I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ



бет5/88
Дата06.02.2022
өлшемі2,95 Mb.
#79266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ



    1. Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде

Химияны оқыту әдістемесі - мектептегі химия курсының мазмұны мен оны оқушылардың меңгеру заңдылығын зерттейтін педагогикалық ілім. Химияны оқыту әдістемесінің мәні химияны оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауда жатыр. Бұл процестің негізгі құраушылары: оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары, оқытушы мен оқушы әрекеті. Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны – осы пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және әдістеме тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Химияны оқыту әдістемесінің негізгі функциясы оқушылардың негізгі факті, түсінік, заңдылық пен теорияны мектептегі химия курсында меңгеріп, химиялық терминологияның ерекшелігіне сай қабылдауы үшін қолайлы жолдарды анықтау.


Педагогикалық тұрғыдан алғанда оқыту дегеніміз жас жеткіншектер бойында ұжымдық тәрбиені сіңіру.
Дидактика тұрғысынан, оқыту – білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беруде мұғалім қызметі мен оқушының танымдық әрекетінің бірлігі.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Дидактика принциптері мен заңдылықтарына, негізгі тұжырымдарына сүйене отырып химияны оқыту әдістемесі дамыту мен тәжірбие мәселесін шешіп, политехникалық, көп салалы білім беруге, кәсіби бағдарға, тереңдетілген білім беру мәселесіне, проблемалық білім беруге көп көңіл аударады.
Дидактикадан өзгешелігі химияны оқыту әдістемесінің химия ғылымы құрылымы мен мазмұны арқылы айқындалатын, оқу пәнінің ерекшелігіне орай және химияны мектепте оқыту мен таным процесінің ерекшелігіне сай, өзіне тән ерекше арнайы заңдылықтары бар. Осындай заңдылықтардың бірі негізгі химиялық теориялық білім негізін оқушылардың ғылыми ақпараттарды тез қабылдап, талдап, өңдеу қабілетінің жоғары болуына байланысты төменгі сыныптарда қалау болып табылады. «Периодтық заң мен периодтық жүйе», «Атом құрылысы», «Химиялық байланыс» тақырыптары 1960-1970 жылдары 9-сыныпта оқытылатын, ал қазір 8-сыныпта өтіледі.
Оқыту әрекетін дидактика зерттейтіні бізге мәлім, ал химияны оқыту әдістемесі оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.
Химияны оқыту әдістемесі орта мектепте, гимназия, лицейлер мен колледждерде химияның мақсаты мен міндеттерін анықтап, химия курсының мазмұнын таңдайды. Химия курсының мазмұны бағдарлама, оқулық, оқу құралдарында баяндалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет