I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және арасындағы генетикалық байланыстар жайлы түсініктерді қалыптастыру



бет30/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1

2.3 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және арасындағы генетикалық байланыстар жайлы түсініктерді қалыптастыру

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы түсінік зат туралы басқа мағлұматпен бірге теориялық жүйе құрып тығыз байланыста қалыптасады.


Бейорганикалық қосылыстардың курсы периодтылық идеясы негізінде құрылған. Оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздар жайлы білім ал периодтық заң мен жүйенің фактологиялық базасын құрайды. Сонымен бірге химиялық элементтердің типтік ерекшклігін көрсетеді. Д.Менделеевтің өзі бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы білімге үлкен мән берген. Периодтық заңды оқуда бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары қасиеттеріне сүйенген дұрыс. Сондықтан негізгі материал VIII сынып химиясында берілген. Ол мектеп курсының негізгі теорияларын оқытуда негізгі база болып табылады.
Теориялар өз кезегінде бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсініктерді дамытып оны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
VIII сыныпта оксид, негіз, қышқыл, тұздарды оқу кезінде химиялық алғашқы түсініктер мен заңдар нақтыланып, кеңейтіледі, оқушылардың химиялық тілі жетілдіріледі. Сондықтан да В.Н.Верховский оксид, негіз, қышқыл, тұз туралы материалдар оқушылардың берік химиялық дағдылары мен химиялық тілдерін дамытуда таптырмас құрал деген пікірі осы күнге дейін мәнін жойған жоқ. Осы тараудағы тәжірибелер мен сарамандық жұмыстардың молдығы химияны танудың экспериментальдық әдісіне меңгеруге мүмкіндік береді де, сарамандылық икемділік пен дағдының қалыптасуына жағдай туғызады.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы білімнің өзіндік маңызы да үлкен.
Қышқылдар, негіздер, тұздар мен оксидтер химияның таным нысандары, олар табиғат пен оның күнделікті өмірге қажетті заңдарын түсінуге мүмкіндік береді.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Бұл материалды оқытуда мұғалім әртүрлі логикалық операцияларды қолданады. Мұндай түсініктерді меңгеру негізінде салыстыру әдісін қолданамыз. Оксид, негіз, қышқыл тұздар бір-бірімен байланысты, бір-бірі арқылы анықталатын түсініктердің аталған жүйесін меңгеруге салыстыру, жүйелеу, қорытындылау, абстрактілеу, генетикалық және себеп-салдар байланысты орнатудың маңызы зор. Осының бәрі белсенді танымдық әрекет пен ойлаудың дамуына әкелкді.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту оқушылардың диалектико-материалистік көзқарасын қалыптастыруда маңызды. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі кластарын тану әлемнің материалдылығы мен бірлігі жайлы сенімнің қалыптасуына әкеледі. Қосылыстар кластарын оқыту процесі негізінде диалектика заңдары жатыр.
Экспериментальдық әдісін меңгеруге мүмкіндік береді де, сарамандық икемділік пен дағдының қалыптасуына жағдай туғызады.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы білімнің өзіндік маңызы да үлкен.
Қышқылдар, негіздер, тұздар мен оксидтер химияның таным нысандары, олар табиғат пен оның күнделікті өмірге қажетті заңдарын түсінуге мүмкіндік береді.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Бұл материалды оқытуда мұғалім әртүрлі логикалық операцияларды қолданады. Мұндай түсініктерді меңгеру негізіне салыстыру әдісін қолданамыз. Оксид, негіз, қышқыл тұздар бір-бірімен байланысты, бір-бірі арқылы анықталатын түсініктердің аталған жүйесін меңгеруде салыстыру, жүйелеу, қорытындылау, абстракциялау, генетикалық және себеп-салдарлы байланысты орналастырудың маңызы зор. Осының бәрі белсенді танымдық әрекет пен ойлаудың дамуына әкеледі .
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту оқушылардың диалектико-материалистік көзқарасын қалыпастыруда маңызды. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі кластарын тану әлемнің материалдылығы мен бірлігі жайлы сенімнің қалыптасуына әкеледі. Қосылыстар кластарын оқыту процесінде диалектика заңдары ашылып, заттардың өзара айналулары мен байланысы анықталады. Оқушылар заттар алуан түрлі болғанымен олардың тегі бір, материядан түзілген.
Олардың химиялық қасиетін оқыту заттар мен процестердің, (үзіліссіздігін), материал мен қозғалыстардың үздіксіздігін көрсетеді. Қышқылдар мен негіздердің қарама-қарсы оксидтермен әрекеттесуі, заттар қасиетінің өзгеруі ішкі қайшылықтардың күресінің айқын дәлелі болады. Ал олардың әркеттесу өнімі тұз бастапқы заттардың қасиетін жоққа шығару дәлелі.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы білімге дүние жайлы көзқарас тұрғысынан баға беру. Оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздарды теориялық және экспериментальдық жолмен оқыту оқушыларды танымдыққа жетелейді де, сарамандық жолмен алуды меңгерді. Оқушылар бойында осы сенімділік химияны тануға саналы жолмен келуге тәрбиелеп, материалды оқытудың міндетін анықтауға мүмкіндік береді.
1) типтік және практикалық маңызды заттар мысалында қосылыстардың жеке кластарының нақты сипаттамасын берік, оксид, негіз, қышқыл мен тұздар қасиеттері мен құрамы арасындағы байланысты ашуға жағдай туғызады.
2) Кейбір маңызды қосылыстардың қолданылуы мен алыну әдістерімен оқушыларды таныстыру;
3) Оқушыларды қышқылдар мен негіздерді анықтаудың сарамандық икемділіктерімен таныстыру;
4) Бейорганикалық қосылыстардың символика, номенклатура, терминологиясымен таныстыру арқылы химиялық сауаттылыққа үйретіп, алған білімдерін оқу процесінде ұтымды қолдануға жаттықтыру;
5) Салыстыру, тұжырымдау, жүйелеу негізінде оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздар жайлы олардың жалпы белгілері жайлы біркелкі түсінік қалыптастырып қосылыстар кластары туралы түсінікті негіздеу және заттарды классификациялау;
6) Нақты мысалдар мен жалпы схема негізінде әртүрлі кластар арасындағы генетикалық байланысты ашып, периодтық заңды түсінуге табиғат туралы заңды жалпы байланысты меңгеруге жетелейді;
7) Химияның мектеп курсын оқытуда оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар туралы түсінікті дамыту негізгі теориялар мен элементтердің периодтық жүйесі негізінде білімдерін тұжырымдауды жүзеге асыру;
8) оқушылардың диалектико-материалистік көзқарасы мен жалпы логикалық түсініктерін дамытуды қамтамасыз ету.
Осы міндеттерді жүзеге асыру химияны оқытудың жалпы мақаттарын жүзеге асыруға, оқушыларды периодтық заңды қабылдауға дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет