Дәріс 13. Тарих философиясы
Жоспары:
1. Тарих философиясының пәні.
2. Тарихтағы прогресс мәселесі.
3. К.Ясперс философиясы.
Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
материалдық молшылықтарға жету;
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
баюдың көзі ретінде соғысты жою;
“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.
Мифологиялық көзқарас бойынша тарихтың басы мен аяғы болуы мүмкін емес, ондағы тарихтың жолы дөңгелек секілді өзінің орнына қайта оралып келеді. Сондықтан көне шығыс пен көне грек философиясында адамзат тарихы жалпы табиғат тарихынан бөлінбеген болатын. Тіпті адамның өзі космостың, яғни барлық универсумның бөлшегі ретінде қарастырылған. Тарихтың өзінде ешбір өзгеріс байқалмайтын сияқты. Мысалға Гесиодтың ұсынған концепциясын келтірсек, ондағы тарихи кезеңдер регресті тұрде, яғни кері дамыған деп көрсеткен.
Алғашқы историософиялық козқарастың пайда болуы адам мен табиғатты ажратып қарастырған концепция мен қатар пайда болған. Бұл концепция христиан ілімінің арқасында қалыптасқан. Христиандық философияның ерекшелігі оның адамға, тарихқа деген көзқарасында. Библияның өзін тарихи шығарма ретінде талдауға болады. Оның Көне және Жаңа деп аталатын өсиеттері көне еврейлердің және Иешуа (Иса) пайғамбардың тарихы мен өмірбаяны. Христиандық тарихта оның нақты құрамын байқалады. Ол тарихтың басталуы мен аяқталуы. Әріне, христиандық көзқарас бойынша тарихтың әр бір қимылы құдайдың ісі деп айтылады. Бірақ оған қарамастан адам өз басына бірнеше жағдайларды өткізеді. Оларды күнәға бату, Антихристің келүі немесе ақырзаманның орнатылуы және барлық күнәсінен арылып құдайдың алдына келу. Бұның өзі тарихтың біржақтылығын, прогрессивтік мәнін көрсеиеді.Өйткені тарих ешқашан қайтып оралмайды, ол текқана бір бағытта болады. Кейінгі көптеген батысеуропалық философтардың ілімдерінде (Гегель, Маркс сияқты) тарихқа деген көзқарас барлық христиандарға тән пікір кездестіруге болады. Христиандық тарих философиясының басты өкілі болып саналатын, көпшілікке танымал ойшыл Аврелий Августин (354-430 б.д.). Оның негізгі историософиялық шығармасы «О граде божьем» деп аталы. Августинның ілімінде шындықтың екі түрі үштасады. Олар уақыт пен мәңгілік. Тарих әрі уақытша, мерзімді, әрі құдай арқылы мәңгілікке бағынышты. Уақытшылық пен мәңгілік Иса пайғамбар Христостың бейнесі арқылы белгіленген.
Тарихты зерттеу пән ретінде бөлек қарастырғандардың бірі Джанбатист Вико болатын. Оның шағармаларында ұлттардың тарихтары мен арақатынастары кірген. Грек мифтеріне ұқсатып ол тарихты үш кезең арқылы қарастырған. Грек мифологиясын зерттегендер бірден оның алғашқы титандар тарихын, олимпиялық құдайлар тарихын және қаһармандардың тарихын байқайды. Вико да өзінің концпциясында осы үш сатыларды, яғни көне, классикалық және қазіргі деп тарихты бөліп қарастырған. Викодан бастап тарихтың өзі жеке зерттеу пәні болып бөлінген. Оның негізгі шығармасы «Основания новой науки о господстве наций». Өзінің еңбегінде Вико мифтермен аңыздарға сүйеніп, адамның иррационалдық табиғатын рационалдық жолмен шешуге тырысқан.вико мен басқа ағартушыларды қызықтырған сұрақ – адамдардың «ақылсыз» яғни көне, дөрекі жағдайдан зерделі жағдайға өтүі. Жалпы ағартушылардың ойынша тарихтың өзі екі күштің күресі – рационалдық және иррационалдық. Олар рационалдық, прогрессивтік күштің жеңісіне күмәнміз сенген. Ағартушылардың ілімдерінде қарамақайшылықтарды кездестіруге болады. Оған қарамастан орта ғасыр философияға қарағанда жаңаша көзқарастың пайда болуы бірден көзге түседі.адамзат тарихы адам табиғаты туралы қозғалған мәселемен ұштасады. Вико және кейінгі ағартушылар адамның тарихтағы өмірін ерекше адамдық шындық ретінде қарастыруға жол ашқан.
Тарихтағы прогресс теориясының авторы атақта француз ойшылы Кондорсе (1743-1794). Оның еңбектерінің бірі «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» деп аталған. Кондорсенің пікірінше тарихи процесс төмен сатыдан бастап жоғарғы сатыларға көтеріліді. Бұл прогрессивтік жоғарлаудың белгісі ақыл-ойдың дамуы. Неміс ағартушылардың арасында ерекше орын алатын И.Г. Гердер (1744-1803). Өзінің ілімінде Гердер әләмді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері. Ал жеке индивдтермен қатар олардың арақатынастарын білдіретін типтер бар. Гередердің басты шығармасы «Идеи к философии истории человечества». Табиғаттың барлық сатысы, барлық бөлшектері бір бірімен байланысты. Адамдар бір жағынан табиғаттың ең жоғарғы сатысында тұрса, екінші жағынан табиғаттан кейінгі әрі жоғары сатының бастамасы. Адмның амбиваленттігі яғни оның табиғатының екіжақтылығы оның қарамақайшылық табиғатын түсіндіруге жол ашады. Туғанынан адам жер бетінде өмір сүретін пенденің бірі. Бірақ оның мәңгілікке де қатысы бар. Гердердің арқасында тарих философиясына «өзгеріс» — изменение атты ұғым еңгізілген. Көне грек және ағартушылық ойшылдардың ілімдерінде өзгеріс туралы айтылмаған, керісінше олар барлық тарихи оқиғаларды бір біріне теңістірген. Гердердің пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы. Тарихта тек алдынала болуға тиісті жағдайлар мүмкін. Бұл ойды жалғастыра отырып, тұтас тарихи философиялық концепцияны Г.В. Гегель құрастырған. гегельдің ілімінде логика мен тарих «бірігіп» кеткен деп айтуға болады. Ақылға симаған фактілерді тарихқа кіргізіп қарастырудық қажеті жоқ. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттің рух болып табылады. Түп мәнінде Гегель ұсынған теорияда христиандық тарих философиясының негізі жатыр. Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде. Көне шығыста бостандық бір адамда, көне грек және рим әлемінде бостандық бірінсаранда, ал германдықтар әлемінде бостандық бұһаралықта.
Гегельдің атақты шәкіртінің бірі Маркс тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық материализм деп аталған. Тарихты қарастырған кезде ол бес тарихи әрі экономикалық формацияларды ұсынған болатын. Яғни маркстің ойы адамзаттық тарих ол Гегельдің абсолюттік рухы емес, қоғамдағы экономикаға негізделген таптық қарамақайшылықтардың қоғамдағы сана арқылы белгілі болған материяның дамуы. Маркстың зерттеушілері оған экономикалық детерминист деп ат қойған. Маркс пен Энгельс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп есептеген.
Философия тарихында тарих философиясына ерекше мән беріп және батыс философияға еліктемеген орыс ойшылдарын атап кету жөн. Ресей патшалығының тарихының өзі көптеген қарамақайшылықтарға толы әрі оның Еуропа мен Шығыстың арасында орналасқандығы өзіндік тарихи философиялық санасезімдерін қалыптастырған. Орыс философиясының негізгі мәселесін Ресейдің тарихи тағдыры болған. Әрине, орыс ойшылдары батыс философиямен ертеден таныс болып, атақты еуропалық ойшылдарымен тығыз байланыста болған. Сонымен қатар олар философияда өз ізін қалдыруға тырысқан. Тарихи философиялық ізденістерге әлеуметтік тұрғыдан ойтүрткі болған Петр І патшаның реформалары болған. Оның реформаларының арқасында ресей дворяндары Еуропада білім алып, ағартушылардың философиялық ойларымен таныс болған. ХІХ ғ. басында алғашқы «Общество любомудров» атты орыс философиялық үйым құрастырылған. Оған тікелей В.Ф. Одоевский қатысқан. өз еңбектерінде Одоевский батыс философиясының біржақтылығын сынаған. Ресей сол біржақтылығынан бас тартып келешекте өз рухани бастамасын жоғалтпай дамыса екен деген ой оның басты үмітіне айналған.
Тарихи философиялық бағыт батыстар мен славянофилдердің еңбектерінде жалғасын тапқан. Славянофилдер мен батыстықтар деп ХІХ ғасырдың бірінші жартысында атақты ресей тарихи жайлы болған пікірталастардың арқасында пайда болған бағыттарды айтады. Славянофилдерге А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, ағайынды К.С. және И.С. Аксаковтар, Ю.В. Самарин жатады. Славянофилдердің басты ерекшеліктері олардың рационалдық философияның негіздерін сынауда жатыр. Мысалы, А.С. Хомяков өзінің «Записки о всемирной истории», «О старом иновом» еңбектерінде Гегельдің рационалдық тарих философиясына альтернативтік ойларын келтірген. Оның ойынша тарихтың мәдени, географиялық әрі этникалық орталығы болу мүмкін емес. Тарихи қозғалыстың екі «бастамасы» болған: ирандық және кушиттік. Барлық елдер өз мәдениеттерін ирандық немесе кушиттік бағытта дамытқан. Сондықтан тарихта «таза» ұлттар әрі «таза» діндер болуы мүмкін емес, олардың барлығы бір бірімен араласып кеткен. Хомяковтың ойларында Шеллинг философиясының ықпалы байқалады. Славянофилдер Ресейдің өзіндік ерекше тарихи жолы бар деген ойға келген болса, батыстықтар Ресейдің басты мақсаты Батыс Еуропаны қайтседе қуып жету қажет деп есептеген. Олардың қосылған жері Ресей патшалығын және ресейлік қоғамның кемшіліктерін сынауында болған. Батыстықтар мен славянофилдердің арасында орын алатын П.Я. Чаадаевтың (1794-1856) шығармашылығын ерекше атап кету қажет. П.Я. Чаадаевтың аты шулы еңбегі ”Философические письма” деп аталады. Чаадаев үшін мәдени-тарихи процесстің сакралдық мәні бар. Тарихи процесс шын мәнінде рухани процесс. Сондықтан, ресей тарихын сынаған кезде, П.Я. Чаадаев батысеуропалық елдердің дамығандығын католицизммен ұштастырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс историософияда славянофилдер мен батыстықтардың жалғасы ретінде Данилевскийдің мәдени-тарихи түрлер туралыілім пайда болған. Оның “Россия и Европа” (1869) деген еңбегі жалпы историософиялық ілімге көптеген әсерін тигізген. Бұл шығарма атақты Шпенглердің ”Закат Европы” атты кітабінде көтерілген мәселелермен сабақтасады. Бұл еңбекте Данилевский европацентризмді, орыс дәстүрін жалғастыра отырып сынаған. Ол тарихи процесті бірғалыпта қарастыруға болмайды. Адамзат тарихының әр түрлі ошақтары болған. Олар ұлы өзеңдердің бойында қалыптасқан: Нил, Тигр және Ефрат, Янцзы, т.б. Данилевский жаратылыстану яғни ботаника мен айналысқандығы оның географиялық детерминистік әдістемесі арқылы байқалады. Данилевскийдің шәкірті К.Н. Леонтьев. Орыс философиясының ең ірі ойшылы Владимир Соловьев. Соловьевтің көзқарасына әсер еткен алғашқы славянофилдер мен Григорий Сковорода ілімдері. Соловьевтың ойынша адамзаттық тарихта үш тарихи әлем бар: мүсылмандық шығыс, батыс өркениет және славяндық әлем. Тарихтың өзі рухани процесске жатады. Славяндық әлемнің тарихтағы орны ерекше. Оның атқаратын міндеті бір-біріне қарамақарсы келетін батыс және мүсылман әлемдерін үштастыру. Жалпы Соловьевтің тарихи-философиялық ойлары оның соңғы кезеңде жазылған “Три разговора” атты еңбегінде айтылған. Ұлы орыс ойшылдарының ізін басып тарихты ерекше ілімге айналдырған Лев Николаевич Гумилевті атапкету жөн көрдік. Гумилевтің негізгі шығармасы “Этногенез и биосфера Земли” деп аталады. Ондағы басты идеяны бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихын жер бетіндегі әрі барлық ғарыштың, табиғаттың тарихынан бөліп қарастырудың нәтижесі аз. Гумилевтің ілімінде Чижевский, Вернадский атты ойшылдардың ғылымда ашып кеткен жаңалықтар мен тарихи, қоғамтану ғылымдарымен байланысты тапқан сияқты. Кезінде Дж. Виконы қызықтырған ұлттар тарихы Гумилевтің ілімінде “этногенез” теориясына айналған. Этногенез — этностардың (ұлттардың) пайда болуы пассионарлық жарылысқа байланысты. Пассионарлық жарылыс күн бетінен жерге түскен радиациялық энергияға тәуелді. Бұл заңдылықты алғашқыда “Земное эхо солнечных бурь” атты еңбегінде А. Чижевский жазып кеткен. Бұл заңдылық бойынша тарихи, әлеуметттік төнкерістер күн бетіндегі процестерге тікелей қатысы бар. Гумилевтің іліміде қызықтыратын оның тарихты ерекше бейнелеу және түсіндіру мәнінде.
Философияның жеке бағыты ретінде тарих философиясы ХХ ғасырда толығымен қалыптасты. Оған себеп болған ХХ ғасырдың тарихи өзгерістер мен дағдарыстар деп айтуға болады. ХХ ғасырдың ең маңызды ілімідердің авторлары К. Ясперс (1883-1969) пен А. Тойнби (1889-1975). Ясперс ұсынған тарихи концепцияның негізгі ұғымы “осевой время” деп аталады. Осевое время деп Ясперс тарихтың белгілі кезеңді атаған. Бұл кезең біздің дәуірімізден бұрын жетінші ғасырда басталып Христос дәүірінде аяқталады. Оның белгісі ретінде барлық рухани, діні, ғылыми, философиялық ілімдірдің пайда болуын келтіреді. Мәдениеттің белгілі ошақтары Көне Үнді, Қытай және Грек елдері саналады. Ясперс үшін тарихтың өзі тұлғалардың шығармашылық қабылетінің нәтижесі. Тарихи тұлғалар алға ұмтылып, соңынын көпшілікті ерте жүреді. Тарихи тұлғалардың қатарына Ясперстің ойынша Христосты, Будданы, Конфуцийді, Пифагорды қосуға болады. Сондықтан тарихи процессті Ясперс адамның рухани өмірімен теңістірген. Ұқсас пікірді А. Тойнбидің ілімінде көруге болады. Табиғи өзгерістерге қарағанда тарихи өзгерістердің негізінде рухани процестер жатыр. Жекпе-жекке шақырғандай, әлемнің өзі адамдардың алдына мақсат қояды. Әрбір өркениет сол мақсатты орындауға талпынады. Бұл талпынысқа ілікпеген халықтар тарихтың тасасында қалыпқояды. Жалпы ХХ ғасырдың тарих философиясының қойған негізгі мәселесі тарихтың және тіршіліктің коммуникативтік мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |