І дәріс. Психология міндеттері, пәні. Психологиядағы зерттеу әдістері. Жоспары



бет11/79
Дата11.05.2022
өлшемі245,96 Kb.
#142441
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79
Байланысты:
УМК психология

2)Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз. 
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады.
Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:
1)Ырықты.
2)Ырықсыз. 
3)Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді:
1)Ырықты.
2)Ырықсыз. 
4) Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
1)Жағымсыз индукцияның әсері.
2)Проактивтік тежелу.
3)Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
4)Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.
5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар:
Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар:
1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу.
2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез. 
Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді: 
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды. 
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет