I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


ХХғ. 60-80 жж. Болгарияның саяси-экономикалық жағдайы, даму ерекшеліктері



бет47/95
Дата15.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#101514
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95
Байланысты:
15 желтоқсан

ХХғ. 60-80 жж. Болгарияның саяси-экономикалық жағдайы, даму ерекшеліктері.

Партияның 5-съезі қабылдап, ұлы халық жиналысы бекіткен 5 жылдық халық шаруашылық жоспары (1949-1953) елді индустрияландыру және электрлендіру, ауыл шаруашылығын кооперативтендіру және механикаландыру мақсатын көздеді, социализм негіздерін құрудың басты міндеттерін белгіледі. 1-бесжылдық жоспардың ойдағыдай орындалуы Болгарияны артта қалған аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналдыру үшін алғы шарт жасап берді . 1949-1952 жылдар 700-ден астам өнеркәсіп орындары салынды, қайта құрылды және пайдалануға берілді; 1952 жылы өнеркәсіп-өнімдері 1948 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам, соғысқа дейінгі 1939 жылмен салыстырғанда 4 еседен астам артық шығарылды. Димитровград, Мадан, Рудозем жаңа өнеркәсіп аудандары мен елді мекендері салынды. Ауыл шаруашылық саласында да едәуір табыстарға қол жетті. Ауыл шаруашылық кооперацияланды; еңбектік кооперативтік егіншілік шаруашылықтары (ЕКЕШ) ұйымдастырылды. ЕКЕШ 1952 жылдың аяғында шаруа шаруашылықтарының 50%-тен астамын, өңделетін жерлердің 60%-ін біріктірді. Халық шаруашылығын өркендетудің 2-бесжылдық жоспарын (1953-1957) орындау нәтижесінде Болгария кооперацияланған және механикаланған ірі ауыл шаруашылық бар социалистік индустриялы-аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері құнының арақатысы 1948 жылғы 30:70 орнына 1957 жылдың аяғында 68:32 болып өзгерді. 1958 жылға салым ЕКЕШ Болгариядағы социалистік құрылыстың құрамды бөлігі болды, өңделетін жердің 92%-і кооперативтердің үлесіне тиді.

БКП-нің 7-съезі атап көрсеткендей, социализм елдің бүкіл халық шаруашылығында толық үстемдік құрды; өндіріс құралдарына социалдық қоғамдық меншік Болгарияда қоғамның мызғымас негізіне айналды, адамды адам қанау жойылды; Болгарияның таптық құрылымы біржола өзгерді; жұмысшылар мен шаруалар табы, халық интеллигенциясы қалыптасты. 1958 жылдан бастап Болгария дамыған социалдық қоғам құру, социалдық қатынаетарды жетілдіру, экономикалық, саяси, қоғамдық өмірдің барлық саласында социалдық демократияны өрістету кезеңіне көшті. 3-бесжылдық жоспар (1958-1962) жөніндегі директивалар негізгі корсеткіштер жөнінен 3 жылда орындалды. 1960 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1957 жылмен салыстырғанда 68%, ал ауыл шаруашылық өнімі - 21,2% өсті. 1948 жылмен салыстырғанда ұлттық табыс 1960 жылы 2 еседей ұлғайды. Сауатсыздық жойылды. Оқу жасындағы балалардын бәрі дерлік мектепке тартылды. Совет Одағының көмегімен машина жасау, энергетика, химия өнеркәсібі т. б. жаңадан жасалып, ескі өнеркәсіп орындары қайта құрылды. Болгария Экономикалық өзара көмек советіне (ЭӨКС) мүше елдермен ынтымақты күшейтіп отыр. Болгария ЭӨКС-ке мүше елдердің электркар және электртельфер жөніндегі қажетінің 90%-ке жуығын, аккумуляторға деген қажетінің 20%-н өтейді; өнімнің кейбір түрлерін өндіруге бейімделген кәсіпорындарды кооперациялау ісін дамытып, сыртқы сауда товар айырбасын ұлғайтып келеді.

1962 жылы БКП-нің 8-съезі БХР-ді өркендетудің 20 жылдық перспективалық жоспары (1961-1980) жөніндегі директиваларды қабылдап, басты экономикалық міндетті - социализмнің материалдық-техникалық базасын жасауды аяқтап, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жаппай жасауға бірте-бірте кешу міндетін белгіледі. 4-бесжылдық (1961-1965) тұсында негізгі өндіріс қорлары 75%, қоғамдық өнім 51%, ұлттық табыс 38% көбейді. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісі көлемдерінің арақатынасы 1965 жылы 74 : 26 болды. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіптің жетекші салалары - энергетика, қара және түсті металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі неғұрлым жедел өркендеді. Олардың бүкіл өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 1960 жылғы 26%-тен 1965 жылы 34%-ке дейін артты.

БХР әлеуметтік системасы әр түрлі мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру, халықтар арасында бейбітшілік және достық орнату саясатын жүргізіп келеді. 1959, 1962 ж. Болгария Совет Одағының жаппай және толық қарусыздануы туралы, 1957 жылы ПХР-дің Орталық Европада атом қаруынан оқшау аймақтар құру туралы ұсыныстарын қолдады. Атмосферада, космос кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы 1963 жылғы Москва шартына, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі 1969 жылғы шартқа қол қойды. Балканды бейбітшілік және қауіпсіздік аймаққа айналдыру жөнінде Болгария үкіметі талай рет мәлімдеме жариялады. 1955 жылғы желтоқсанна бастап Болгария БҰҰ-ның, 200-ден астам халықаралық ұйымының мүшесі. 84 елмен дипломатиялық (1970), 111 елмен (1969) сауда қатынасын орнатқан. Совет Одағымен, басқа да социалдық елдермен достығы - Болгария сыртқы саясатының негізі. Болгария араб елдері халықтарының Израиль агрессиясына қарсы күресін, Үндіқытай халықтарының американ империализмінің агрессиялық соғысына қарсы күресін қолдайды. Болгария -  ЭӨКС-тің (1949 жылы,қаңтар) мүшесі, Варшава шартына (1955) қатысушы. 1967 жылы Болгария СССР, ПХР, ГДР, МХР-мен, 1968 жылы ЧССР-мен, 1969 жылы ВХР-мен, 1970 жылы РСР-мен достық, ынтымақ және өзара көмек туралы жаңа шарттарға қол қойды. 1968 жылы тамызда 4 социалистік мемлекетпен бірге БХР ЧССР-де социалистік жеңісті қорғауға бағытталған шараларға қатысты.

Өнеркәсібі. Қара және түсті металлургия, машина жасау, электро- техника, химия т. б. өнеркәсіп салаларының негізін қалауда Болгарияға Совет Одағы үлкен көмек көрсетті. Оның көмегімен салынған және салыну үстіндегі (1970) кәсіпорындары: Шығыс Марина көмірлі бассейні мен Варна қаласындағы ЖЭС-тер, Кремиковци мен Перниктегі (қара металл) және Кырджали мен О.Пловдив маңындағы (түсті металл) металлургиялық комбинаттар, Карловодағы трактор, Софиядағы электротехникалық, Варнадағы кеме, прибор, Руседегі ауыл шаруашылық машина жасау, Димитровград пен Бургастағы химия з-дтары. Болгарияда София-Перник (металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсібі), Батыс Марица (түсті металлургия, тамақ, орман шаруашылығы), Шығыс Марица (кемір өндіру, энергетика, химия), Варна-Девня (кеме жасау, химия, мата тоқу) өнеркәсіп аудандары құрылып, Враца, Видин, Ловеч т. б. орталықтар пайда болды.

Болгария жері энергетикалық отын қорына бай емес. 1969 жылы 31,2 млн. тонн көмір, 325 мың тонн мұнай ендірілді. Қоңыр көмір Перник және Бобов-Долда, лигнит Шығыс Марица бассейнінде, мұнай Плевен ауданы мен Шаблада, табиғи газ Враца ауданында шығарылады. 1969 жылы 17228 млн. квт-сағ электр энергиясы алынды, оның 85%-і жылу энергиясы (жылу электр станцияларының көпшілігі Шығыс Марица бассейні мен Бобов-Дол қаласы маңында). Жергілікті отын қорының жеткіліксіздігінен Совет Одағынан жоғары калориялы көмір мен мұнай әкелінеді. 1974 жылы Измаил (Совет Одағы) - Варна газ құбыры іске қосылмақшы. Рила-Родоп тау массивіндегі өзендер бойында бірнеше СЭС-тер (Искыр, Батак, Арда) жұмыс істейді. Дунайдағы Козлодуй қаласысында Совет Одағының көмегімен атом электр станциясы салынуда (1970). Болгарияның электр линиялары социалистік елдер арасындағы «Мир» электр жүйесіне қосылған.

1969 жылы Болгарияда 1134 мың тонн шойын, 1515 мың тонн  болат, 95 мың тонн қорғасын, 76 мың тонн мырыш қорытылып, 1215 мың тонн прокат шығарылды. Басты металлургиялық орталықтары Перник, Кремиковци, Кырджали, София, Русе, Бургас т. б. қалалардағы машина жасайтын кәсіпорындар электр және мотокар, электротельфер лифті, радиоэлектрондық бұйымдар, әр түрлі приборлар мен станоктар, кеме, трактор жасауға бейімделген. 1969 жылы Болгарияның химия өнеркәсібі (Димитровград, Враца, Пловдив т. б.) 545 мың тонн азот және 140 мың тонн фосфор тыңайтқыштарын, 270 мың тонн кальцийленген сода, 498 мың тонн күкірт қышқылын шығарды. Ағаш кесу және оны өңдеу орындары Рила, Родон, Стара-Ппанина тау беткейлерінде, ал Совет Одағынан (Коми АССР) әкелінетін ағаш үлкен портты қалаларында өңделеді. София, Габрово, Сливен, Пловдивте мата тоқитып, ал София және басты ауыл шаруашылық аудандарында тамақ (ет, сүт, қант, темекі, шарап т. б.) кәсіп орындары бар.

Ауыл шаруашылығы. 1969 жылы Болгарияда 795 кооперативтік егінші еңбек шаруашылықтар (КЕЕШ), 159 мемлекеттік егінші шаруашылықтар (МЕШ) және 80-дей маманданған мемлекеттік шаруашылықтар болды. 5,8 млн. га ауыл шаруашылық жердің 71%-і егістік, 7%-і жүзімдік пен бақ, 4%-і шабындық, 18%-і жайылым. Егістік жерлер негізінен Дунай және Жоғары Фракия жазықтарында. Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 66%-ін егін шаруашылығы береді. Егілетін басты дақылдары: бидай (егістігінің 50%), жүгері (257о), арпа. Бұлардан басқа техникалық (темекі, қант қызылшасы, эфир майлы өсімдіктер) дақылдар, көкөніс егіледі. Жүзімді экспортқа шығару жөнінен Болгария - дүние жүзіндегі ең басты елдердің бірі. 1970 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 1255, қой 9223, шошқа 1967, жылқы 182, қашыр мен есек 300; жылына 29,6 млн. құс өсіріледі. Жазық жерлерінде малды қолда ұстап бағу, таулы аймақтарында жайылымдық мал шаруашылығы басым. 1969 жылы Болгарияда 77 мың тонна балық ауланды, орталығы - Бургас порты.

Транспорты. 1969 жылы елдегі барлық жүктің 64,7%-і теңіз, 21,8%-і темір жол, 11%-і автомобиль транспорттарымен тасылды. Темір жол ұзындығы 4 мың, тас жолы 30 мың, әуе жолы 24275 км. Теңіз сауда флотының тоннажы 640 мың брутто рег. Тонна (1969). Басты порттары: Варна, Бургас (Қара теңіз жағалауы), Русе, Лом, Свиптов (Дунай бойы).

Сыртқы экономикалық байланысы. Сыртқы сауда айналымын жан басына шаққанда Болгария социалистік елдер арасында 3-орын (ГДР, Чехословакия, 1968) алады. Шетке көкөніс, жеміс, жүзім, темекі, шарап, эфир майы және электрокар, электротельфер, кеме, түсті металдар т. б. шығарылады. Елге машиналар мен өнеркәсіп құрал-жабдықтары, көмір, мұнай, мақта т. б. әкелінеді. Басты сыртқы сауда серіктестері: Совет Одағы (сыртқы сауда айналымының Совет Одағының үлесіне тиеді), ГДР, ЧССР, ПХР. Болгария капиталистік елдерден Италия, ГФР, Австрия, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Үндістанмен сауда байланысы бар. Болгария СЭВ-тің мүшесі. Ел экономикасында туризм мен курорттың маңызы зор. 1969 жылы Болгарияда 2,1 млн. шетел туристері қонақта болды.

Денсаулық сақтау ісі. Болгарияда жұқпалы аурулармен күрес өте нәтижелі болып отыр. Мыс., безгек, сүзек, лейшманиоз, полиомиелит, бруцеллез т. б. аурулар мүлдем жойылды. Мұнда кездесетін аурулар: миға қан құйылу, қатерлі ісік және атеросклероз ауруына байланысты жүрек сырқаттары.

Денсаулық сақтау ісін Денсаулық сақтау министрлігі (1944), ал жергілікті жерлерде халық советі атқару комитеттерінің денсаулық сақтау бөлімі басқарады. Дәрігерлік көмек ақысыз жүргізіледі. 1969 жылы 54,5 мың төсектік 198 аурухана, туберкулезді емдейтін 3,5 мың төсектік 15 аурухана, 12 психика-неврологиялық, 60 арнайы диспансер т. б. емдеу-профилактикалық орындар болды. 1969 жылы 15,3 мың дәрігер (555 адамға 1 дәрігер), 3,1 мың тіс дәрігері және көптеген фельдшер-акушерлер т. б. дәрігер қызметкерлер болды. Медицина институт, 18 орта дәрежелі медицина мектеп, дәрігерлер білімін жетілдіру және 15 медициналық ғылыми-зерттеу институттары бар. Болгарияда санаторий мен курорттар өте көп. Оның Дружба, Золотые пески, Солнечный берег және Несебыр, Боровец, Кюстендил, Хисаря, Тузла т. б. курорттары әлемге әйгілі.

БКП ОК-нің 1969 жылы халық ағарту ісі туралы қаулысында 1-класқа 6 жастан бастап қабылдау, жаппай міндетті он жылдық политехникалық оқуды жүзеге асыр5% мектепке дейінгі мекемелер мен интернаттар жүйесін кеңейту, жоғары оқу орындарында оқу ісін қайта құру т. б. істер белгіленді. 1969 жылы балалар бақшасында 330,9 мың бала тәрбиеленді, 1969-1970 оқу жылында бастауыш мектептерде 133,9 мың, жоғары оқу орындарында 85,6 мың студент оқыды. 1969-1970 оқу жылында 26 жоғары оқу орны болды. Ірі кітапханалары: Кирилл мен Мефодий атындағы ұлттық кітапхана (1878 жылы ашылған, кітап қоры 1,1 млн. том), София университетінің (1888, 770 мың том) және Болгария ҒА-ның кітапханасы (1869, 854 мың том). Басты музейлері: Ұлттық сурет галереясы (1948), этнография (1906) және археология музейлері, Болгария революция қозғалыс музейі (1950), Д. Благоев пен И. Вазовтың музей-үйлері, Софиядағы Орталық Г.Димитров музейі т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет