І дәріс. Психология міндеттері, пәні. Психологиядағы зерттеу әдістері. Жоспары


Сезіну, қабылдау, елестету және қиялдау



бет6/79
Дата11.05.2022
өлшемі245,96 Kb.
#142441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
УМК психология
11, Зейін туралы жалпы ұғым, УМК коммуникация
Сезіну, қабылдау, елестету және қиялдау.


Жоспар:

  1. Сезінудің анықтамасы, оның қалыптасуының механизмдері және сезіну түрлері.

  2. Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдер).

  3. Елестету және қиялдаудың жекеліктері.



Сезіну — материалдық дүниедегі белтілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін психикалықүрдіс. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белтілейміз; сипап-сезіну аркылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозгап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Сезіну хабарлайды. Сезіну материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен касиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп. миымызда бейнеленуі. Сезіну - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болын жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сезіну таным үрдістеріне жатады, өйткені адам соның арқасында дүниені таниды. Сезіну басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Сезінудің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке'талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар - сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізге сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипап-сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарыньщ қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлар) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шелдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын козғалыс (немесе кинестетикалык) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының реиепторлары (проприоцепторлар) Бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет