I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет35/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1
Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі, Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі
Периодтық заңды өтуге дайындық жұмысы

  1. Химиялық элементтердің металдар және бейметалдар болып жіктелгені туралы түсінік алғашқы сабақта беріледі. Мұндай жіктеудің жеткілікіздігі, металл мен бейметалл арасында, шектеудің айқын еместігі, екідайлы элеметтер туралы түсінік беріледі. Металдар қасиеті сипатталады: қатты, созылғыш, тапталғыш, металдық жылтыры бар (бу-сұйық), негіздік оксид пен түзеді, ұшқыш сутекті қосылыстары болмайды. Бейметалдар қасиеті сұйық немесе газ, мет. жылтыры жоқ, жылуды электрот тогын нашар өткізеді, қышқылдық оксид пен қышқыл түзеді, ұшқыш сутекті қосылыстары бор.

Металдар мен бейметалдар қасиетін сипаттап, талдау гнетикалық байланысқа сүйеніледі
Na→Na2O→NaOH→NaCI
C→CO2→H2CO3→Na2CO3.
Оксидтер мен гидроксидтердің сипаты талданды. Талдау кезінде нағыз металдар негіздік, нағыз бейметалдық. қышқылдық қосылыстар беретіндігіне оқушылар назары аударылды.
Периодтық заңды оқытуға арналған әдістемелік тәсілдер сипаттамасы.
Периодтық заңды бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары? тұрғысында және қалыптасқан химиялық элеметтердің табиғи топтары жайлы түсініктер негізінде оқытуға болады. Алдымен атом құрылысы оқытылып, соңынан электрондық көзқарас тұрғысынан периодтық заң қорытылады. 1-тәсіл оқушылар үшін зерттеушілік болады, себебі олар химиялық элементтердің табиғатта табиғи байланысы бар екендігіне өздіктерінен көздерін жеткізеді. Химияны оқыту тәжірибесінде екі тәсілде қолданылады. Атом құрылым теориясы мен периодтық заң Менделеевтің периодтық заң жайлы анықтамасынан кейін бірден өтіледі.
Периодтық заң оқытуды бастамас бұрын оқытушы оқушыларға №1-20 элементтер таңбаланған карточкалар үйден әзірлеуді тапсырады. Карточкаларда элемент таңбасы, атомдық массасы, рет саны, жоғары оксидтері мен сутекті қосылыстары формуласы, валенттіліктері көрсетіледі. Карточка мөлшері 3×6см² болу керек, жұмыс барысында парта үстінде орналастыру оңай болу үшін, металдар үшін қызғылт, бейметалдар үшін сары, инертті газдар үшін сұр қағазды қолданған дұрыс.
Мұғалім оқушылардың карточкаларын тексерген соң, элементтерді жіктеуде Д.И.Менделеев атомдық массаға сүйенгенін айтады да, карточкаларды атомдық массаларының өсу ретімен орналастыруға тапсырма береді. Химиялық элементтер қасиетін олардың оттекті және сутекті қосылыстардан валенттіліктерін сипаттаумен, салыстырудан бастайды. Диаграмма көмегімен оқушылар атомдық масса өсуіне орай әрбір келесі элемент валенттілігі алдыңғымен салыстырғанда 1-ге артатына көздері жетеді. Оттекті қосылыстардағы валеттіліктерді атомдық массасы өсуіне орай артып, одан күрт төмендеп, соңынан осы заңдылық қайталанады. Ал ол қайталану периодты. Салыстыру үшін әр түрлі мысалдар келтіруге болады: ағаштың мезгілге байланысты өсуі, жыл мезгілдірінің, күн мен түннің ауысуы, құстардың миграциясы. Осыдан кейін элементтердің оттекті және газ тәрізді сутекті қосылыстардағы қорытынды жасаймыз.
Жай заттар қасиетін сипаттауда периодтағы элементтерді металдың және бейметалдың қасиетінің өзгеру заңдылығына оқушылар зейінін аударамыз. Ол үшін алғашқы 3-период элементтерінің агрегаттық күйін, түрін, металдың жылтыры болуын немесе болмауын, электр тогы мен жылу өткізгіштігін салыстырамыз. Оқушыларға жай заттар үлгілерін көрнекі көрсетіп электр тогы өткізгіштігін аспап көмегімен демонстрациялаймыз. (В.Н.Верховский, Смирнов А.Д. Техника химического эксперимента. М.,1975,11, 184-190б). Осындай салыстырулар нәтижесінде элементтердің металдың және бейметалдың қасиеттері олардың атомдық массасынан периодты тәуелділікте екендігі қорытындыланады.
Заттардың химиялық қасиетін сипаттау үшін кейбір оқушыларға таныс заттардың оттегі мен сутегіге қатысын анықтауға болады. Атомдық массасының өсуіне орай жай заттардың оттегіне қатысты алғандағы реакцияласқыштығы артады.
Қорыта келгенде оқушылар жай заттардың қасиеті олардың атомдық массасына периодты тәуелділікте екендігін атп өтеді.
Осыдан кейін II, III период элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің құрамы мен қасиетіне тоқталамыз. Яғни атомдық масса өсуіне орай оксидтер мен гидроксидтер қасиеті мен құрамының периодты түрде өзгеретініне тоқталамыз. Негіздік оксидтер мен гидроксидтер орнын алфавиттер, ал олардың орнын қышқылдың оксидтер мен гидроксидтер болады.
Демонстрацияның және зертхананың тәжірибелер мысалында осы заңдылықты көрсетеміз. Салыстыру нәтижесінде оқушылар элементтердің химиялық қасиеттері мен қосылыстарының (гидроксид, оксид) құрамы мен қасиеті атомдық атомдық массаларынан периодтың тәуелділікте екеніне көздерін жеткізеді. Барлық айтылғандар периодтық заңның Менделеевтік анықтамасын тұжырымдауға жағдай жасайды. Элементтердің және олардың қосылыстарының, жай заттарының қасиеттері атомдық массасына периодты түрде тәуелді.
Периодтық заң алғашқы анықтамасында сөз элемент жайлы емес жай зат жайлы болды. Жай заттар қасиетін салыстыра келіп, Д.И. Менделеев олар түгелдейі периодтық заңға бағынбайтынын байқады. Осы жағдай элемент және жай зат түсінігін шектеуге әкелді.
Оқушыларға табиғатта кездесетін 89 химиялық элементтің 400-ден астам жай зат түзетінін айту керек.
Осыдан кейін периодтың жүйенің құрылымы оқылады. Оқушыларға кейбір элементтердің орналасуы мен атомдық масса мәнінің сәйкес келмейтіні (Ar және K, Co және Ni, Te және I, Th және Pd) айтылады. Тіпті олардың кейбірі Менделеевке белгілі болғаны айтылады. Өзінің ашқан заңының шынайылығына күмән болған ол химиялық элементтер орнын ауыстырған. Неге атомдық массасы үлкен элемент атомдық массасы кішіден үлкен бұрын орналасқанын түсіну атом құрылысын оқығанда жүзеге асады.
Периодтық жүйе периодтық заңмен параллель оқытылады. Оқушылар карточкаларды атомдық массасының өсу ретімен орналастыра отырып периодтық жүйені де құрайды. Периодтық жүйе қысқартылған нұсқасы негізінде период, топ, негізгі топша, қосымша топша, қатар туралы түсінік беріледі. Содан кейін әр периодтың құрамы, оған қанша элемент енетіні, жүйедегі металл, бейметалл, инертті газдар орны анықталады.
Өзіндік жұмыс тапсырмасы:
Мектеп оқулығын қолданып «Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі және периодтық заңы» тарауына күнтізбелік жоспар құру.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет