I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал



бет117/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org

20. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал 
A) Тайлы бие тайлақты түйедей.
B) Түйесі жоқ ауылға тайлақатан көрінер.
C) Сиырдын суті тілінде.
D) Есі кетксн ешкі жинар.
Е) Ат - биеден. аруана - түйеден.

1202 нұсқа 
1-
мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы

Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке


тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ
үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй
(3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ
орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат)
деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе
шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша,
күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жук жнналады, қонақтар
орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде он жақ) үй иссінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта
азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-
тұрман, киім ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
1. Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ шаңқан
B) Ақ ала орда
C) Алтын үздік
D)Ақорда
Е) Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын 
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын
B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Үй иесінің жататын орны
D) Қонақтар орналасатын орын
Е) Азық-түлік, ыдыс-аяқтұратын орын


104

2-
мәтін
Ұрпақ заманынан қозбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап
беретін. Бірде ол әкесінен:
- Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары баскан ізінен артқы аяқтарының басқан
ізі асын түседі? - деп сұрады Әкесі:
- Балам, ол солай. Алдыңгы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп
отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің,
демек, сенен де бір акылды адам шыгар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін
шыққан мүйіз озатынының да белгісі, - деді.
Бала:
- Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен.
Әкесі:
- Иә. балам. Мәселен, құлақтуа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды.
Кейін, үлкейе келе, біртіндеп все келе қүлактан да озып, ұзарып кетеді. Өзің карашы,
ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқболатын. Ал құлагы ше? Құлағы
бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыга бастады. Келер жылы мүйізі құлағының
әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен акылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы
аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ муйізінің туғанда бар
кұлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең,
сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпак заманынан озбаса қатарынан озбағаны
да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет