I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: индуктивті және дедуктивті, абстракциялау т.б. қолдану жолдары



бет17/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org

3. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: индуктивті және дедуктивті, абстракциялау т.б. қолдану жолдары

Индукция – жекеден жалпыға, дарадан күрделіге айналатын пайым түрі. Индуктив ой жүйесі логика заңдарына бағынбайды, керісінше психологиялық фактор мен ықтималдық категориясына негізеледі. Индуктив ой тізбегі нақтылай түсуді, дәлелдеуді қажет етеді. Индуктив тұжырым ақиқат болуы да мүмкін, өйткені ол ықтималдық категориясында туындайды.
Дедукция – жалпыдан жекеге, күрделіден дараға айналатын пайым түрі. Адамның дедуктив ойлауы оның ой жүйесін нақтылай түседі, логикалық тізбекті жалғайды. Дедукция арқылы ақиқат дүниелерден жаңа тұжырым пайым жасалады. Ол тек ақиқат ұғымдармен дос. Ақпарат ақиқат болса, тұжырымның да ақиқат болу ықтималдығы жоғары.

Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу - бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алупроцесі.
4. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: талдау мен синтез, абстракциялау т.б. қолдану жолдары


Талдау – бұл нысанды ойша құрамдас бөліктерге бөліп, оларды жеке алдын ала зерттеу үшін оларға тән белгілер мен қасиеттерді анықтаудан тұратын теориялық зерттеу әдісі. Талдау арқылы эмпирикалық материалды жүйелеу, элементтердің өзара қатынасын анықтау.Зерттеу барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар,кестелер,жоспарлар,жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау – Нысанды сипаттау үшін оларды анықтап, әр бөлігін жеке қарастыратын зерттеу тәсілі.
Синтез – негізінде зерттеу нысанын біріктіру және осыған орай нысанды кешенді қарау қағидасы жататын әдіс. Осы әдіс бойынша нысан немесе нысандар тобы тұтас дүние ретінде барлық құрамдас бөліктерімен бірлікте қаралады. Бұл әдіс күрделі жүйелерді зерттеу кезінде қолданылады, сондықтан да жүйе немесе системологияның жалпы теориясы деңгейінде қарастырылады.Синтез – шашыраған элементтерді біріктіру үдерісі.
Абстракциялау – қарастырылып отырған үдерістің (құбылыстың) жалпы, қолданыста бар қасиеттеріне (заңдылықтарына) көңіл бөлу үшін, оның жеке, кейде жоқ қасиеттеріне ойша тоқталу. Абстракциялау, әдетте, екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде қолданыста жоқ байланыстар анықталады, екінші кезеңде зерттеу нысаны басты қасиеті сақталған қарапайым нысанмен ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет