I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар



бет214/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org

3. 
Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар 
A. Жалғыз басты қарт адамдар
B. Күші мығым, кайратты жандар
C. Үйінде ер адамы жоқ кауқарсыз жандар
D. Үйінде кайратты адамы жоқ, балалы-шағалы әйелдер
E. Шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар
4. 
Асты сызылған сөзге балама бола алатын нұсқа 
A. Келісімге келу
B. Тіл табысу
C. Бірлесіп көмек беру
D. Жоспарлы көмек беру
E. Ақылы көмек беру
5. 
Берілген мақал-мәтелдердің кайсысы мәтіннің 1-бөлімінің мағынасын ашып түр? 
A. Барымен базар, жоқта кайдан табар?
B. Қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің.
C. Жаман бұзар, жақсы түзер.
D. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
E. Көп түкірсе - көл.
6. 
Мәтінде қозғалатын мәселе 
A. Қамқорлық
B. Жолдастық
C. Туысқандық
D. Аяушылық
E. Шыдамдылық

Ф.Достоевскийдің Шоқанға жазған хатынан. 
1... Досым, аяулы Шоқан, сізге жұмбақтап кеттім бе? Оны шешем деп әуре болмай-ақ қойыңыз.
Бірақ маған табыс тілеңіз! Бәлкім, таяу күндерде бәрін менің өзімнен-ақ біле жатарсыз.
Мүмкіндігінше бізге тезірек келіңіз. Ал сәуірде міндетті түрде жететін болыңыз! Баяғы беттен
қайтпаңыз! Сізді керемет көргім келелі. Сіз Омбыда көңілсіз деп жазыпсыз. Енді ше! Сіз
қызметімді не істесем екен деп кеңес сұрапсыз. Меніңше, істі доғармаңыз. Сізде материал көп:
дала туралы мақала жазыңыз. Оны бастырады. Есіңізде ме, біз ол туралы айтып едік қой! Ең
дұрысы, өзіңіздің бұрынғы далалық тұрмыс туралы жазбаларыңыздай дүниелер жазсаңыз
тамаша болар еді. Бұл әркімді елең еткізетін жаңалық болар еді.
2.
Сізге Омбыда да, Петерборда да жұрттың назары ауды. Сіздің қолыңыздағы материалдар
Географиялық қоғамды да қызықтырар еді. Егер алдағы жазда далада болуды ұйғарсаңыз, көп
күтіп қалуға тура келетін шығар. Алайда алдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Ресейге бір
жылдық демалысқа сұрансаңыз жөн болар еді. Бір жылдай сонда болсаңыз, не істеу керек
екенін біле түсер едіңіз. Бір жылға қаражат табылатын шығар. Шындығын айтқанда, ақшаның
көп қажеті де жоқ, Ең бастысы, қолға алатын іске байсалды көзқараспен қарай білу керек... Сіз
өзіңіздің еуропаша толыққанды білім алған түңғыш қазақ екеніңізді естен шығармаңыз. Оған
қосымша - тағдырыңыз сізге ерекше жан мен жүрек сыйлап, таңғажайып адам еткен. Кейін
шегінуге болмайды, табандылықпен алға ұмтылыңыз, тіпті керек болса, қулықа да барыңыз.
3.
Сізге Демчинский сәлем айтып жатыр. Бұл хатты соның үйіндегі әдеттегі өзіміздің шай
ішетін үстелде жазып отырмын. Қарсы алдымда Цуриков те сізге хат жазып отырмын.
Сау болыңыз, достым! Хатты жиі жазыңыз. Ал мен әрдайым жауап жолдайтын боламын.
Мүмкін, келесі бір жолдары өзімнің мақсаттарым туралы да жазып жіберермін.
Сізге С. ханым да сәлем айтады. Екеулеріңіздің Омбыдда қалай жүргендеріңізді әңгімелеп
берген маған. Ол сізді ұмытқысы келмейді және сіздің жағдайыңызды біліп тұрғысы келетін
сияқты.


180

14 желтоқсан, 1856 жыл. Семей.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет