндеттер мен спортшының немесе спорт командасының алдына қойылған міндеттерді айтуға болады. Жарыс туралы ережелер команда ішіндегі күшті дұрыс жұмсау мен жарыстың әр бағдарлама түріне қатысатын ойыншылар санын анықтайды. Спортшының алдына қойылған міндеттерге тәуелді тактикаға мысал ретінде өзі үшін ең жоғары нәтижеге жету немесе көрсеткен нәтижесімен де жеңіске жету талабын келтіруге болады. Бірсайыс түріндегі спорт түрлерінің командалық немесе жеке-командалық жарыстарында тактика кейде өзі алға шықпай-ақ, сол арқылы (өз командасының мүшесімен күрес) өз командасын жеңіске жеткізуге тиімді болатынына құрылуы мүмкін.
Спорт тактикасына әсер ететін төртінші жағдай спорт жарыстарына ықпал ететін сыртқы жағдайлар болып саналады. Жарыс өтетін орындардың, жарықтың, метеорологиялық және басқа да жайттардың өзгеруі спортшы алдына қойылған қимыл міндеттерін орындау амалдарын өзгертуді түсінуін білдіреді, яғни оларға спорт тактикасын таңдауға ықпал етеді. Тактиканың сыртқы шарттарға тәуелділігі шаңғы тебуде көрінеді, онда қашықтық бедері мен ауа-райы жағдайларының өзгеруі қозғалыс әдістері мен қимыл темпін өзгерту қажеттігін көрсетеді. Сыртқы жағдайлар спорт ойындарының тактикасын өзгертеді (мысалы, ашық күнде ойнап жатқан баскетболшыларға тактикасына көзді шағылыстыратын жарық алыстан доп салдырмайды және үлкен мөлшерде бөлініп шығуға мұршасын келтірмейді).Тактикаға әсер ететін бесінші жағдай – бұл әріптестер мен қарсыластар, олардың бой және салмақ өлшемдері, олардың қимыл сапасының даму деңгейі, мінез-құлық, тәсіл және тактика ерекшеліктері болып саналады. Бұның барлығы бірсайыс және спорт ойындарында тактикада көрінеді. Мысалы, боксшы қимылы қарсыласының қандай тұрыста ұрыс жүргізуіне, (оң қапталды және сол қапталды) оның бой, қол ұзындығына байланысты жүргізіледі.Спорт тактикасына ықпал ететін алтыншы жағдай спортшының өзінің жағдайы мен дайындығы, оның дене бітімі, тәсілдік дене және тактикалық дайындық деңгейі болып табылады. Бапкер спортшы алдына ол тәсілдік дағдыларды меңгеріп қажетті қимыл сапаларын дамытпайынша күрделі тактикалық міндет қоя алмайды. Нашар маманданған спортшыларда олардың тәсілдік және дене дайындығы қолданған тактикасын анықтайды, ал жақсы маманданған спортшыда керісінше тактиканы ойлауы көбіне тәсілді және орындалатын қимыл сипатын анықтайды. Шаршау да тактикалық міндеттерді орындауға едуәір ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |