І дәріс. Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері. Жоспары


Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері



бет3/4
Дата23.06.2022
өлшемі22,87 Kb.
#147023
1   2   3   4
Байланысты:
9473a787-0d38-4083-b976-bb82cd9cce05-Основы-психологии-и-коммуникативные-навыки-ЛД204-436465
Үлгі БЖБ, 4088e672-0b1f-4dc4-aa73-bfc261010ad4-Мейіргерлік-істегі-қауіпсіздік-және-сапа-СД206-443479
Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері. 
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмыст ы тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) - адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты- сы - эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іш- тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент - еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау. Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқамерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет