І. Электрстатик а



бет14/40
Дата01.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#173472
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
І. Электрстатик а

1.16. Конденсаторларды жалғау

Егер конденсатор кернеулігін өте жоғарылатсақ конденсатор астарларының арасында ұшқындар пайда болып, олар “тесіледі”, яғни істен шығады. Сондықтан, әрбір конденсатор тек сыйымдылықпен ғана емес, тағы максимальды жұмыстық кернеумен де сипатталады. Берілген жұмыстық кернеуде белгілі бір қажетті сыйымдылыққа ие болу үшін түрлі конденсаторларды батареяға бір-бірімен өзара тізбектеп немесе параллель жалғайды.


К
онденсаторларды тізбектеп жалғау дегеніміз - бұл конденсаторларды батареяға жалғаған кезде бір конденсатордың теріс зарядталған астары екінші конденсатордың оң зарядталған астарымен жалғанып, ал екінші конденсатордың теріс зарядталған астары үшінші конденсатордың оң зарядталған астарымен жалғанып және әрі қарай осындай тәртіппен жалғана беретін жағдайды айтады.
Бұл жағдайда барлық конденсаторлар үшін заряд батареяның толық зарядына тең болады, оны былай жазуға болады:


(1.52)
Батарея кернеуі жеке конденсаторлардағы кернеулердің қосындысына тең, яғни:
(1.53)

Бұдан батареяның барлық сыйымдылығы үшін:


(1.54)
яғни тізбектеліп жалғанған конденсаторлардың сыйымдылығының кері шамасы әрбір жеке конденсаторлардың кері шамаларының қосындысына тең.
Конденсаторларды параллель жалғау дегеніміз - бұл конденсаторларды батаереяға жалғағанда олардың оң зарядталған астарлары бірге жалғанып, ал теріс зарядталған астарлары бір-бірімен жалғанатын жағдайды айтамыз.
Бұл жағдайда барлық конденсаторлар үшін кернеу ортақ болады:



(1.55)
Батареядағы қосынды заряд мынаған тең:
(1.56)
Осыдан батарея сыйымдылығы:
(1.57)
яғни батаеряға параллель жалғанған конденсаторлардың сыйымдылығы жеке конденсаторлардың сыйымдылықтарының қосындысына тең.
Егер болса, онда тізбектеп жалғанған жағдайда және параллель жалғанған жағдайда Сонымен, бірдей конденсаторлардан тұратын батареяның сыйымдылығы бір конденсатордың сыйымдылығынан тізбектеп жалғанған жағдайда есе аз, ал параллель жалғанған жағдайда есе көп болады екен.
Тізбектеп жалғағанда, жеке конденсаторлардағы кернеу батарея кернеуінен аз болады, сондықтан, шектік жұмыстық кернеу жеке конденсатор кернеуінен көп болады.
Параллель жалғағанда, жеке конденсатор кернеуі батарея кернеуімен бірдей болады да, шектік жұмыстық кернеу жеке конденсатор кернеуіндей болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет