I. Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы


Дәріс 15. "Мәңгілік Ел" және "Рухани жаңғыру" – жаңа Қазақстан философиясы



бет26/26
Дата06.04.2022
өлшемі295,67 Kb.
#138174
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Философиядан дәрістер курсы 2021-2022

Дәріс 15. "Мәңгілік Ел" және "Рухани жаңғыру" – жаңа Қазақстан философиясы
Жоспары:
1. Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары.
2."Мәңгілік Ел" идеясы мен "Рухани жаңғыру" жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі таңда жүргізіп отырған реформаларын, оның нәтижелерін, сондай-ақ, стратегиялық мақсаттарының бағдарларын әлем қабылдауда, мойындауда. Өйткені, жариялаған құндылығымыз – тәуелсіздік, мұратымыз – ынтымағы жарасқан мәңгі ел болу, бағытымыз – әлеуметтік-экономикалық модернизация, құптайтынымыз – инновациялық бастауға және ашық бәсекелестікке лайық қабілетті мемлекетті, қоғамды қалыптастыру, діттегеніміз – бейбіт өмірде халқымыздың хал-ақуалын жақсарту.
Тарихи тәжірибеміздің ұлылығы 1) елдігіміздің 15 ғасырлық тамырына нәр беруінде; 2) ұрпақтың ерлігі мен естілігінің үлгісін қалыптастырып таратуда; З) «Мәңгілік Ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдыруда. Бұл қадамдар ұлы мұраттарға жол бастайтын, егемен мемлекетіміздің жаңа саяси жүйесінің негізін бекемдейтін қуат көздерін ашуда.
Ендігі жаһандық дағдарыс алқымнан алған кезде, «жаңа жаһандық қатерлерге біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміздің негізінде тұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюға тиістіміз», – деді Президентіміз Н. Назарбаев. Біле білгенге, қиыншылықты бұрын-соңы жеңгендерге жаһандық дағдарыс – қауіпті де, ес жинаудың жаңа мүмкіндіктерін де бірге ала келді. Жаңа мүмкіндік – өзара пайдалы серіктестіктің түрлерін жетілдіруде, оларды қолдану тәсілдерін таратуда. Өзара ықпалдастықты қалыптастыру дегеніміз қол жеткен табыстарымызды сыннан өткізу, қазақстандық мемлекеттікті нығайтатын жаңа жолдарды батыл, ашық іздестіру. Ұлы даладағы мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірін сыннан өткізетін уақытқа, жаңа кезеңге тап болдық.
«Біз 1500 жыл бұрын Күлтегін ұстынында жазылған «Мәңгілік Ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырып, ЕЛДІГІМІЗДІҢ 15 ҒАСЫРЛЫҚ ТАМЫРЫНА НӘР БЕР­ДІК, мәңгі жасыл етіп гүлдендірдік.
Терең тарихымыз бен мыңжылдық болашағымызды сабақтастырып, Мәң­­гілік Ел болудың дара жолына түс­тік… Ендігі тағлымды тарихымызды түгендеген қуатты халықпыз, Арқа төсіне Тәуелсіздігіміздің салтанатты символы – елордамызды орнатқан жасампаз жұртпыз.
Біз – әлемдік қарусыздану ісінің тізгі­нін ұстаған көшбасшы халықпыз, алыс болашаққа көз тіккен мерейлі мем­лекетпіз» (Н. Назарбаев. Егемен Қазақстан, 16.12.20016 ж.).
Жаңа талаптар, тың бастаулар тұтас қоғам болып ел игілігі үшін аянбай еңбек ету, тер төгу, экономикалық өсу қажетінен туындауда. Тың бастау – өнімді еңбекте, пайдалы іс-әрекетте, пайымды тоқтам-түйінде, оңтайлы бастауда. Мұндай ұлағатты ұстанымдар ұр­пақтарды ортақ мүддеге және үйлес тағ­дырға байланыстырды, қиыншылықтан шы­ғудың кепілдігін іздестіргізді, көп мәселені қамтуға және олардың тартымды шешімдерін табуға жұмылдырды. Іргелі бастауларда жалпы арман халықтық идеяның қуатты көзіне айналды. Оның қуатты көздері – естілерде, еріктілерде, елдің негізін құраған ептілерде, еңбекқорда. Адами қуат көздерін талдап көрелік.
Мәңгілік Ел идеясы атауымен ғана емес, алдымен мән-мағынасымен ма­ңыз­ды. Байыбына барсақ, Мәңгілік Ел ұғымы түсінігімізді, талғамымызды, тоқ­­тамды ұштауда, өзара ұштастырып үйлестіруде; ақыл-парасат пен интеллект мәдениетінің мерейін үстем етуде; әлеуметтік-гуманитарлық амалды әрекеттердің ықпалын арттыруда, адамның рухани әлемінің алдыңғы шебі мен алаңын кеңейтуде; рухани өнімде кісілікке тұрақтауда, тұлғалық құндылықтарды сабақтауда мағынасын аша бермек, толықтырмақ. Мәңгілік сөзі бұрын байырғыға тұрақтау, тұрақты әлемге ұмтылу деген түсінік деңгейінде қа­былданды. Енді ол адамзат тарихындағы жаңа дәуір, талабы таңдаулы әрі жүйелі әлемі. Бүгінде мәңгілік идеясы біздің тартымды өмір үшін талпыныс-тартыстың өрісі әрі өлшемін, төзімділіктегі тепе-теңдіктің тұрағы мен тірегін, жарастықты жалғастырудың, же­тіл­дірудің шептерін сипаттайды, елеулі оқиғаларды сараптайды; тәнтілікпен табыс­қанға тұрақтауға, қызыққанды үнемі, үдете құрақтауға жұмылдырады.
Халықтық идеяның жаңғыруы, жаңа қоғамдық және әлемдік іргелі өзгерістерге бейімделуі – өмірдің әр саласы мен ағымының бір-біріне үйлес үрдістеріне, үндес қауымдастықтың белсенділігіне, азаматтардың қызығуына, жалпы Қазақ­станның бәсекеге қабілеттілігіне қатысты екенін ел ойшылдары алға тартуда. Бұл табанды бастаулар терең түп-тамырға, жоғары беделге жетелейді. Жетістіктің өзектілігі алда қомақтана бермек. Мұның өзі бүгінгі ұрпақты сынайтын тарихи кезең, жалпы ұлтқа берілген өсімтал мүмкіндік, көз алдымызда болып жатқан үлкен өзгерістерге демеулік, сол бетбұрысты ұғатын, ұғындыратын кез. Тек қуаты толысқан сақа кісілер мен кәсіби топтар дамудың инновациялық үлгісін, әрі өзара түсіністік пен бәсекелес қабілетті арттыруда; шығармашылық пен кәсіби еңбек ортасын, оның беделін арттыратын іс-шараларды бір­тіндеп реттеуде, қатары көбеюде жатқанын зерттеушілер тізіп беруде.
Даму тәсілдерін, оны түсіну көзқа­расын мазмұндайтын бастаулар елімізде мемлекеттік деңгейде мәнді де мерейлі жүйесін табуда. Елімізде ғана емес, әлемде жоғары бағаланатын жаңа бағыт-бағдар мен жоғары басымдықтар Прези­дентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жолдауында айқын­далынды (Егемен Қазақстан, 31 қаңтар 2017 ж.).
Еліміздің бүгінгі әлеуетін толық ашу және дұрыс пайдалану үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимылды жандандыру, кәсіби дайындықты түбегейлі жақсарту, еңбек нарығын жаңғырту қажеттілігін түсінушілік артуда. Осы бағытта ойымызбен бөліскенді жөн көрдік.
Алдын-ала айтпағымыз – қоғамды жаңа сапалық сатыға жету, көтеру үшін (1) мамандар, азаматтар үшін арнайы ауқымды, сатылама кәсіби дайындықты, мемлекеттік басқарудың толықтырылған реформасын жүзеге асыру; (2) жоғары беделге дұрыс саясат аясында, сондағы өзекті де перспективалы мақсатқа табандылықпен ілгерілеу; (З) қол жеткен табыстарды бір-бірімен үйлестіретін өнерді игеру, оны практикалық сұранысқа икемдеуді үйрену – өмірдің өткір де өтімді талабына айналуда екенін ескерелік. Міндеттер нақты, өзара күрделі байланыста, жаңғырудың бола­шағына арналған. Олар ел дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыруға қыз­мет етпек. Бәрі де өсіп өркендеудің басты да жедел шарттарының санатына жатады.
Ендігі еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени дамуының алдағы кепілдігі – Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруында, яғни, жаһандық бәсекеге қабілетін жетілдіруде, Қазақстанның бо­лашақта 30 дамыған елдің қатарына қо­сатын жағдайлар технологиялық дәс­түрді түбегейлі өзгертуге белсенділік пен бәсекені арттыруда жасалмақ.
Қазақстанның бұл үшінші жаңғы­руының шешуші басымдық­тарының санатында – экономиканы озат техно­логиялық жүйеде жедел жаңарту, ха­лықты әлеуметтік қорғау, өмірге, өсіп-өнуге, елді басқару өнеріне қажетті жүйелі жаңғыруды жүзеге асыру. Оның негізгі басымдықтары: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаң­ғы­­руында, бизнес-ортаны түбе­гей­лі жақ­сарту және кеңейтуде, макроэко­номи­калық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсартуда, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік үшін және сыбайлас жемқорлықпен күресті үдете жүргізуде білінеді. Мұндай қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер тұрақты түрде іріктеуге, дәс­түрлі салаларға жаңа күш-қуат пен сапаны дарытатын тәсілді, тетіктерді демеуге әрқашан ұйытқы болмақ, ұлттық жоспарды сатылап жүзеге асыруға жарамақ.
Қоғамдық өмірді жүйелі жаңғыртуда оның тұрақты, тұтас, бағдарлы тетіктерін әр­дайым баптап, олардың қызметін қайта қарап, кәсіпкерлік деңгейін жақсартар сауаттылыққа мұқтаждық артуда. Кәсіби-мәдени бағдар перспективалы салаларда арнайы технологиялық серпінді демеуімен құнды болуда. Индустрияландыруды жалғастыру, қайта жаңғырту үшін кешенді көзқарас пен ілгері серіктестікті, әлеуметтік-саяси іс-шараны қатар жүргізу, оларды шаруашылықтың маңызды салалары мен мекемелеріне шоғырландыру шарт екенін түсінетін кез келді. Мұндай басымдық макроэкономикалық және қоғамдық тұрақ­тылықты нығайтпақ.
Базалық негіздерді жетілдіру адами капитал сапасын жақсартуға тікелей қатысты. Адамның ұлттық тілін, адамгершіл ділін, кәсіби білімін дамытуда тиянақты ойланып, техникалық жабдықтау деңгейін ақылмен шешетін мәселелер ауқымы артуда. Тәуір іс-шараның барысында Қазақстан жүзден астам этностың, 17 конфессияның өкілдері үшін қасиетті шаңыраққа айналды. Мемлекетіміздің іргелі мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін қандай ұсыныстар тәуекел деп алға тартылды, қандай нақты бастаулар елді теңдессіз ерлікке, көз тіккен мерейге жұмылдыруда?
Елшіл халықтың рухани дипломатиясы мен саяси мәдениетінің деңгейінің биік болуы – халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекеттік қолдауды тереңдете тездетуімен, жөнсіз шығынға тосқауыл қоюымен құнды. Ел, рух, саяси (басқару) мәдениет бірлестігін нығайтудың құндылығы – түсінік пен көзқарас әрқалай болса да, жалпыға ортақ ізгілік пен мәмілеге келу қажеттілігінің маңызын түсіндіруде, соған қол жеткізудің жолдарын іздестіруде; келісім алаңын, үйлесім мен айқындық жүйесін қалыптастыруда айқындала түсуде. Өрелі де қуатты әрекеттер мемлекеттік өлшемге айналған сайын бағ­дарлы ұстанымға керекті нәрсені алдын-алуға болатынына сенім артуда. Рухани мұраны әлеуметтік әлеуетке айналдырған мамыражай ортада ел азаматтары ұлттық астамдыққа салынбайды, діни дұшпандыққа ұрынбайды. Алдыңғы саптағылар қашан да ел дамуының зайырлы қағидаттарын жаңғыртты. Сенім еркіндігі мен көреген пайымдықтың барысында ұстанымдар тү­зелді, елім дейтіндердің ауқымды, тұрақты, салмақты құрамы қалыптаса бастады.
Кесірліге қарсы күрес, келісім үшін күрес – өскелең ұрпақтың үлесінде. Өскелең ұрпақтарды рухани-адам­гершілік рухында тәрбиелеу – сыбай­ластыққа ұрын­бауға, серіктестікті қолдауға үй­рету. Бітімді бірлік әлеуметтік, әлемдік маңызы зор мәселеге айналуда. Елімізде ілгері замандық мәселелердің тартымды қағидаттары мен үлгілерін жинақтау үшін жаңа қауымдастықтар құрылды, олармен байланыс жанданды. Ойымызға дәлел. Әлемдегі қазақтардың басын қосатын арнайы ұжым – Құрылтай құрылды, ұлтаралық диалогтың қағидаттарын қол­дайтын, үлкен ынтымақтастыққа талпыныстар басталды. Диалог адалдыққа, төзімділікке, өзара құрметтеушілікке негізделінді, серіктестік рухын жаңғырт­ты. Жаңғыру қағидасы еңсере алатын бірлікті қолдауда.
Жаңарған Қазақстан қоғамның адам­гершіл-рухани негізін нығайтуға, дәс­түрлі отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуға оң үлесін қоса бастады. Содан әлемдегі қауіпсіздікті реттеуге ықпал ететін Біріккен Ұлттар ұйымының арнайы секторының мүшелігіне сайлануы, халықтардың өзара түсініктерін мекемдейтін арнайы Қайырымдылық заңын қабылдауы тегін емес. Мемлекеттің ішкі саясатының аясында Саяси-әлеу­меттік реформалардың сапында – жеке бастамашылық арқылы экономикалық өркендеу, жаңа жағдайға бейімделудің 100 нақты қадамдары, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы және әр азаматтың әлеуметтік жау­апкершілігін арттыратын қағидалар анықталынды. Жаңа құжаттарда елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті камтамасыз етуге, жанжалдардың алдын алуға, саяси қайраткерлер мен мәдениет өкілдері арасында, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның жүйелі сұхбаттасу орындарын қалыптастыруға баса назар аударылуда. Бұл қағидаттар тәуелсіз мемлекет пен ерікті ел болмысының басты атрибуттарын құрды. Оның үстіне қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізін қалыптастыратын мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясаты қатар жүргізілді. Бұл дегеніміз – елде қоғамдық тұрақтылықты, дамудың экономикалық және саяси негізін нығайту, ел-жұрттығымыз бен әлеуметтік бастауларды арттыратын тетіктерді – өз теңгемізді қолдану, қаражатымызға сәй­кес өмір сүру, мемлекеттік-жеке меншік серік­тестігін дамытудың жағдайы мен жолдарын бір-бірімен ұштастырып, ынтымақтың арқауын ширату.
Бүкіл қиындықтарға қарамастан іргелі міндеттер – ел-жұртты нығайту, «кейінгі нәсіл-нәсіп, үрім бұтақтың кем-қор болмауы үшін» (М. Дулатов), қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту және әлеуметтік қор­ғалуын кеңейту, ел бірлігі мен ынтымағын қамтамасыз ету, азаттық жолында ұлттық қауіп­сіздікті әр қырынан нығайту үшін маңызды. Ауқымды міндеттер «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясында, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасы, ауқымды «100 нақты қадам» тұтастық пен тұрақтылықты, өсім мен инновацияны нығайтуды нақты да жүйелі іс-шаралар деп қабылдау алдыңғы санат­қа көтерілді. Осы іргелі де жүйелі ре­формалардың басты мақсаты – (1) Қазақ­станды таяу онжылдықтарда әлемнің дамыған отыз елінің қатарына жеткізу, әлемдегі жаһандану үрдісінің белді де, белсенді мүшесінің біріне айналдыру, (2) Қазақстандағы көпвекторлы ішкі және сыртқы байланыстарды елдің, мемлекеттің түрлі бағытта дамуына жұмылдыру, соған жол ашу, жағдай жасау. Ынталы әрекеттер ұрпаққа, елге, тіпті адамзатқа төнген аса күрделі түйіндерді жан-жақты зерделеуге және лайықты шешуге арналған. Міндеттер сөзсіз ауқымды. Қазақстанның ресурсы оған жетерлік десекте, оңтайлы тұжырымдар мен тәжірибеге мұқтажбыз. Осындай іргелі де ауқымды міндеттерді жүзеге асыру, орындау – Отанымыздың әр патриотының азаматтық парызы және жауапкершілігі, әр азаматының патриоттық борышы және ар-ожданы деп қабылдауымыз қажет. Шүкір, Қазақстан жаһандану кезінде (1) халықтар арасындағы татулықтың, бірліктің, қоғамдық келісімнің ортасына айналды; (2) бейбітшілік саясаты аясында ұлттық қауіпсіздік мәселесін сатылап, сабақтастыра шешуге ерекше мән берілуде; (З) жер ауданы бойынша, әлемде 9-орындағы мемлекетке жатады. Қазақстан
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасынан бірінші болып 2010 ж. дүниенің ең дамыған мемлекеттерінің басын қосқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық етті. Қазақстанның ха­лықаралық деңгейдегі жаңа қызметтері оның Жер шарының шығысындағы бастамаларына жарқын жол ашты. Көпвекторлы іс-әрекеттер мен қозғалыстар интеграцияға, инновацияға, түптеп келгенде тәуелсіздігімізді нығайтуға және қауіпті қатерлерге қарсы іс-әрекеттер жасауға бағытталған.
Қазақстанның түбегейлі мүддесі айқын, ортақ – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу, қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы шарттарын нығайту, ел ішінде қоғамдық келісімге тиянақты қол жеткізу. Сол үшін мемлекетті жаңа деңгейге көтерудің стра­тегиялық бағ­дарлары анықталуда, қоғамда ірі реформалар жүргізілуде, ел ішінде ынты­мақтасудың оңтайлы ережелері жасалуда. Ынтымақтастық өрісінде игі істер жалғасын тауып жаңғырмақ. Жаңғыру бастауы ерік-жігерде, бірлескен табанды еңбек пен өзара түсіністікте. Бұл тоғыста баршамызға ортақ істің табыс көзі табылатынын естен шығармалық. Біз үшін жаңа дәуірде туған жер тарихын, ел дәстүрін және ұр­пақ тәрбиесін ұлықтайтын ерекше кезең келді. Елімізді біріктіретін құндылықтар ынталылардың өрісін кеңейтеді, өзара байланысты бекітеді, қажетті де қосымша өнімге қол жеткізетін мүмкіндіктерді арттырады. Оның бастауы – Мәңгілік елдің тәуелсіздігі толастайтын өңірде, жаңа мен жақсыны та­ныт­қызатын ортада, дәстүр-салтта, тәуелсіз елдің синергетикалық жүйесі мен өзіне тән жаңғыру тәжірибесінде екеніне көзіміз жетуде.
Ауқымды іс-шаралар және нақты әрекеттер (1) әлемде бейбітшілік пен прогресті қатар өрбітуге, (2) елімізде тәуелсіздік тетік­терін нығайтуға бағытталуда. Болашақта әрбір ұлттың жан-жақты жаңғыруы және қауіпсіздігін сақтауы – әлеуметтік прогрестің тұтастығына, жаһандық дамудың ХХІ ғ. жалпы стратегиясын бетке ұстауға тікелей байланысты. Тәуелсіздік идеясының ықпалы алдымен елжанды жастардың сезіміне, сеніміне, серіктестігіне байланысты екені даусыз.
Елдегі келеңсіз құбылыстар – эконо­микадағы іркілістер, жұмыссыздық, жем­қорлық және ақпараттық еркіндікті біржақты түсіну, өз дегенінше тым-тырақай қолданбақ әрекеттер – жастарымыздың өз болашағына деген сенімін, елжанды сезімін көбінесе әлсіретуде. Оның үстіне жастар арасында маргиналдану, зорлық-зомбылық жасау, ақша боп­салау, суицид жасау оқиғалары, агрессивті топтар мен діни экстремистік ағымдарға енген кейбіреулердің қылықтары іштей үрей тудыруда. ЮНИСЕФ және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Қазақстанда жасөспірімдер арасында суицид сияқты аса қатерлі құбылыстың саны әлемдегі алғашқы орындардың санатына жеткендей. Жастар арасындағы жаман қылықтарды жасыра берсек, оның салдары қандай болмақ, неге ұшыратпақ деген сұрақтарды талдаусыз, жауапсыз қалдыруға болмайтынын түсінушілер, содан тынымсыздар тобы молаюда. Осыдан қазіргі заманда іріктеулі де маңызды мәселелерді а) кең еуроазиялық кеңістікте, ондағы алуан ашық алаңда нақты, кеңінен талқылаудың; ә) талқылауға мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғам институттарын, ғылыми-мәдени қоғам кеңестерінің мүшелерін, ғылыми сарапшылық қоғам өкілдерін тар­тудың әлеуметтік маңызы анағұрлым артуда. Әйтседе әлеуметтік-шығармашыл бастаулар өз жүйесін таппай, құжатты дайындауға, талқылауға және олардың жүзеге асыруын бақылауға бірдей қатыса алмағандықтан делік, тиімді нәтижеге сирек қол жетуде.
Ортамызда олқылықтар орын алып жат­қанда біз есіткен, көрген, оқыған материалдардан ерік-жігер мен елжандылық қасиеттерді қаншалықты өз бойымызда көтермелеудеміз деген сауал туындайды. Жасыратыны жоқ, жауап бірқалыпты, біржақты болмайды. Ойланбай айтқан сөздер, жалаң пікірлер ата-бабалар ерлігін ескере бермейтінін, содан азаматтық абыройымызды көтермейтінін өмірде жиі байқаймыз. Жасықтық пен жігерсіздікте жеңіске қол жетпейді, ұла­ғаттылық пен ұстаздық дәстүрі ұмытыла береді. Ырың-жырыңда жастарымызға өнеге болып жүрген ұлағаттылардың, ұстаздардың, өнерпаздардың қоғамдағы азаматтық орны ашыла бермей, көмескіленуде. Өйткені, азаматтық ұстанымына қарап үлгі тұтатын рухани тұлғаларымыз, ұлттық абыздарымыз лайықты қоғамдық бағасын алмай, елдің төрінен орын ала бермеуде. Бұл – күмәнсіз шындық, бірақ көніге беретін жағдай емес.
Ұлттық құндылықтарды сақтамай, оның рухани ядросы – тілі, тарихы, рухани құндылықтарының өмірлік маңызын жаңғыртпай елдің мәңгі негіздері мен өлшемдері туралы ауыз толтыра, дәйекті тоқтам-түйінді айта алмаймыз. Бұл мәселе жұрттық жолды айқындаумен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен етене аралас. Ол үшін насихатты танымдық-тәлімдік тұйыққа ұрындырмау керек. Ол үшін креативтілікті дамыту, әлеуметтік топтардың ынтасын, ұйымшылдығын қарқындату, әрбір зиялы қауымның қоспақ нақты үлесін арттыру қажет. Бәрі де ұлттық мүдде және ұлттық қауіп­сіздікті үйлестірер қадамдар. Нәтиже үнемі жаңғырып таралса, оның ықпалы тұрақты, тұтас, мәңгі болмақ. Жаңа әлем тәртібі мен ықпалдастығы әділеттілік, сенім, серіктестік, жалпылама жауапкершілік қағи­даларына негізделмек. Жаңа замандағы одақтасу жалпы әлемде этносаралық, ұлт­аралық келісімді біртұтас қоғамдық келі­сімге айналдыруды және ұлттық рухты көтермелеуді медеу тұтады. Жаңа маңызды талап «Мәңгілік Ел» идеясынан нәр алмақ, іштей қолдау табады.
Мәңгілік Ел идеясын ұлттық сипатта Елбасымыз Н. Назарбаев ұсынды. Ендігі интеллектуалды және әлеуметтік қозғалыстар әрқалай күш алуда. Мәңгілік Ел ұлттық идеяны әр деңгейде талдау үшін, оның мән-мағынасын тереңірек түсіну және қабылдау үшін теориялық-әдістемелі тұжырымдаманы, олардың философиялық негіздерін құрастырудың және әлеуметтік сипаттамаларын анық­таудың маңызы уақыт өткен сайын а­ртуда. Үш бағытта білім жүйесін жетілдіруге, адамның интеллектін, практикалық дағдысы мен ұтқырлығын дамытуға ба­ғытталса, солғұрлым оның құндылығы арта бермек. Құндылық өлшемі әркімге бас ие бермей, өзімізге деген сенімде, рухани рухты баспай және ыдыратпай, ұлттық рухты көтермелеуде, өз еліне қызмет етудің тәсілдерін тиянақтауда ықпалын арттыра бермек.
Мәңгілік Ел – бірлік пен білімділіктің, серік­тестік пен сыйластықтың, жақындық пен жасампаздықтың, ұқсастық пен үйлес­тіктің нәтижесі әрі деңгейі. Әлеуметтік-рухани қарым-қатынастардың тұрақты да тұтас өлшемдерінің аясында адамның өмір сүретін жасы ұзара бермек, ұрпақтардың бір-біріне тигізер ықпалы күшеймек. Онсыз мәңгіліктің өрісі өркениетке ұласпайды, тәжірибелілер алдыңғы шепте тұрласпайды, жас таланттарға деген қолдау құрастырылмайды. Мәңгілік Ел идеясының қалыптасуы әрі қабылдануы тұтас елдің бейнесі мен беделіне, ұлттық брендтің таралу деңгейі мен ықпалына тәуелді. Мәңгілік Ел – адамзаттық өміршең идеялардың тұрақтылығы мен тұтастығынан нәр алады әрі ұлы дала ұлағаттары мен тәуел­сіздіктің үлгілерінен құралады. Хал­қымыздың, тіпті адамзат өркениетінің өмір­шең өлшеміне деген тәуелділік кеше мен бүгінге ғана емес, бүгін мен ертеңге жол ашатын, тарихи бағдарды тұтастайтын қалаулы бағдарлар. Мәңгілік Ел идеясы қазақ жерінде, тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш жарияланды, ендігі зияткерлік қоғам қалыптастыру талпыныстары әлемге толассыз таралуда. Қазақстан, тәуелсіздік, мәңгілік ұғымдары ендігі (1) гео­графиялық, әлеуметтік-экономикалық, рухани кеңістікте бірін-бірі толықтыруда, (2) жоғары деңгейде – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар аясында, тарихи кезең мен әлеуметтік прогресс шеңберінде, ұлттық идея мен ұлттық мүдде тоғысында жаңа қарқында жаңғырмақ. Экономиканы өрістету, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, ел мен жерді қорғаудың тарихи үлгілерін жинақтау – тәуелсіздіктің, мәңгі елдіктің негізгі бастаулары және басты өлшемдері ретінде қабылдануда. Бірлескен бастамаларды – тиімді байланыстар тетігіне айналдыру тәуелсіз Қазақстанның сарқылмас үмітінде, көңілден шығар үлгісінде. Көптен шығатын ерік-жігерді ілгерілету, тұлғаның күш-қуатын саулық пен өзін-өзі жетілдірудің қайнар көзіне айналдыру – адами капиталдың таусылмас көзі әрі сірескен тетігі. Өзіндік сенім мен серпіліс қуаты – тұлғалық капиталды қолдай және пайдалана білуде. Үйренеріміз де, үйретерімізде осы ұстанымда. Бүгін мен болашақтың үйлесті ұстанымдарын жүзеге асыру – бәрімізге аманат, оған мүдделіміз. Аманат пен мүддені орындау – әрбір ел аза­матының парызы, ұлағаттылардың жас ұрпақ алдындағы қарызы. Қоғам қайырымды жандарымен қуатты, беделді, ізгі деуіміз де содан.
Бұл тарихи таңдауды жүзеге асыруда күрделілік пен қиыншылықтар аз емес. Мәң­гілік Ел идеясының арқауын біртектес үйлестік, ұқсастық құрастырады десек, қазіргі кезде Қазақстандағы қазақ елінің өмір салтын, коммунистік идеологияның ықпалынан қалыптасқан саяси-психологиялық таптаурынын, батыстық-әлемдік мәдениеттің ықпалын ажырату, айқындау және дұрыс бетке ұстау – іргелі проблемалардың санатына жатады.
Нақты қиыншылықтар мен шексіз кедергілерден шығудың басты кепілдігі, Елбасымыз әлеуметтік-экономикалық ре­формада, индустриалды-инновациялы дамуда белгіленгенін, «Нұрлы жол» програм­масында көрсетілгенін қадап айтты. Проблема азаматтық және кәсіби талпынысты теңестіруге тіреледі. Сол үшін (1) білімнің, бітімнің, бірліктің, басқарудың мән-мағынасын теңестірудің, (2) ізденістер қарқынын туыс өмірдің, танымал өнердің, тиімді өнегенің сұранысына бағыттаудың, (3) еркіндік пен естілікті қоғамдық, ұлттық қатынастардың субъектілерін қалып­тастырудың қажеттілігі күн санап артуда. Өмірлік стратегия, осында.
Мәңгілік – өмірге өлшем, үйлестікке оңтайлы кеңістік, тату тіршіліктің тұрақты да, қажетті құндылықтар арнасы. Мәңгілікте жетістіктер әлеуметтік сипатта жаңғырмақ, жалғасын таппақ, адам өмірі ұзара бермек. Өміршең бағдарлар несімен құнды және қажет? Өміршең бағдарлар экономикалық дамудың жаңа көздерін және өзара пайдалы ықпалдасудың тың қыр-сырын ашуға, ұлттық, өлкелік және әлемдік дамудың жаңа мүмкіндіктерін сабақтауға, оларға жаңа көзқарастар мен тәсілдерді қолдануға бағытталған. Бұл іріктеулі қадымдар мен ықпалдас факторлардың құндылығы – әлеу­меттік-экономикалық одақтасудың тұтас кеңіс­тігін қалыптастыруда, қазіргі әлемдік мәселелерді шешудің тәсілдерін іздестіруді тездетуде анықталынбақ. Мәңгілік Ел идеясы, жалпыұлттық патриоттық акт Қазақстандағы қоғамдық келісімнің же­місі, нәтижесі, әрі көрсеткіші және деңгейі болмақ. Қоғамдық келісім елдегі азаматтық өмір мен қоғамның қауіпсіздігінен нәр алмақ, қос бастаудан – экономикалық даму мен инновациялық бастаудан күш алмақ. Қоғамдық келісімді орнықтыру үшін президент Н.Назарбаев экономиканы және бүкіл қоғамды жаңғырту, бес институттық реформаны жасау, қоғамдық кеңесті ашу идеясын 2013 жылы ұсынған болатын. «Реформалар барысында ғылымды қамтитын экономиканы қалыптастыруға және адами әлеует сапасын арттыруға баса ден қойып отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – кадрларымыздың бәсекеге қабілеттілігін және білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру», – деді Елбасы.
Адами ресурстар мен технологияны дамыту, аймақ пен өңірде табысқа қол жеткізетін қоғамдық келісімді жетілдіру – елдегі іргелі мақсаттарға жетудің кілті әрі тиімді тетігі болатынын қолдаушылар қатары ендігі көбеюде. Қазіргі кезде елімізде 2200-ден артық қоғамдық кеңестер, солардың ішінде 16 аймақтық, 40 қалалық, 172 аудандық, 1861 ауылдық, тіпті, ірі өндіріс орындарында – 318 қоғамдық кеңестер жұмыс іс­теуде. Олар ашық сұхбаттасу алаңына, нақ­ты көмек-кеңес беру орталығына айналуда. Қоғамдық кеңесте билік пен бизнес ара­сын­дағы жаңа мүмкіндіктер көзі, көмек көрсететін серіктестердің өздері табылуда, түрлі кәсіби тәжірибелер бір-бірімен табысуда. Қоғамдық кеңес жұмыстарының бары­сында билік құрылымы мен азаматтық қоғам институттарының өзара ықпалдастығы артуда, қоғам аясында қазақстандық үйлестік қалыптасуда. Сауда-экономикалық ынты­мақтастық қоғам мен өндірушілер, билік пен қауымдастықтар арасындағы серіктестікті жаңа сатыға көтеруде. Азаматтық бастаулар адамның да, саланың да, өлкенің де ілгерілеу кепілдігін нығайтып, тәсілді тәжірибені таратуға ықпал етуде.
Мәңгілік Ел идеясы, оның идео­логиялық тұжырымдамасы – Қазақ­станның тәуелсіздігін нығайтуға арнал­ған реформалық бағдарлама әрі елі­міздің жаңа жағдайдағы мақсаттары мен міндеттерінің жүйесін қамтитын стра­тегиялық доктрина. Іргелі де күрделі ұстанымның негізі, тірегі, қозғаушы күші – ішкі үйлестік пен тұрақтылықта, ара­лық жарастық пен жетістікте, ұлттық дәстүрді демеп дәйектеуде, орта тап үлесін ұлғайтуда, біртұтас рынокты және барлық өңірлерді тепе-тең дамытуда, әлеуметтік-экономикалық дамуды ырықтауда, жаңа жұмыс орындарын құрып ел ішіндегі ұлттық бірлікті нығайтуда, сыбайлас жемқорлықпен күрестің қарқынын күшейтуде және т.б. Мұндай талаптардың үдесінен шығу – қоғамдық және халықтық мүдде, мемлекеттік және 400-ден артық мемлекеттік емес ұжымдардың ортақ мақсат-міндеттері, алдағы жетілудің жолдары, жаңғырудың белестері.
Мәңгілік Ел идеясы – теңдессіз, хал­қының ортақ мүддесі, ұрпақтардың болашағы үшін қоғамдық күшті жұ­мыл­дыратын бірлескен бастамалар әрі олардың тиімділігін арттыратын тетік­терді іске қоспақ патриоттыққа толы ұлттық идея. Мәңгілік Ел ұстанымы се­німді серіктестікке, іскерлік байланысқа сүйенеді, оларға тұрақты серпін беру жа­ғын нақтылауды бетке ұстайды. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы Қазақстан мемлекетінің негізін құрайтын ұлттың ділімен, тілімен, мәдениетімен әлемді таныстыру, қазақ елін өзінің ұлттық рухымен табыстыру, ұлттық құндылықтарды, ұлттық тұлғаларды іргелі бастамалардың негізіне, тіренішіне айналдыру жүйесімен құнды. Туған жер төрінде қауышудан бар жақсылық жаңғырмақ, ық­палын арттырмақ.
Реформалық бастамалар – бүкіл­халық­тық қозғалысқа, әр ұрпақтың саналы іс-әрекетіне тікелей және жан-жақты тәуелді. Реформалар елдің әрбір азаматының еңбек­ке, іскерлікке, бизнеске, оларды реттеуге тікелей қатысуын талап ететін бастама, бағдарлы бағыт. Реформалар адамды тұрақты тәрбиелеуден, топтастырудан, өнер мен өндіріске еркін аралас­тырудан қуат алады, кәсіби істерден қолдау табады.
Ендігі діттегеніміз – а) мемлекеттік қыз­мет пен қоғамдық қозғалыстардың ше­шу­ші бағыттарын бір-бірімен ұштастыра жаңғырту талабынан ауытқымау; ә) алдағы көптеген жетістіктердің демеуші бастауы мен карқынын бір-бірімен сәтті үйлестіру; б) қолға алған әр істің нәтижесін нақтылау; в) озық тәжірибені ұрпаққа үйретуді тездету. Ілгерілеуді мазмұндау – жеңіл шаруа емес. Ол еңбекқордың ұзақ ұмтылысының үлгісі әрі жеңісі. Бұлар – еркіндік жолы, есею жолы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет