I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі



бет26/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org

16. Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі
Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді
Бұл әдістемелік құралда мектеп психологына ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтауға және жақсартуға қажетті ақпаратпен қатар, классикалық әдістемелер, сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілген. Құралдағы жинақталған материалдар оқушыларға және ата-аналарға қарымқатынасты, тәрбие әдістері туралы диагностика мен дамытушылық, ағартушылық жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Мектеп психологтарына, мұғалімдерге және ата-аналарға қолдануға қажетті әдістемелік құрал.
17. Әдістемелік мақалаларды рецензиялау жолдары
Рецензиялаудың міндеті – басылым үшін авторлық қолжазбаларды қатаң іріктеу және оларды жақсарту бойынша нақты ұсынымдарды ұсыну болып табылады. Рецензия ғылыми мақаланы әділ түрде бағалауы және оның ғылыми, әдістемелік құндылығын және кемшілігін жан- жақты талдауын қамтамасыз етуі керек. Ұсынылып отырған рецензияның көлемі – 15 мың белгіге (әріптердің арасындағы бос орынды қоса есептегенде) дейін, шамамен мәтіні 12 кегл шрифтімен А4 үлгісінде 1,5 бетке дейін. Редакцияға келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде рецензиялауға жіберіледі.

Жауапты хатшы келіп түскен мақаланың журнал бейініне, оны ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды, содан кейін мақаланы ғылыми дәрежесі, біліктілігі, зерттеу тәжірибесі және мақала тақырыбына жақын ғылыми біліктілігі бар маманға рецензиялауға жібереді.


Екі жақты рецензиялау: авторға рецензент туралы мәліметтер берілмейді және рецензент туралы мәліметтер авторға берілмейді. Автор рецензияны қабылдаған кезде, оған рецензенттің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны туралы мәліметтер берілмейді.
Рецензенттерге тыйым салынады:
• қолжазбаны өз қажеттіліктері мен үшінші тұлғалардың қажеттіліктері үшін пайдалануға;
• жарияланғанға дейін қолжазбадағы ақпаратты жария етуге;
• бас редактордың келісімінсіз қолжазбаны басқа тұлғаға рецензиялауға беруге;;
• қолжазбадағы материалдарды өз жариялауға дейін мүддесі үшін пайдалануға.
• Рецензияда мақала материалының жан-жақты талдауы, оның объективті, дәлелді бағасы және нақты негізделген ұсыныстары болуы тиіс.
Рецензияда мыналар болуы тиіс:
• тақырып пен мақала мазмұнының өзектілігі: онда көрсетілген материалдың деңгейі ғылымның заманауи жетістіктеріне сәйкес келуі;
• ғылыми жаңалығы, зерттеудің негізгі нәтижелері;
• мақаланың құрылымы мен логикасы;
• мақала мазмұнының оның атауына сәйкестігі;
• рецензенттің ескертулері және рецензенттің ұсыныстары (жариялау үшін ұсынылады, ескертулерді түзеткеннен кейін жариялау үшін ұсынылады, жариялау үшін ұсынылмайды);
Рецензияның қорытынды бөлімінде жалпы мақала туралы негізделген тұжырымдар және оның орындылығы туралы немесе оны пысықтау қажеттілігі туралы ұсынымдар болуы тиіс (жариялау үшін ұсынылады, ескертулерді түзеткеннен кейін жариялау үшін ұсынылады, жариялау үшін ұсынылмайды);
Егер рецензияда мақаланы түзету және пысықтау бойынша ұсынымдар болса, жауапты хатшы авторға рецензияның мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеру ұсынысымен жібереді.
Оң рецензияның болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Жарияланымның орындылығы туралы түпкілікті шешімді редакциялық алқа жұмыстың негізділігіне және оның журнал тақырыбына сәйкестігіне қарай қабылдайды.
Мақаланы жариялау туралы шешімді журналдың редакциялық алқасы ұсынылған материалдардың ғылыми маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, рецензиялаудан кейін қабылдайды. Төлем мақала қабылданғаннан кейін жүргізіледі, содан кейін автор(лар)дың электрондық поштасына төлем туралы деректемелері бар хат жіберіледі. Ғылыми мақаланы рецензиялауға қойылатын ережелер
Рецензиялаудың міндеті – басылым үшін авторлық қолжазбаларды қатаң іріктеу және оларды жақсарту бойынша нақты ұсынымдарды ұсыну болып табылады. Рецензия ғылыми мақаланы әділ түрде бағалауы және оның ғылыми, әдістемелік құндылығын және кемшілігін жан- жақты талдауын қамтамасыз етуі керек. Ұсынылып отырған рецензияның көлемі – 15 мың белгіге (әріптердің арасындағы бос орынды қоса есептегенде) дейін, шамамен мәтіні 12 кегл шрифтімен А4 үлгісінде 1,5 бетке дейін.
Ғылыми мақаланы рецензиялаудың мазмұнына қойылатын талаптар
Рецензиялаушы міндетті:
1. Мақалада баяндалған материалдың журнал бейініне сәйкестігін анықтау.
2. Мақала мазмұнының өзектілігін бағалау: мақалада баяндалған материал деңгейінің ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкестігі.
3. Зерттеу (ғылыми, тәжірибелік) нәтижесінде алынған қорытындылардың маңыздылығын бағалау.
4. Мақаланың материалын рәсімдеу үшін талаптардың қаншалықты ескерілгендігін көрсету: мақала көлемінің сәйкес келуі, орыс және ағылшын тілдеріндегі түсініктеме, қолданылған әдебиеттер тізімінің және мәтінде оларға сілтеменің бар- жоқтығы, авторлар туралы байланысу мәліметтері және т.б.
5. Мақалада баяндалған материалға сапалық немесе сандық баға беру:
– нақты;
– мысал ретінде.
6. Келтірілген мәліметтердің толықтығын және анықтығын бағалау.
7. Қолданылған (немесе енгізілген) анықтамалардың дұрыстығын және дәлдігін бағалау.
8. Баяндалған материалдың әдебиеттік стиліне баға беру.
9. Бүтіндей мақала туралы негізделген қорытынды, ескертулер, қажет болған жағдайда – оны жақсарту бойынша ұсынымдар беру.
Аталған сұрақтардың жиынтығы жалпы сипатта жүреді. Әрбір нақты мақала оның бағалануы үшін критеридің таңдалуына жеке көзқарасты талап етеді.
Рецензияның қорытындылау бөлімінде мақалаларды талдау нәтижесі бойынша оның ұсынылған түрінде жариялануы, не болмаса оның түзетілуі немесе қайта жөнделуі (конструктивті ескертулер), тіпті дәл осы журналда оның басылымының жөнсіздігі туралы дәл ұсынымдар берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет