I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


Жаһандану: оның негізгі белгілері мен көрсеткіштері



бет67/95
Дата15.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#101514
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Байланысты:
15 желтоқсан

64. Жаһандану: оның негізгі белгілері мен көрсеткіштері.

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың қай жолымен жүруі керектігі – дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жүргендерінің бірі. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын көп тұстарында шеттетті. 1980 жылдардың соңында «жаһандану» сөзі ғылыми лексикада əлі кездеспеген. Мəселен, америкалық социолог П. Робертсон (Р. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) жұмысының атауында қолданады. Дегенмен экология мен технологиялық пəндер аясында жаһандану жөнінде 1960 жылдары басқа терминдермен ертерек айтыла бастаған.

Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар қолда- нылады: постиндустриалды дəуір, ақпараттық революция ғасыры, техножаһандану жəне т.б. Олардың бəрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.

Дүниежүзілік қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы болып жатқан терең өзгерістер мен əлеуметтік-саяси жүйелердің трансформациялар бір тарихи кезеңнің аяқталуы мен бүгінгі əлемнің өз дамуының сапалы жаңа фазасына яақ басуы жөнінде айтуға негіз береді. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі өзгерістер үрдісі экономика саласымен қатар, саяси, əлеуметтік жəне рухани аяларды да терең қозғағандығында қамтылған. Аталған үрдістің неғұрлым көрнекі көрінісі əрі көрсеткіші болып жаһандану табылады. Ресейлік саясатшы К.С. Гаджиевтің пікірі бойынша, неғұрлым жалпы түріндегі жаһандану деп əлеуметтік байланыстар мен институттардың кеңістік пен уақыт аралығында, бір жағынан, адамдардың күнделікті əрекеттеріне жер шарының басқа бөліктерінде болып жатқан оқиғалардың күннен-күнге артатындай етіп, ал екінші жағынан, жергілікті қауымдар əрекеттерінің маңызды жаһандық салдары болатындай етіп кеңеюі мен тереңдеуі ұғылады.

Халықаралық қатынастар жөніндегі ғылым басты назарын əлемнің Шығыс-Батыс немесе Солтүстік-Оңтүстік биополярлы құрылымы ретінде қабылданған кездегі қырғи қабақ соғыс кезеңінің аяқталуына, транснационализацияландыруды жеделдетуге жəне елдердің өзара тəуелділігін арттыруға, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың көмегімен халықаралық тəртіпті орнатуға аударады. Социологтар мəдениеттің əмбебаптануының ықпалымен түрлі елдер мен аймақтарда тұратын адамдардың жақындасуы жөнінде дəлел келтіретін фактілерді мұқият бақылайды.

Жаһандану жалпы дүниежүзілік сахнаға халықаралық қатынастардың, кем дегенде, жеті жаңа субъектісін шығарды, олардың шешімдері мен əрекеттері бүгінде дүниежүзілік үрдістерге ықпал етеді. Бұл халықаралық ұйымдар (МВФ, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО, ФАО, МОТ, ВТО, «Үлкен жетілік», оның қатарына Ресей қосылғаннан кейін ол «сегіздікке» айналған), аймақтық ұйымдар (олардың саны, жалпы алғанда, шамамен 60), көпұлтты корпорациялар (шамамен 60 мың), институ- ционалдық инвесторлар (зейнетақы жəне инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары), үкіметтік емес ұйымдар («жасылдар», «дəрігерлер еш шектеусіз» қозғалысы жəне т.б.), ірі қалалар (Лондон, Нью-Йорк, Токио, Франкфурт, Париж), индивидтер (ғылыми қызметкерлер, университет профессорлары, əртістер, Дж.Сорос, Б.Гейтс сияқты жеке тұлғалар). Олардың ішінде осындай қарастыруға жататын төрт субъектіні атауға болады: АҚШ басты жаһандық «актер» ретінде, МНК, қалалар мен индивидтер.

Дүниежүзілік экономиканы жаһандандыру бойынша 1998 жылы өткізілген жыл сайынғы Монреал конференциясының бірінде Канаданың Жаңа демократиялық партиясының басшысы Алекса Макдонау, өзінің пікірі бойынша, əлемге төнген қауіптің қайта қалыптасуы жөнінде былай деп көрсетеді: «Бүгінде коммунизмнің құлдырауынан кейін он жыл өткен кезде, индустриалды экономикалардың нақты жетістігі ретінде қауіпсіздікті тек капиталға арнап қамтамасыз ету болып табылды. Біздің алдымызда миллиондаған адамдарды біле тұра еңбек ету мүмкіндігінен айыратын саясаты бар жүгенделмеген капитализм ғасырымыздың басым экономикалық парадигмасына айналып отырған жағдай қалыптасып отыр. Жаһанданудың тек табыс табуға ғана мақсатталғандығы өзін-өзі бұзу факторы болып табылады. Оның бүгінгі үлгісі айқын сорақы əділетсіздікпен сипатталады, ол саяси құндылықтарды да, қоғамдағы əлеуметтік тепе-теңдікті де бұзады»

Жаһандану үрдісі жөнінде айта келе, көптеген зерттеулер мен жоғарыда аталған реалияларға, сондай-ақ дүние жүзіндегі нақты қалыптасқан жағдайға қарап жасайтын бір нəтиже – жаһандану үрдісінің орын алуы шарасыз нəрсе. Бұл жердегі мəселе тек кіші елдердің, халықтардың; біздің ғаламшарымыздың ұлттық, діни, мəдени азшылықтары Шығыс елдеріне бағытталған аса күшті батыс экспансиясы жағдайында, жаһандану үрдісіне қаншалықты тартыла алатындығында болып отыр. Бұл жерде баса айтып кететін бір жайт, кіші халықтар үшін жаһандану үрдісі тым үлкен қауіп төндіреді.

«Кіші елдер» деп аталатын жағдайларда олардың жаһандану үрдістерінің ықпалына тым бағынышты болып, дүниежүзілік дамуда енжарлық танытуы барысында толықтай жаһандану үрдісінің жағымсыз салдарын басынан кешуі мүмкін.

Батыс құндылықтарының күшті экспансиясы «үшінші əлем» деп аталатын елдердің халықтары- ның, мəдениеттерінің, тілдерінің жəне сол сияқты құндылықтардың құлдырауына əкелуі мүмкін. Осындай ауқымды үрдіске қарсы тұру үшін «үшінші əлем» елдеріне өздерінің барлық «саяси амбицияларын» алып тастап, ең алдымен, экономикалық мақсаттарда интеграциялануы қажет. Себебі тек халықтың ахуалы жақсарған жағдайда ғана, қандай да бір халық-ұлт мемлекеттің бірлігі жөнінде, оның соңғы ғасырлар аралығында нақты себептерге байланысты қоршаған үрдістерге қарсы тұруы жөнінде айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет