I әлеуметтану зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата14.09.2022
өлшемі227,1 Kb.
#149505
  1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ материалдары 1 (2)




Әлеуметтану зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу. 
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері. 
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері. 
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі. 
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен 
арақатынасы. 
Социология терминілатынcөзі «societas» - коғам, және «Іоgоs» - ілім, білім 
деген сөздерден құралған. Демек, социология қоғам туралы ғылым деген сөз. 
Бірақ коғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. 
Сондықтан социология -қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл 
ғылымның өзіне тең объектісі мен пәнін ашып бере алмайды. 
«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы Огюст 
Контпен (1798-1857) қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде 
ғылым ретінде түсіндірілді. 
Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, 
процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі 
- социум деп аталатын әлеуметтік шындық. 
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі 
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық 
ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын 
зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті 
шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана 
тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен 
заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше 
формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: 
объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, 
байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі 
қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған 
әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар 
мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , 
әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне 
ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. 
Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен 
айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші 
әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік 
қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір 
әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе 
тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін 
құрайды. 
Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың 
әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, 
ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның 


құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде 
қарастырады. 
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның 
әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады. 
В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары 
ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, 
әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік 
үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады. 
Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын 
зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық 
өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта 
бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. 
әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық 
салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады. 
Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары 
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті 
қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу 
жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай 
байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. 
Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар 
және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі. 
Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, 
адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік 
әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы. 
Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана 
айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады. 
Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің 
түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде 
белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын 
қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану 
макроәлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы 
қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда 
назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың 
қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан 
әлеуметтік – психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы 
эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді. 
Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың 
бірігуін көздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі 
мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді 
ажыратады. 
Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол 
фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік 
ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына 
жатады . Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге 


бағытталады: 
1) қағидалық; 
2) тәжірибелік ұсыныстар жасау. 
Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы 
заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен 
ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида 
пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың 
даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы 
эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады. Арнайы 
әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді: 
1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен 
формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін ) 
зерттейді; 
2) әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер – әлеуметтану құқығы, 
әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. 
ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар; 
3) арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы – 
әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл 
әлеуметін сипаттайды; 
4) арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін – басқару 
әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді
5) арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік 
(қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді. 
Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі 
келесі сатыларға бөлінеді: 
а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен 
заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы 
құрастырады; 
ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, 
айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді 
мақсат қояды; 
б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру 
мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі; 
Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға мүмкіндік 
береді: 
1) қағидалық әлеуметтану 
2) қолданбалық әлеуметтану 
3) әлеуметтік инженерия 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет