I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Алғашқы химиялық түсініктер



бет52/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1

3.3 Алғашқы химиялық түсініктер


Алғашқы химиялық түсініктер.

  1. Мысты қыздыру.

Мыс пластинкасынан (фольга жолағы) спирт шамының жалынында ұстаңдар. Мыс оксидінің (CuO) қара ұшқындарының түзілгенгін байқаңдар.

  1. Тұз қышқылының мраморға әсері.

Пробиркаға мрамор түйіршігін салып, үстіне тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Газ көпіршіктерінің түзілгенін байқаңдар.

  1. Малахиттің айрылуы.

Құрғақ пробиркаға малахит салыңдар. Аспап құрастырыңдар. Тұзды қыздырыңдар. Бөлінген газды әк суынан өткізіңдер. Әк суының дайындауын және қара ұнтақтың түзілгенін байқаңдар.

  1. Мыс хлоридіндегі мыстың орнын темірдің басуы.

Пробиркаға мыс хлориді ерітіндісін құйыңдар, оған жіпке байланған (шеге) салыңдар. Мыстың бөлінгенін байқаңдар.

  1. Суды электр тоғымен айыру.

Электролизге 3% натрий гидроксиді ерітіндісін алыңдар. Оны аспаптардың біріне құйыңдар. Екі пробирканы 3% натрий гидроксиді ерітіндісімен толтырыңдар. Оның бетін фильтр қағазбен жауып, пробирканы төңкеріп, электродқа кіргізіңдер. Аспапты түзеткіш арқылы тоққа қосыңдар. Тәжірибе кезінде бір пробиркада екінші пробиркаға қарағанда газдың екі есе көп бөлінгеніне назар аударыңдар. Бұл газдың оттегі және сутегі екендігін сынаңдар.

  1. Күкірттің темірмен немесе мырышпен қосылуы.

  1. Металдан жасалған пластинкаға күкірттің мырышпен қоспасын (1:2) салып, бұл қоспаға жақсы қыздырылған шыны таяқша не шыраны апарыңдар. Ақ түсті заттың түзілгенін және қара ұшқыштың түзілгенін бақылаңдар.

  2. Пробиркаға күкірттің темірмен (4:7) қоспасын салып, пробирканы штатив ұстағышқа қиғаштап бекітіңдер. Қыздырыңдар.

7.Қантты қыздыру.
Пробиркаға қант ұнтағын (1 см3) салыңдар. Пробирканы штатив ұстағышқа бекітіңдер. Қыздырыңдар. Бірте-бірте қант балқиды, қараяды. Пробирка қабырғасында су тамшылары пайда болады.
8.Магнийдің жануы.
Магний лентасын спирт шамының жалынында ұстаңдар. Ал ұшқындардың пайда болғанын және жарқырап жанғанын байқаңдар (қағаз жолағына магний ұнтағын желімдеп, қысқышпен ұстаңдар).
9.Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе.
Таразы табақшасына екі ыдыс қойыңдар. Бұған араластырғанда тұнба беретін немесе түсін өзгертетін ерітінді құйыңдар. Таразы табақшасын теңестіріңдер. Сосын ерітіндіні бір ыдысқа құйыңдар да тарзының тепе-теңдігі бұзылмағандығын дәлелдеңдер.
Ауа. Жану.

  1. Фосфорды шынының астында жағу.

Шыныны тең 5 бөлікке бөліп, белгілеңдер. Шыныны кристаллизаторға қойып, бірінші бөлігіне дейін су құйыңдпр. Темір қасықшаға фосфор салып, оны жағып, шынының ішіне апарыңдар.Ақ түтін P2O5 ақ түтіні еріген кезде су шынының 1/5 бөлігіне көтерілгенін көреміз. Кристаллизаторға көтерілген бөлікке дейін су құйыңдар. Тығынды ашып, жанған шыраны апарыңдар. Ол сөніп қалады, себебі азот жануды қолдамайды.

  1. Ауаның жануды қолдануы.

А) Шыны пластинакаға екі кішкентай майшам қойыңдар. Майшамдарды жағып біреуіне аузы тегіс стакан төңкеріңдер. Стакан астындағы шыраның сөніп қалғанын бақылаңдар.
Б) Екі майшамды жағып, біреуіне үлкен, екіншісіне кішкентай стакан төңкеріңдер. Екі майшамның жану ұзақтығын бақылаңдар.

  1. Заттардың жануына температураның әсері.

Металл тигельге біраз скипидар құйып, оны шырпымен жағыңдар. Скипидар жанбайды. Тигельді қысқышпен ұстап, спиртовка жалынына қыздырыңдар. Оған жанған шыраны апарып, скипидар жанғанын бақылаңдар. Тигельді шайқап, оны 2/3 биіктігіне дейін су құйылған ыдысқа салыңдар. Жанудың азаюын және біраздан соң оның сөнуін бақылаңдар. Тәжірибені қайталаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет