І дәріс. Психология міндеттері, пәні. Психологиядағы зерттеу әдістері. Жоспары


Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері



бет3/79
Дата11.05.2022
өлшемі245,96 Kb.
#142441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
УМК психология
11, Зейін туралы жалпы ұғым, УМК коммуникация
Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері:
1.Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.
Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен.
Детерминизм–психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды./Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарыстырылмаған еді.50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап ,алға тартты.Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты қарастырады.
2.Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала,кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады.Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады.Барша заңдылықтар ,соның ішінде психикалық та,даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады /С.Л.Рубинштейн/.
Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие,себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады,жасайды және өзгереді/Б.Ф.Ломов/.
3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары.Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейін .Ғалым ”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес.Олар табиғи біртұтас;теңдік емес,бірлік”-деп жазған. Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді.Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын ,психиканы-ішкі құбылыс ,ал әрекетті – сыртқы деп түсіндіретін.Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ,шынында да,психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды.Осылайша ,әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай ,өзіне тән ішкі мазмұнға да ие,бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды.Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей,сол әрекет процесінде қалыптасады. Адамның ішкі де,сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте. Осындай пайымдаудан ,сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап,ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал /Л.С.Рубинштейн/.
Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс -әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3.Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет