I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін кесте түрінде құрастыру



бет45/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org
Пять языков любви by Чепмен Гери, Uroki sotsioniki ili Samoe glavnoe chemu nas ne, Fall Asleep Fall For You
15.Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін кесте түрінде құрастыру.

16. Ата-аналарға арналған анкета құрастыру
Ата-аналарға арналған анкета құрастыру
Ата - анаға арналған сауалнама.
1. Балаңыздың аты - жөні.......................................................................
2. Балаңыз мектепке ынтамен келе ме?....................................
3. Мектеп режиміне қалыптасты ма? Жаңа күн тәртібін қабылдай ма?
- әзірге жоқ
- жоқ
- иә
- жауап беруге қиналамын
4. Өзінің сабақтағы жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктеріне қинала ма?
- жоқ
- иә
- сөзсіз қиналады
- жауап беруге қиналамын
5. Балаңыз сізбен мектептегі әсері жайлы өз ойын жиі бөлісе ме?
- әзірге жоқ
- кейде бөліседі
- әрдайым бөліседі
- өте жиі бөліседі
6. Алған әсері қандай?
- негізінен эмоциясы жағымды
- әр түрлі, бірақ жағымсызы көп
- жағымсыз және жағымды әсері бірдей
- негізінен жағымсыз әсер
7. Балаңыз күнделікті сабақ оқуға қанша уақыт жұмсайды?
- анық көрсетіңіз...........................
8. Балаңыз үй тапсырмасын орындауда сіздің көмегіңізді қажет ете ме?
- әрқашан көмек керек
- жиі көмектеседі
- кей кезде көмектесемін
- көмек қажетсінбейді


17.Әдістемелік мақалаларды рецензиялау жолдары сипатамалық талдау жасау
Әдістемелік мақала дегеніміз– бұл үлкен басылымның (кітаптар, газеттер, ғылыми монографиялар) құрамдас бөлігі болып табылатын дербес сипаттама мәтін бірлігі. Әдістемелік мақаланың мақсаты – өзекті педагогикалық мәселені бөліп көрсету, оны әдістеме мен технология деңгейінде шешудің белгілі бір жолын жасау. Ал рецензия – белгілі бір білім саласындағы сарапшы – маман жазатын ресми құжат болып табылады.

Рецензиялаудың міндетіне тоқтала кетсек – басылым үшін авторлық қолжазбаларды қатаң іріктеу және оларды жақсарту бойынша нақты ұсынымдарды ұсыну болып табылады. Рецензия ғылыми мақаланы әділ түрде бағалауы және оның ғылыми, әдістемелік құндылығын және кемшілігін жан- жақты талдауын қамтамасыз етуі керек. Ұсынылып отырған рецензияның көлемі – 15 мың белгіге (әріптердің арасындағы бос орынды қоса есептегенде) дейін, шамамен мәтіні 12 кегл шрифтімен А4 үлгісінде 1,5 бетке дейін болуы керек.


Мақаланы рецензиялаудың мазмұнына қойылатын талаптар

Рецензиялаушы міндетті:


1. Мақалада баяндалған материалдың журнал бейініне сәйкестігін анықтау.
2. Мақала мазмұнының өзектілігін бағалау: мақалада баяндалған материал деңгейінің ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкестігі.
3. Зерттеу (ғылыми, тәжірибелік) нәтижесінде алынған қорытындылардың маңыздылығын бағалау.
4. Мақаланың материалын рәсімдеу үшін талаптардың қаншалықты ескерілгендігін көрсету: мақала көлемінің сәйкес келуі, орыс және ағылшын тілдеріндегі түсініктеме, қолданылған әдебиеттер тізімінің және мәтінде оларға сілтеменің бар- жоқтығы, авторлар туралы байланысу мәліметтері және т.б.
5. Мақалада баяндалған материалға сапалық немесе сандық баға беру:
– нақты;
– мысал ретінде.

6. Келтірілген мәліметтердің толықтығын және анықтығын бағалау.

7. Қолданылған (немесе енгізілген) анықтамалардың дұрыстығын және дәлдігін бағалау.

8. Баяндалған материалдың әдебиеттік стиліне баға беру.

9. Бүтіндей мақала туралы негізделген қорытынды, ескертулер, қажет болған жағдайда – оны жақсарту бойынша ұсынымдар беру.

Аталған сұрақтардың жиынтығы жалпы сипатта жүреді. Әрбір нақты мақала оның бағалануы үшін критеридің таңдалуына жеке көзқарасты талап етеді.


Рецензияның қорытындылау бөлімінде мақалаларды талдау нәтижесі бойынша оның ұсынылған түрінде жариялануы, не болмаса оның түзетілуі немесе қайта жөнделуі (конструктивті ескертулер), тіпті дәл осы журналда оның басылымының жөнсіздігі туралы дәл ұсынымдар берілуі тиіс.
Рецензенттер – белгілі бір қызмет саласында жоғары кәсіби мәртебесі бар: жұмыстың тақырыбына сәйкес келетін мамандық бойынша дәрежесі бар адамдар.
Рецензент сипатталған зерттеуге оң жауап беріп, мақаланы жариялауға ұсынса, онда қамтылған нәтижелер ғылыми стандарттарға сәйкес келеді және жалпы ғылыми қоғамдастықтың назарына лайық. Егер сарапшы кемшіліктерді анықтаса, онда ол тек автордың өзіне ғана емес, олар туралы редакцияға да хабарлауы керек. Мақала қайта қарауды қажет етеді деген ұсыныс түзетілгеннен кейін ғылыми жұмысты жариялауға қабылдануы мүмкін екендігінің белгісі, ал журналдың өзі үшін беделді рецензент мақаланы жоғары бағалағандықтан, журналдың беделіне нұқсан келтірмейтіндігінің белгісі. Рецензент сипатталған зерттеуге оң жауап беріп, мақаланы жариялауға ұсынса, онда қамтылған нәтижелер ғылыми стандарттарға сәйкес келеді және жалпы ғылыми қоғамдастықтың назарына лайық. Егер сарапшы кемшіліктерді анықтаса, онда ол тек автордың өзіне ғана емес, олар туралы редакцияға да хабарлауы керек. Мақала қайта қарауды қажет етеді деген ұсыныс түзетілгеннен кейін ғылыми жұмысты жариялауға қабылдануы мүмкін екендігінің белгісі, ал журналдың өзі үшін беделді рецензент мақаланы жоғары бағалағандықтан, журналдың беделіне нұқсан келтірмейтіндігінің белгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет