І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін қосымша факторлар



бет10/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін қосымша факторлар

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге, әсер ететін қосымша факторларға күн тәртібі, іс-әрекет аясы, әлеуметтік және ғылыми-техникалық жағдайлар жатады.Күн тәртібі – бұл негізгі өмірлік бағыттарды орындаудың белгілі бір тәртібі және іс-әрекет пен демалыстың тиімді кезектесуі. Оның қажеттілігі адамның тәулік бойындағы физиологиялық процестерінің ырғағымен өтеледі. Ол тұрмыс пен еңбектің және денсаулық жағдайының нақты талаптары есебімен анықталады. Күн тәртібі тек өмірлік іс-әрекеттің белгілі бір ырғағын сақтау ғана емес, сонымен ақыл-ой мен дене еңбегі арасындағы, еңбек пен демалыс арасындағы, белсенді және қарапайым демалыс түрлері арасындағы дұрыс қарым-қатынасты, оның тиімділігін сақтауды да қарастырады. Жарыс қарсаңындағы күндердің күн тәртібіне, егер орындауға тәулік уақыты мен жағдайы үйренген уақыттан өзгеше болған жағдайда ғана болмаса, басқа уақытта түбегейлі өзгеріс ендіру дұрыс емес.

Жарыс кестесін өзгертуді алдын ала белгілеп (ең кем дегенде бір ай алдында) сабақ уақытын соған сәйкес жөндеу керек.Спорт түрлері қатарында негізгі жарыстардан бөлек мамандандырылған жарыстар да өтеді. Олар әдетте таңертең ерте өтеді. Бұл жағдайды ескермеген және таңғы уақытта жаттықпаған спортшылар көбінесе мамандырылған нормативтерді тіпті өздерінің айқын мүмкіндіктерінен төмен болса да орындай алмайды. Бұл өте маманданған спортшыларда да кездеседі.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін орындауға ықпал ететін басқа факторларға іс-әрекет ортасы, яғни метеорологиялық жағдайлар, климат жағдайлары және сабақ өтетін орындар жатады.Ескерілетін және мүмкіндігінше реттеліп отыратын метеорологиялық жағдайларға табиғаттың табиғи күштерінің ықпалы жатады (күн, ауа, су).Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы метеорологиялық жағдайлар қимыл тиімділігіне гигиеналық, білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешуге және ағзаны шыңдауға әсер ететін фактор ретінде қарастырылады.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ескерілетін және пайдаланылатын климаттық жағдайлардан ең маңыздысы сабақ өтетін жердің теңіз деңгейінен биік болуы болып табылады.Тау жағдайлары жазықтық бедеріне қарағанда ағза жүйесінің барлық жұмысының жоғары талаптарын орындай алады. Тауда спотпен шұғылдану (теңіз деңгейінен 1700-220м биіктікте) жаттығуды арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Олар жазықтық жағдайына қарағанда күшті, тездік пен төзімділікті дамытуға үлкен ықпал етеді. Мысалы, саусақ күшінің көрсеткіші тауда орта есеппен 2,5-3 кг-ға, ал кейбір жағдайларда-12 кг-ға дейін көтеріледі.Таудан қайтқаннан кейін ағзаның қызмет жағдайы көптеген өзгерістерді бастан өткереді, алғашқы күндері спортшы өзін жақсы сезінеді 3-5 күннен бастап оның жағдайы төмендеп, сосын 8-10 күннен бастап қайтадан жақсара бастайды. Жазыққа қайтқанда таудың жақсы әсері екі айға жуық сақталады. Тау ауа райы спортшылардың демалысы үшін де қолданылуы мүмкін. Егер қатты шаршаған жағдайда 7-10 күнге тауға бару керек, сонда ағза жағдайы тез жақсарады. Сол сияқты теңіз жағасында жүргізілген жаттықтыру сабақтары да ағзаға жақсы әсер етеді.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу үшін ең алдымен ол сабақтың ашық жерде немесе жабық мекемеде өтетіні де зор маңызға ие болады.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын ашық орындарда өткізу гигиеналық және педагогикалық тұрғыдан өте дұрыс. Бұл жаттығу қарқындылығы мен көлемін арттыруға, оның көңіл-күйге әсерін көтеруге, денсаулыққа дұрыс ықпал етуіне, спорт жетістіктерін көтеруге мүмкіндік береді. Жазғы спорт түрлерімен тіпті қыста да ашық орындарда шұғылдану денсаулыққа жақсы әсер етіп, спорт жетістіктерін арттыруға көмектеседі.

Сабақ өтетін мекеменің көлемі мен ойын алаңы іс-қимылға қатты әсер етеді. Жүзгіштің, гимнасттың, штангашының, баскетболшымен жеңіл атлетшінің көрсеткіштерінен белгілі болған нәтижелері жарыс өтетін орынға, яғни ашық аспан астында немесе жабық орында өтетініне байланысты көп айырмашылыққа ие болады. Спортшының көз алдындағы барынша еркін кеңістік ағашпен, қоршаумен, мекемемен алаңдары шектелген орындарға қарағанда жоғары жетістікке жету үшін өте қолайлы. Сондай-ақ алаңның шетінен диск, жебе, балға лақтыруда нәтижелер әдетте алаңның ортасынан шетіне қарай лақтыруға қарағанда төмен көрсеткіш береді.Сабақ өтетін орындардың ағза мен спорт нәтижелеріне әсерін бағалау мен есепке алуда жарықтың күші мен бағытының маңызын да ескеру керек. Сабақ өтетін орындардың жақсы жарықтануы – бұл оқытудың табысты өтуінің ең маңызды шарттарының бірі. Қараңғы қимыл дәлдігіне қиындық келтіреді. Спортшыларға бағытталған тіке жарық та кері әсер етеді, ол көруді нашарлатып, қимыл орындауға әріптесін, қарсыласын, снарядты бақылауға қиындық тудырады.Көптеген спорт түрлері алаңмен, жүгіру жолымен, қармен немесе мұзбен жүріп өтумен байланысты болып келеді. Жабысу күші, іс-қимыл өтетін жамылғы бетінің сапасы мен жағдайы, сол сияқты жергілікті жердің бедері де жүктеменің өзгеруі мен спорт нәтижелеріне әсер етеді.Сол сияқты сабақ өтетін орынның тазалығы мен тартымдылығы да маңызды. Мекеме бояуларының күңгірттігі, құрал-жабдық сапасының төмендігі, алаңдағы жасыл желектің болмауы да бір сабақ барысында спортшы жағдайына едәуір әсер етеді, ал бұл ұзақ уақытқа созылса, сабаққа зейіннің төмендеп көрсеткіштердің нашарлауына және көңіл-күйдің болмауына себеп болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижелеріне әсер ететін әлеуметтік жағдайларға ауқымды құбылыстар жатады, оның ішінде еңбек, оқу, тұрмыс пен тұрғын орын жағдайы, жанұядағы, оқудағы, еңбек пен спорт ұжымдарындағы және т.б. бар.Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады.

Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралы ғылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті. Жаттықтырудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы бұлшықет жұмысы мен тез қалпына келетін жұмыс қабілетін (қалпына келтіру құралдары) артыру үшін және сабақтың жиілігін көбейту, олардағы жүктемені ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды ықпал болып табылады. Бұндай құралдарға мыналар жатады: арнайы тамақтану, емдік шаралары, дәрумендеу, массаж, физитотерапевттік процедуалар, бірнеше фармакологиялық құралдар пайдалану, ине егу, машина, т.б. Спорт нәтижелеріне спорт жаттықтырулары мен спорт жарыстарының нәтижесі мен барысы туралы ақпараттық техникалық құралдарын жетілдіру үлкен ықпал көрсетеді.

Спорт жаттықтыруының дидактикалық және басқа да дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдарымен дене тәрбиесінің ғылыми негіздерін дамытуды қазіргі деңгейге сәйкес тану қажет:

а) оқыту мен дамытудың бірлігі;

б) сабақтың құрылымдылығы;

в) оқушылардың ерекшелігі мен жағдайының есебі;

г) қозғалыстың талдауы мен синтезі;

д) жаттығу барысын саналы және сезімді бақылау,

е) жүктемені бірте-бірте көтеру;

д) сәйкес жағдайларды реттеу мен тербеліс есебі;

з) қозғалыстағы тыныс алу дұрыстығы.



Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдістері мен құралдарына сабақ тапсырмаларын орындауға бағытталған оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекет түрлері мен қимылдары жатады. Олар дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері болып табылады.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын тиімді құру ағзаның барлық органдары мен жүйесіне жақсы әсер етеді.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының адам ағзасына әсерін анықтайтын негізгі фактор жүктеме деп аталады.Сонымен дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге ықпал ететін қосымша факторға мыналар жатады:а) оқушының күн тәртібі;б) іс-әрекет ортасы (сабақ өтетін орынның метеорологиялық және климаттық жағдайы);в) әлеуметтік жағдай және ғылыми-техникалық ілгерілеушілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет