I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет50/88
Дата06.02.2022
өлшемі2,95 Mb.
#79266
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
Химиялық ыдыс
Әр түрлі химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін жұқа қабырғалы және қалың қабырғалы шыны ыдыстар қолданылады. Жұқа шыныдан жасалған ыдыстар жоғары температураға төзімді болады. Қалың шыны ыдыстарды қыздыруға болмайды. Химиялық зертханада көбінде 2-суретте көрсетілген химиялық ыдыстар қолданылады: пробиркалар (1,а), Вюрц пробиркалары (1,б), стақандар 2, жайпақ табанды колбалар 3, дөңгелек табанды колбалар 4, Вюрц колбалары 5, конус тәрізді колбалар 6, суытуға арналған құты 7, кристаллизаторлар 8, воронкалар 9, эксикаторлар 10, бюкстер 11, аллонждар 12, хлоркалцийлі түтіктер 13, тройниктер 14, ауыспалы түтіктер 15, U – тәріздер түтіктер 16, дефлегматорлар 17, тоңазытқыштар 18, жуғыш склянкалар 19а, кептіргіш колонкалар 19б, сағат шынылары 20, реторталар 21, тамшылатқыш воронкалар 22.
Зертханалық тәжірибеде шыны ыдыстарды басқа кәрден ыдыстар (3-сурет) да қолданылады: табақшалар 1, стақандар 2, қақпағы бар тигельдер 3, Бюхнер воронкасы 4, келі – келсап 5, қалақшалар 6, үшбұрыштар 7.
Аз мөлшердегі заттармен жұмыс істеу үшін кішкене көлемді химиялық ыдыстар қолданылады: сыйымдылығы 25, 10 мл колбалар, стақандар – 20, 10, 5 мл және т.б.

10 - сурет Химиялық және кәрден ыдыстар


Өлшеуіш ыдыстар
Жалпы химияның зертханалық жұмыстарын орындағанда мынандай өлшеуіш ыдыстар қолданылады: колбалар, пипеткалар, бюреткалар, мензуркалар.
Өлшегіш колбалар (4-сурет) нақты концентрациялы ерітінділер әзірлеуде қолданылады. Өлшегіш колбалардың мойыны жіңішке, ұзын және мойынында белгісі болады. Бұл белгі сұйықтың белгілі температурадағы көлемін көрсететін шекарасы. Өлшегіш колбаның мойынын жіңішке істейтін себебі сұйықтықтың көлемінің аз өзгерісінің өзі менисканың ауытқуына әсер етеді. Өлшегіш колбалардың тығыны болады. Көбінесе сыйымдылығы 50, 100, 250, 500 және 1000 мл колбалар қолданылады.

11- сурет - Бюреткалар, өлшегіш цилиндр, мензурка

Пипеткалар сұйықтықтың белгілі бір көлемін өлшеп алуға арналған цилиндр тәрізді ұзынынан созылған ұшы жоғарғы және төменгі жағы ұшталған түтіктер ( 4-сурет). Пипеткалардың жоғарғы бөлігінде қай мөлшерге дейін толтыру керек екендігін көрсететін белгісі болады. Көбінесе 10 және 20 мл көлем алатын пипеткалар қолданылады. Сонымен қатар жіңішке түтік тәрізді өлшегіш пипеткалар болады.


Бюреткалар (5-сурет) белгілі мөлшердегі сұйықтарды құюға арналған. Олар шкалаға бөлінген ұзын түтіктерден тұрады. Жиі қолданылатыны 50 мл бюреткалар. Бюреткалардың төменгі жағында сұйықтықты ағызатын шүмегі болады. Егер бюретканың төменгі бөлігінде шүмегі болмаса, резина түтік кигізуге керек те, оған қысқыш орнатылады. Тек кигізілген резина түтік аяғына дейін ағызылатын сұйыққа толы болғанын қадағалау қажет.
Бөліктерге бөлінген өлшегіш цилиндр мен мензуркалар (5-сурет) (аса дәл емес өлшем үшін) сыйымдылығы 5, 10, 25, 50, 100, 150, 250, 500, 1000 және 2000 мл болуы мүмкін.
Зертханалық ыдыстарды жуу
Химиялық ыдыстар тәжірибе жасардың алдында мұқият жуылады. Алдымен ыдыстарды құбыр суымен жуып, өте лас болса, арнайы щеткамен жуылады. Өте кір ыдыстар хром қоспасымен химиялық жолмен жуылады.
Хром қоспасы әзірлеу үшін, 10г калий дихроматын 3-5 мл сумен шылап, араластыра отырып, 100 мл 96%-тік күкірт қышқылын қосады. Тұнған ерітіндіні қалың қабырғалы ыдысқа құйып тығынмен жабады. Кейде ыдыстарды сілтінің спирттегі ерітіндісімен жуады. Хром қоспасымен немесе сілтінің спирттегі ерітіндісімен жуғаннан кейін ыдысты құбыр сумен жуып, дистильденген сумен шайқайды.
Химиялық ыдыстардың ішін сүлгімен сүртуге болмайды, егер қажет болса арнайы кептіргіш шкафта кептіреді (6-сурет) (тек өлшегіш ыдыстарды еш уақытта қыздырып кептіруге болмайды).



12-сурет Ыдыс жуатын щетка мен кептіргіш шкаф




Зертханалық қыздырғыш аспаптар
Зертханада әртүрлі қыздырғыш аспаптар қолданылады: газ шамдары, электр плиталар, ауа моншасы, су моншасы, құм монша, кептіргіш шкаф, электропробирка қыздырғы, муфель пештері, спирт шамы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет